Дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесідедей қорытынды шығаруға болады:
-
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда
(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
-
Теориялық көзқарастан инвестиция екі топқа бөлінеді:
-
тікелей (тура)
-
портфельді.
3. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:
- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;
- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;
- амортизацияның жоғары қарқыны;
- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;
- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.
Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.
4. Инвестицияның басым бөлігі тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, электроэнергия және су өндіру және бөлу, құрылысқа салынып отыр. Инвестициялық климатты жақсартуда республиканың банктік жүйесіннің рейтингін жоғарылату оң жағдай тудырды. Қазақстанның бәсеке қабілеті жоғары және банктік тәуекелі аз ірі банктері ат салысуда. Олар: “Казкоммерцбанк”, “ТұранӘлемБанкі”, “БанкЦентрКредит” және т.б.
Қазақстан экономикасының нақты секторын мемлекеттік қолдау болашақта мемлекеттік инвестициялық ресурстардың ұтымды бөлінуіне байланысты тұрақты кеңиді.
Қазіргі кезде инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу барысында келесі негізгі қиыншылықтар байқалады:
- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;
- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;
- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы;
- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;
- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.
Осы қиыншылықтарды шешу жолдары болып келесілерді келтіруге болады:
-
Елдегі еркін экономикалық аймақтар санын ұлғайтып,
инвесторларды қолдауды одан әрі жалғастыру;
-
Заңдық базаны тұрақтандыру, олардың орындалуын бақылау;
-
Мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе салық инспекторлары, құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің өз ісіне тиянақты, адал болуын қадағалау. Жоғары квалификациялы және компетентті мамандар дайындау.
-
Инфрақұрылымды шетел фирмалары қажеттіліктеріне
сәйкестендіру. Оларға тек қаржы көзі деп қарамай, басшыларының тәжірибесін, менеджерге тән біліктілігін отандық инвесторларының үйренуін алға қою қажет;
-
Ақпараттық-таныстыру шараларын өткізумен қатар, ірі
инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыратын трансұлттық компанияларымен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет;
-
Қаржылардың әділетті бөлінуі мен тағайындалу нүктесіне тұтастай
жетуін мұқият қадағалау.
Тізімделген шаралар уақытында, толығымен орындалуы экономикамыздың қарқынды дамуына әкелетіні анық және оған толық мүмкіндік бар. Еліміз жер асты, жер үсті байлығына өте бай. Шикізаттық сектормен қатар экономикамыздың ақсап тұрған салаларын дамыту арқылы қуатты серпіндер болатынына толық негіз бар.
.
-
“Инвестициялар туралы” Қазақстан Респуликасы Заңы 2003 ж. 8 қаңтар.
-
Шетел инвестициярлары туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1994 жылы 27 желтоқсан № 226.
-
Мыльник Д.Г. Инновационный менеджмент - М.:2001
-
Қазақстан Респуликасы Конституциясы. Алматы, 1998 ж.
-
Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995 ж.
-
“Қазақстан-2030” Стратегиясы. Алматы, 1997 ж.
-
Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1997 жылы 28 ақпан.
-
Экономиканың басым салаларында инвестициялық іс-әрекетін жүзеге асырушы инвесторлармен елісімшартқа отыру барысында жеңілдіктер мен преференциялар беру процедураларын жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы Инвестиция жөніндегі Агенттігі төрағасының бұйрығы. 2000 ж. 14 сәуір.
-
Индустрия және сауда министрлігінің, инвестиция жөніндегі комитетінің статистикалық және аналитикалық мәліметтері.
-
Инвестицияны тиімді бағалау. / Саясат.-2003 -№ 10.
-
Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация. // МЭ и МО-2003-№2 б.42-47.
-
Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері // Ақиқат.-2000-№4-72-75 б.
-
Доронина А.Г. Регулирование иностранных инвестиций. // проблемы международного частного права. – М:2000
-
Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-№1 б. 161-166.
-
Инвестиционная активность как главный индикатор // Евразийское сообщество -2004-№1-б 1033-108.
-
Караваев В. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу // Проблема теории и практики управления.-2002-№2
-
Инвесторлар мүддесі мен мемлекет мүддесінің оңтайлы арақатынасы // Егемен Қазақстан.-2000 ж. 9 желтоқсан.
-
Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента - Алматы: Ғылым, 1999-264 б.
-
Каренов Р.С. Производственный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1996-232 б.
-
Каренов Р.С. Инновационный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1997-184 б.
-
Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики – Алматы: Ғылым, 1998 ж.
-
Золотогоров В.Т. Инвестирование проектов. Оқу құралы, 1999-289 б.
-
Мертенс А.В. Инвестиции. Дәрістер курсы, 1997. М – 184 б.
-
Муниципальный менеджмент. ЖОО оқу құралы / Т.Г. Морозова, М.П. Победина, Г.Б. Поляк және Профессор Т.Г. Морозова басшылығымен – М:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997-263 б.
-
Аврамов А.Е Основы анализа финансовой, хозяйственной и инвестиционной деятельности предприятия, М: АКДИ «Экономика и жизнь», 1994-194 б.
-
Беренс В., Ховранек П. Руководство по оценке эффективности инвестиций. М: АОЗТ «Интерэксперт»- инфра-М. 1995.
-
Газеев М.Х., Смирнов А.П., Хрычев А.Н. Показатели эффективности инвестиций в условиях рынка. М: ВНИИОЖНГ, 1993-248 б.
-
Оспанов М.Т., Мухамбетов Г.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы, теории, практики привлечения и использования. – Алматы: 1997-293 б.
-
Инвестиционные возможности Казахстана Dostar Capital Markets, 1997
-
К.Янковский, И. Мухарь Организация инвестиционной деятельности – Санкт-Петербург: Москва-Харьков-Минск, 2001-448 б.
Достарыңызбен бөлісу: |