20. Соғыстан кейінгі жылдардағы Иран мұнайы үшін күрес. 1978-1979 жж. Ирандағы ислам революциясы.
. 1946 жылдың 26 қаңтарында Ирандағы билік басына Кавам-эс-Салтан келді. Тегеран ішкі және сыртқы саяси мәсслелерді шешудің жаңа тактикасына көшті. 1946 жылдың ың жазында одақтастар әскері Ираннан шығарылып, елде демократиялық күштерге қарсы шабуыл басталды. 1946 жылдың 10 желтоқсанында Ирандық Әзірбайжанға, сонан кейін Ирандық Күрдстанға үкімет әскер енгізді. Әскер демократиялық қозғалысқа қатысушыларды қуғындауға кірісті. Осыдан кейін Ирандағы солшыл ұйымдар жазалауға ұшырады. Жазалау шараларына Ирандағы американдық кенесшілер астыртын түрде қатысты. 1947 жылы жаңа мәжіліс ағылшын-иран мү- най компаниясының (АИМК) қызметі туралы мәселе көтерді. Бұл компанияның қызметіне АҚШ-қа бағыт алған топ тарапынан наразылық біліне бастады. Иран нын бұл компания өндірген мұнайдағы үлесі 1947 жылы 9% аспайтын. Англия Иранға қарағанда әлдекайда көп пайда тапты.
Ирандағы американдык ыкпалдың күшейс түсуінен мазасызданған АИМК жетекшілігі Кавамені биліктен тайдырды. Каваме тактан тайдырылғаннан кейін орын алған үкіметтік алмасулар слдегі ағылшын-американдык бәсекелестігінің салдары сді. 1949 жылдын акпанында Иран шахына қастандық жасалынды. Осы окиғадан кейін елде төтенше жағдай снгізілді. Иран үкіметінін мүнай саласын үлттандыру үшін күресі өзінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Бұл күресті ықпалды күшке айналған ирандық кәсіпкерлер, интеллигенция, саудагерлер мен қолонер- ер- шілер, ислам дінінің шииттік ағымының беделді кайраткерлері колдады. Бұл күштерден құралған блок 1949 жылы «Үлттык майдан» (ҮM) ұйымын рәсімдеді. ҮM- ды белгілі саясаткер доктор Моҳаммед Моссадык (1879-1969) баскарды. Ол бұған дейін шах кұқығының ұлғаюына қарсы шығып, «пассивті тепе-теңдік» деп аталатын Иранның тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу бағытын ұстанған еді. 1951 жылы 15 наурызда мәжіліс, 20 наурызда сенат ұлттық мұнай өнеркәсібін ұлттандыруды жақтап дауыс берді. Сол жылдың сәуірінде парламент «Мұнай өнеркәсібін ұлт- тандыру тәртібі туралы Заң» кабылдап, бұл жұмысты 1951 жылдың 29 сәуірінде кұрылған Моссадык үкімстіне жүктеді.
ҰМ мен шах сарайы арасындағы теке-тірес 1952 жылдың шілдесінде Мосса- дықты елдің премьер-министрі қызметінен тайдыру әрекетіне алып келді. Шах сарайының бұл әрекеті халық бұкарасының наразылығын тудырды, Тегерандағы жалпы халықтық көтеріліске алып келді. Көтерілісшілердің козғалысын танктер де тоқтата алмады. Елде азамат соғысының басталып кетуінен сескенген шах 1952 жылдың 22 шілдесінде Моссадықты премьер-министр қызметіне қайта отырғызып, оған косымша әскери министр лауазымын беруге мәжбүр болды. Шілде окиғаларынан кейін Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне қатты аландаған АҚШ өз позициясын қайта қарап, Иранға қатысты келісілген саясат жүргізуге мәжбүр болды. 1953 жылдың 19 тамызында Иранның ішкі және сыртқы кертартпа күштері АҚШ-тың ОББ (ЦРУ) тікелей қатысуымен елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды. Мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Моссадық үкіметі биліктен тайдырылды. Осыдан соң елде әскери-полицейлік тәртіп орнатылды және жазалау шаралары антиимпериалистік қозғалыска қатысқандарға бағытталып қоймай, барлық оппозициялык топтар мен бірлестіктерге де карсы бағытталды. Елдегі барлық саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Елдегі саяси биліктің басына АҚШ пен Англияның колшоқпары Мохаммед Реза Пехлеви келді.
Достарыңызбен бөлісу: |