17. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы оккупациялық тәртіп. ХХ ғ. 50-60 жж. Жапонияның экономикалық өрлеуі.
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенін мойындауға мәжбүр болған Жапот Потсдам конференциясының шешімдерін қабылдады. Потсдам конференциясы ның шешімі бойынша Жапонияны одақтастар атынан АҚШ оккупациялады. О О сәттен бастап 1952 жылғы Сан-Франциско бейбіт шартына қол қойылғанға йін Жапониядағы жоғарғы билік АҚШ-тың, оккупациялық әкімшіліктің басшы сы генерал Макартурдың қолына көшті. Тек 1945 жылдың аяғына таман 11 елдін өкілдерінен тұратын Қиыр Шығыс комиссиясы және КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдерінен тұратын Одақтық Кеңес құрылды.
КСРО мен АҚШ арасында Жапонияның соғыстан кейінгі құрылысы жөнінде қайшылықтар өткір болды. Америка Құрама Штаттары, КСРО мен басқа да мүдделі елдердің, оның ішінде революция жеңісінің нәтижесінде 1949 жылдың 1 қазанында құрылған Қытай Халық Республикасының қатысуынсыз сепараттық бітім шартын дайындауға кірісті. 1951 жылдың қыркүйегінде Сан-Францискода Жапониямен бітім шартын жасау жөніндегі конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар КСРО делегациясы мен өзге мемлекет өкілдерінің енгізген түзетулері мен толықтыруларына құлақ аспады. КСРО территориялық реттеу мәселелері туралы накты тұжырымдаулардың жасалуын, Жапониядан шетел әскерлерін шығару жөніндегі баптың қабылдануын, Жапонияға әскери-саяси одақтарға мүше болуға тыйым салуды талап етті. КСРО делегациясы мен конференцияға қатысушы басқа да мемлекет өкілдерінің осы жолғы түзетулері мен толықтырулары тағы да ескерілмей қалды. Бұған наразылық ретінде КСРО, Польша және Чехославакия шартқа косылудан бас тартты. КСРО мен Жапония арасында бітім туралы шарт жасау мәселесі КСРО ыдырағанға дейін өз шешімін тапқан жок.
АҚШ - елді басқарудағы ең маңызды деген мемлекеттік функцияларды қолына шоғырландырды. Атап айтқанда, қаржылық мәселелерге, мемлекеттік бюджетке, сыртқы саудаға, соттар мен полицейлік аппаратқа бақылау орнатты, парламенттің заң шығару билігін шектеді. Жапон үкіметі басқа елдермен байланыстар орна- тукұқығынан айырылды. Сыртқы саясаттың барлық функциялары оккупациялық биліктің құзырында болды.
1945 жылдың қыркүйегінде жапон армиясы мен жазалаушы органдары, ұлтшылдық ұйымдары таратылды. Сонан соң, жұмысшыларға кәсіподақтар кұру құқығы берілді, білім беру жүйесі демократияландырылды, абсолютизм жойылды, әйелдер мен ерлердің құқығы теңестірілді, экономика демократияландырылды. Дзайбацулер (өндіріс-қаржы концерндер) таратылды, жер реформасы жүзеге асырылды, помещиктік жер иелену жойылды. Синто діні мемлекеттен бөлінді. рыл 1946 жылдың 3 қарашасында конституция қабылданды. Конституция абсолют- монархияны жойып, іс жүзінде императорды саяси биліктен аластатты, император тек «ұлт бірлігінің символы ретінде» жарияланды. Халықтың суверенді билігі жария стілді. Жапония «соғыстан ұлттың суверенді құқығы ретінде», халықаралық даулы мәселелерді шешуде қауіп тудыру немесе күш қолданудан бас тартты. Жаңа конституция бойынша ерлермен қатар әйелдер де азамат ретінде танылды. Жалпыға бірдей сайлау құқығы берілді, патриархалды отбасы жүйесі жойылды, азаматтық құқықтар жарияланды. 1947 жылдан кейін әсіресе, Кореядағы соғыстан соң (1950) американдар елде «кері бағыт» деген саясатты жүзеге асыра бастады. «Кері бағыт» үш мақсатты: оппозициялық, ең алдымен кәсіподақ пен коммунистік қозғалысты басып-жаныштауды; дзайбацуларды таратуға қатысты саясатты қайта қарауды; Жапонияны қаруландыруды көздеді.
1949 жылға дейін Жапонияның экономикасын қайтадан қалпына келтіру негізінен ірі монополияларға үкімет тарапынан бөлінген субсидиялар және американдық көмек арқылы жүзеге асырылып келді. Бірақ, бұл шаралар тек уақытша сипатқа ие болды. 1948 жылдың қарашасында АҚШ үкіметі оккупациялық әскерлер штабына елдегі жағдайды тұрақтандыру жоспарын енгізу туралы үзілді- кесілді нұсқау берді. Бұл жоспар тоғыз пункттен тұрды. Жоспардағы пункттер- сәйкес жапон үкіметі: 1) мемлекеттік бюджетті баланстауға; 2) салық көлемін ге сә ұнғайтуға; 3) субсидиялар беруді қатаң шектеуге; 4) жалақыны тұрақтандыруға;
5) бағаның тұрақтануын бақылауға алуға; 6) сыртқы сауда мен шетелдік валютаға катаң бақылау орнатуға; 7) экспорттық өндіріске қажетті материалдармен жабдықтау жүйесін жақсартуға; 8) импортты шектеу үшін жергілікті шикізат пен тауар өндірісін ұлғайтуға; 9) азық-түлікпен жабдықтау жүйесін жетілдіруге міндетті болды. 1949 жылдың мамырында Жапониядан репарациялар алу жоспарынан бас тартқан АҚШ, монополияларға қарсы заңды қайта қарап, өндіріс пен капиталдың шо шоғырла- нуына жағдай жасап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |