1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


Египеттегі 1952 ж. революцияның сипаты және Г.А.Насердің билікке келуі



бет19/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

18. Египеттегі 1952 ж. революцияның сипаты және Г.А.Насердің билікке келуі.

Азаттық қозғалысы жеңіліске ұшырағаннан кейін Египет серді өткір әлеуметтік шиеленіс пен жоғары топтар арасындағы дағдарыстар жағдайында өмір сүріп жатты. Осындай күрделі әлеуметтік жағдайдың шисленісуі салдарынан вафдтык үкімет биліктен кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін Египет- дарын те бірнеше кабинет ауысты, 1952 жылдың 22 шілдесінен 23 қараған түні «Ерікті офицерлер» деп аталатын құпия ұйым Каирдағы билікті басып алды. Өзінің формасы жағынан армияның бұл бас көтеруі жоғарыдағылардың мемлекеттік төңке- picі іспеттес болды. Бірақ оқиғалардың ары қарай дамуы, бұл төңкерістің елдегі азаттық қозғалыстың ұзаққа созылған тарихи кезеңінің аяқталуын және Египеттің тәуелсіз дамуының бастамасы болған антиимпериалистік, антифеодалдық революция екендігін көрсетіп берді. Биліктегі күштердің орнына орта жіктер мен үлттық буржуазияның прогресшіл қанатымен одақтасқан патриоттық, ұсақ буржуазиялық интеллигенцияның өкілдері келді. Король Фарук тақтан бас тартқан соң елдегі билік Революцияшыл қолбасшылық кеңесінің (РҚК) қолына өтті. Бұл Кеңестің басында офицерлер ұйымының мушелері болып табылатын генерал Мұхаммед Нагиб пен подполковник Гамаль Абд ан-Насер тұрды. Ендігі жерде Египет республика деп жарияланды. Жас офицерлердің елді басқаруда тәжірибесі болған жоқ. Бұдан өзге олардың айқын белгіленген саяси бағдарламасы болмады. Бірақ олардың барлығы туған отаны Егпеттін апатты жағдайына британдық империализм мен мүдделерін монархия корғап келген ірі жериеленушілер мен буржуазияның құдіреттілігі кінәлі деген нык сенімде болды. Революциядан кейінгі алғашқы апталарда саяси полицияны жою, мемлекеттік басқару аппаратын сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған элементтерден тазарту, түрік үстемдігі кезінен сақталынып келе жатқан «паша», «бей» сияқты титулдарды қысқарту туралы заңдар қабылданды. Осы заңдардың арасында мейлінше маңыздысы 1952 жылдың 9 қыркүйегінде қабылданған «Аграр- лык лық реформа туралы» Заң болды. Бұл бүкіл Араб Шығыстық әлемде феодалдық кертартпа қалдықтардың сарқыншақтары жойылуының бастамасы саналған реформа болды. Реформаға сәйкес жер иеленудің максимальды көлемі 200 феддан (феддан = 0,42 га) деп белгіленді. Сонымен қатар заңда жалға алу төлемін айтарлықтай азайту, ауылдық жерлерде жалақыны ретке келтіру, кооперативтер құру шаралары да қарастырылды.


Жаңа үкіметтің осындай жаңашыл әрі прогресшіл шаралары монархиялық тәртіптік құрылыс кезінде барлық артықшылықтар мен жеңілдіктерді иемденіп келген ірі буржуазияның наразылығын тудырды. Елде контрреволюцияның ошақтары пайда бола бастады. Оларға сауаты аз немесе сауаты мүлдем жоқ шаруалар мен жұмысшылар қосыла бастады. Ел бірлігі іргесінің шайқалу қаупі төнді. Контрреволюциялық қауіпті жою және елдің бірлігін сақтау мақсатында жаңа үкімет 1953 жылдың 17 қантарында Египеттегі барлық саяси партияларды таратып, олардын мүліктерін тәркіледі. Олардың орнына жана режимнің таянышы болуға тиісті болған бірден-бір ресмн бірлестік - Азат сту ұйымы күрылды, Осы жылдары Египет үкіметі елдің сырткы саясатында манызды мәселелердің бірі болып келген Суданға қатысты моселенің шешілуіне кол жеткізді, 1952 жылдың 12 акпанында Канр- де Суданга өзін-өзі билеу кұқығын берген ағылшын-египет келісіміне кол қойылды. Елдін ішкі және сыртқы саясатындағы бірқатар табыстарға қарамастан Египет үкіметінің қатарында жіктелу үдерісі басталды. Жаңа режим жетекшілері арасындағы бұндай алауыздық 1953 жылдың орта шенінде күшейе түсті. Ақырында талас-тар- тыс Гамаль Абдан-Насердің билікке келуімен аяқталды. Насер 1954 жылдан бастап РҚК-ті басқарды, 1956 жылы Египет президенті ретінде сайланды.
Гамаль Абдан-Насердің сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктерінің бірі 1954 жылдың 19 қазанында қол қойылған «жиырма ай ішінде ағылшын әскерлерін Египет территориясынан шығару» туралы ағылшын-египет келісімі болды. Осы
келісімге сай ағылшын әскерлері 1956 жылдың 13 маусымында Египеттен толығымен шығарылды. Бұл 74 жылға созылған Египетті ағылшындық оккупациялау тарихының аяқталғандығын білдірді. Насер үкіметінің сыртқы саясатта жасаған айтарлықтай маңызды батыл қадамы - 1956 жылы Суэц каналын мемлекет меншігіне өткізуі болды. Насер үкіметінің сыртқы саясаттағы батыл қадамдары Еуропа мен АҚШ-ты қатты алаңдатты. Оның үстіне Насер біртіндеп КСРО-мен қатынастарды жандандыра түсті. Египетті КСРО ықпалынан ажыратып алу үшін Батыс Еуропа елдері мен АҚШ бұл елді өздерінің әскери-саяси және экономикалық ке- ністігіне интеграциялауға әрекеттенді. Алайда, АҚШ пен оның одақтастарының Египетті әр түрлі қорғаныстық ұйымдарға тарту әрекеті сәтсіздіктерге ұшырады. Бұндай сәтсіздік 1953 жылдың ақпанында АҚШ пен Египет арасында «техникалық көмек» туралы келісімге қарамастан жалғаса берді. Оның үстіне Египет 1955 жылы кол қойылған Бағдад пактісін «арабтардың мүдделеріне жасалған сатқындық» деп бағалады. Египет Сириямен бірлесе отырып, барлық араб мемлекеттерін агрессияшыл пактіге қосылмауға шақырды және осы мақсатта үлкен науқанды бастады. Египет бұл науқанның басшысы болды.
Сыртқы саясаттағы батыл шаралардың арқасында Египеттің сыртқы саясатында батыстың бастамасымен құрылған әскери пактілерге қосылмау бағдарламасы айқын біліне бастады, 1955 жылдың 18-24 сәуірі аралығында өткен Бандунг конференциясына қатысушылардың басым бөлігі антиимпериалистік көзқарасты ұстанып, бейбіт катар өмір сүру қағидаттарын қызу қолдаған соң, Гамаль Абд ан- Насер позитивті бейтараптық блоктың көшбасшысына айналды. Д.Эйзенхауэр әкімшілігі Мемлекеттік хатшысы Д.Ф. Даллес бейтараптықты «аморальды» құбылыс деп есептеп, Египеттің АҚШ-тан қару-жарақ сатып алу туралы өтінішін аяқсыз қалдырды. Египет ол кезде Израильмен шекаралық аймақтарында шиеленіскен жағдайға байланысты қару-жараққа өте зәру болды. АҚШ тарапынан беті қайткан Египет ендігі жерде КСРО-дан көмек сұрауға мәжбүр болды. 1955 жылдың қыркүйегінде Египетке КСРО, Чехословакия және Польшадан қару-жарақ жіберу туралы келісімге қол қойылды.
Социалистік лагерь елдері тарапынан Египеттің қолдау табуы, араб мемлеке- тері басшылығының арасында бір-біріне жақындасу үдерісін жылдамдатты. Атап
айтқанда, 1955 жылдың 20 қазанында Египет пен Сирия, 27 қазанында Египет ет пен Сауд Арабиясы арасында екі тарапты қорғаныс шарттарына қол қойылды. ы. 1956 жылдың 23 маусымында өткен плебисцит нәтижесінде Египет Республикасының Конституциясы қабылданып, оның президенті ретінде Насер сайланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет