XХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Жапонияның экономикалық өрлеуі. Сан-Францискода өткен бейбіт конференцияда АҚШ пен Ұлыбританияны басқарушы топтар Жапониямен бейбіт келісім-шартқа қол қою процедурасын жүзеге асырды. Сонымен бір мезетте «Қауіпсіздік шартына» қол қойылды. Аталмыш шартқа сәйкес, АҚШ өз әскерлерін «бейбіт шарт» жасалғаннан кейін Жапония территориясында ұстауға құқық алды. Жапония тәуелсіздігін қайта беру елдің дамуында жаңа кезеңнің басталғандығын білдірді. Мицуи, Мицубуси сияқты аты әлемге әйгілі қаржы-өндірістік топтар қайтадан жандандырылды. Бұл топтар өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын өзгерте отырып, Жапонияның бүкіл экономикасына бақылау орнатуға тырысты. Осы кезеңнен бастап, ұзақ жылдар бойы біріккен консерваторлар лагерін бас- карып келген - ЛДП (Либералды демократиялық партия Демократиялық және Либералдық партиялардың бірігуі негізінде құрылған) Жапонияның саяси өмірінде билікке келді, ЛДП Жапониядағы бірқатар прогрессивті партияларға, ең алдымен, Жапонияның социалистік партиясына (ЖСП) қарсы күш ретінде қалыптасып, осы кезге дейін елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуында шешуші рөл атқарып келеді, 19. 1955 жылы премьер-министр Хатояма өзінің үшінші кабиниетін құрды. Хатояма үкіметіне консерваторлар лагеріндегі ауызбірлік, ел ел экономикасындағы дағдарыстан сәтті шығу, халықаралық сахнадағы оң өзгерістер АҚШ-тан біршама тәуелсіз дербес саясат жүргізуге мүмкіндік берді. АҚШ-ты тың тікелей қарсылығына қарамастан, Жапония, КСРО-мен күрделі сипаттағы келіссөздер жүргізді. 1956 жылдың қазанында КСРО мен Жапония арасында бейбітшілікті қалпына келтірген «КСРО мен Жапонияның Бірлескен декларациясына» қол қойылды. КСРО өз уәдесін орындай отырып, Жапонияның БҰҮ-на мүше болу өтінішін қолдады. 1956 жылдың қарашасында Жапония БҰҰ-на мүше болды.
Бірлескен декларацияға Жапонияның КСРО-ға қатысты территориялық мақсаттарын айқындайтын пункт енгізілді. Оңтүстік Куриль аралдарына қатысты өзінің иеліктік құқығын сақтай отырып, Кеңестер Одағы бейбіт шартқа қол қойған соң, Жапонияға екі аралды берді. АҚШ-тың Азиядағы әскери-саяси бағытына Жапонияның қосылуынан кейін, КСРО үкіметі өзінің уәдесінен бас тартты. 1953 1954 жылдардағы дағдарысты жағдайдан соң, Жапонияда «Дзимму гүлденуі» деген атпен белгілі экономикалық өрлеу байқалды. Бұл өрлеу 1957 жылға дейін жалғасты. Бұл жылдары Жапонияның экономикалық өрлеуінің басты факторы капиталдың жаппай жаңартылуы болды. Ел экономикасының шапшаң дамуының маңызды себебінің бірі -кәсібилігі жоғары, АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда жалақысы айтарлықтай төмен жұмыс күшінің болуында еді. Өндірістің өсуіне жер реформасы мен еңбек табысының артуы, ішкі нарықтың ұлғаюы әсер етті. Жапон экономикасы өсуінің сипатты белгісінің бірі ретінде шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктердің елдің өндірісіне табысты енгізілуін айтуға болады. Нәтижесінде Жапония жаңа заманауи техниканы импорттаушы болып қана коймай, технологияларға патенттер мен лицензияларды кең көлемде сатып ала бастады. Бұндай шаралар Жапонияға ғылыми-техникалық зерттеулерге жұмсалатын уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді.
1960 жылдан бастап Жапонияның экономикалық куаты арта түсті, 1970 жылдан бастап капиталистік әлемде АҚШ-тан соң екінші орынды иемденді. Көрнекті консервативті саясаткерлер қатарына жататын Икэда Хаято басқарған жаңа кабинет икемді ішкі саяси бағыт және қарсы тұрған күштер арасында әр түрлі диалогтар жүргізу арқылы таптық қақтығыстарды бәсеңдетуге ұмтылды. Қоғамның ішкі саяси ахуалын тұрақтандыруға бағытталған жаңа кабинеттің тактикасы «иліккен қалыпта жүргізілген саясат» (тэй-си-сэй) деген атқа ие болды. 1964 жылдың күзінде премьер-министр Икэда науқасына байланысты және ЛДП ішінде ұзаққа созылған күрестен кейін қызметінен кетті. ЛДП көшбасшысының рөлі Жапонияның іскер және қаржы топтарының қолдауына ие болған Сато Эйсакуге өтті. Сато кабинеті Жапонияны қайта қаруландыруға қажетті қолайлы жағдайлар қалыптастыратын және еңбекшілердің әлеуметтік, саяси құқықтарын шектейтін өзгерістерді енгізу үшін конституцияны қайта қарау туралы ұсыныстар қажет екендігін дәлелдеуге талпынды.
Достарыңызбен бөлісу: |