1. Жалпы мәлімет



бет18/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

ІІІ-ДӘРІС: Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. Тіл және сөйлеу. Тілдің атауыштық пен вербальдық қарым-қатынасы және анықтамасы. Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі. Тіл үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады. Тілдік қатынас - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар екеуі де жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да – әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік еденицалар объективті дүниенің заттарымен құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. Ойлау мен тіл бір-бірімен өз ара тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Ойлау мидың материалдық физиологиялық процестерімен көмегімен іске асады. Осымен байланысты диалектикалық материализм тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау өздерінің шығуы жағынан да, өмір сүруі жағынан да бір-бірінен бөлінбейді деп тұжырымдайды. Диалектикалық материализмнің ойлау мен тілдің өз ара тығыз байланыстылығы туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыққа алатын бірден-бір дұрыс қағида. Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Ойлауды екі түрлі аспектіде қарауға болады: зерттеушілер ойлауды сөз еткенді, біріншіден, оны ұғым, байымдау формаларында болатын абстракті мазмұн, абстракті процестер түрінде қарайды да, екіншіден, қабылдау мен елестердің образы түрінде болатын сезім-образдардың мазмұны ретінде қарайды. Кейбір мамандар ойлаудың осы аталған екі түрлі жағының тілге қатысы бірдей деп есептейді. Олардың пікірінше, тіл қабылдау мен елестің образдарымен тікелей байланыста болады, сөз ұғыды ғана білдірмейді, сонымен бірге елесті де білдіреді, ойлау мен тілдің тарихында ойлаудың тек қабылдау мен елестің образы түрінде өмір сүрген дәуірі болды, тіл тек соларды ғана білдірген. Бұл көзқарас әсіресе Леби-Брюльдің «Алғашқы ойлау» ((Первобытное мышление») деген кітабында және И. Я. Маррдың еңбектерінде айтылады. Сонымен, еңбектің пайда болуымен байланысты ойлау да пайда болады және ол ойлау жалпылаушы және абстракті сипатта болады. Түйсіктер, сондай-ақ қабылдау мен елестердің образдары дүниедегі заттардың, құбылыстардың және олардың сапа, қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Адамның ойы тіл арқылы тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енді. Ойлаудың туып жасалуында тілдің рөлі айрықша зор. Ойлау мен тілдің диалектикалық байланысы тілдің танып білуде (познание) атқаратын үлкен ролін де айқындап белгілейді. Тіл біздің ойымызды жасап қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге ол (тіл) адамдардың білу жұмыстарының табыстарын баянды етуге, адамдардың сан ғасыр бойындағы мол тәжірибесін сақтауға және оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі категориялар мен ойлау категорияларының өз ара байланысы, арақатысы ескеріледі. Мысалы, тілдегі сөз логикалық категория – ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады. Тіл арқылы адам ойлайды, тіл шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен өз ара қатынасының адам санасындағы бейнелері болып саналатын ойлау формаларын белгілейтін материадық құрал ретінде қызмет атқарады. Сөз бен ұғым бірлікте, өз ара байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен беген түсінік тумауға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Бірнеше мағынаны білдіретін бір сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, байымдауды да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ өз ара байланысты екендігін көрсетеді. Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі – байымдаудың сөйлем мен байланысынан да көруге болады. Бұл ретте, өзімен-өзі ойлану процесі жайында И. М. Сеченовтың жүргізген тәжірибесі өте-мөте маңызды. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жартысында Вильгельм Фон Гумбольдт тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы туралы проблеманы қарастыра келіп, тіл мен ойлау бірдей, екеуі тепе-тең деген қате қорытынды жасаған болатын. Гумбольдтан кейінде бұл «теория» жақтаушылар болды. Олар белгілі бір тілдегі грамматикалық ерекшеліктер сол тілде сөйлеушілердің ойлауының ерекшелігіне байланысты, әртүрлі системалық тілдердің болуы әртүрлі ойлаудың нәтижесі деп есептеді. Тіл мен ойлау туралы Гумбольдтың қате көзқарасы француз ғалымы Леви-Брюль де жақтады. Н.Г.Чернышевский Гумбольдтың қате теориясын сынай келіп, былай деп жазды: «Тілдегі айырмашылыққа өте жиі теориялық мән беріп жүр, грамматикалық ерекшеліктер арқылы халықтың ойлау қасиеттерінің ерекшеліктерін айқындауға болатын сияқты деп түсінеді». Осы құбылысты желеу етіп, американың кейбір лингвистері (Боас, Л.Блумфилд, З. Харис т. б.) тіл мен ойлауды бір-бірінен бөліп тастап, олардың арасында байланыс жоқ деген қате қорытындыға келді. Тіл мен ойлауды теп-тең деп қарайтын «теория» қаншалықты қате болса, тіл мен ойлаудың өз ара байланысы жоқ деп қарайтын «теория» да соншалықты қате. Н.Я. Марр тіл мен ойлаудың өз ара қарым-қатымы туралы мәселені шешуге тырысқанмен, оны дұрыс шеше алмады. Н.Я.Марр тілдердің морфологиялық типтерінің негізінде тілдер мен ойлаудың дамуының үш түрлі сатысы (аморфты, агглютинативті, флективті) бар; тілдер мен ойлаудың аморфты түрі ең алғашқы түрі де, флективті түрі ең дамыған түрі деген мүлдем қате қорытынды жасады.
Қазақта тіл деген сөздің екі анықтамасы бар: оның бірі – анатомиялық атау, екіншісі – сөйлеу, дыбыстау тілі деген мағынада. Тіл білімінде бұл сөз соңғы мағынада қолданылады. Тілдің материялдық жағы мен ұғымдық жақтарының ара қатынастары жөнінде де бірауыздық жоқ. Тілге берілген анықтамаларды үш мәселенің айналасында топтауға болады. Біріншісі – тілдің экспрессивті қызметі негізгі критерий етіп берілген анықтамалар. Бұл анықтамалар бойынша тіл - ойды туғызатын орган, тіл ойдың формасы. Екіншісі - тілдің коммуникативті қызметін негізгі критерий етіп берілген анықтамалар. Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативті деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивті деп аталады. Тілге оның сипатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалар ішінде жиі айтылып жүрген түрі – тілді таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе деп санайтын көзқарас. Шынында да тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда, таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе. Осы айтылған жүйе екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда, тіл-коммуникативтік, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи қалыптасқан жүйесі. Жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты: біреу сөйлейді, екінші біреу тыңдайды, сөйтіп өзара ұғынысады. Сөйлеудің мұндай жеңіл көрінуі - оның әдетке, дағдыға айналғандығынан. Ал егер тереңірек ойлап қарасақ, сөйлеу актісі дегеніміз өте күрделі құбылыс екенін байқаймыз. Психологтар тілімен айтқанда, сөйлеу дегеніміз - әрекет, ал әрекет дегеніміз – белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытының, мақсатының бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. Сөйлеу адам әрекеттерінің бір түрі болғандықтан,оның анықтамасы да жалпы әрекетке берілген осы анықтамаға ұқсас. Сөйлеу әрекеті сөйлеу органдарының артикуляциялары арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі. Сөйлеу әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну сияқты үш бөлімнен тұрады. Бұл үшеуі бір-бірінен ұқсамайтын үш бөлек дүние. Сөйлеуші ми орталығынан хабар алады да, сөйлеу органдарын қозғалысқа келтіреді, артикуляция жасайды. Тыңдаушы есту мүшелерінің тітіркенуі арқылы сезгенін есту талшықтарымен ми орталығына жеткізеді. Тіл және сөйлеу, сөйлеудің элементтері: Сөйлеу дегеніміз - тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз. Сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен ажырамас бірлікте. Тілсіз сөйлеу жоқ та, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ. Тілдік элементтерге (дыбыс, морфема, сөз, сөйлем) қоғам мүшелеріне өздерінің ойларын, сезімдерін білдіру үшін керек. Адамдар ойлау процесінде өздерінің сезгендерін, сүйгендерін дерексіз ұғым жеке адамдардың нақты ойын білдіретін құралға айналады. Тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сөйлеу дегеннен сол тілдік элементтердің өз ара қарым-қатынасқа келуін, яғни тілдің қимыл үстіндегі күйін түсінеміз. Бұл жағынан алғанда тіл-сөйлеге қажетті өлі материалдардың жиынтығы, Де Соссюрше акустикалық бейненің қоймасы болса, сөйлеу - сол материалдардың жанданып іскеқосылуы, адамдардың қарым-қатынас айналымына түсуі. Сөйлеу тілдің,тілдік норманың жаны, тіршілігі. Сөйлеу процесінде тілдік элементтер,тілдік нормалар жанданып, өз бойындағы мағыналық, функциялық мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алады. Тілде бар нәрсенің бәрі сөйлеуде бола беруі мүмкін, бірақ сөйлемде болғанның бәрі де тілде бола бермейді. Сөйлеу процесінде сөздер тілде қалыптасқан, үйреншікті мағынасында қолданылмай, тек контекст арқылы ғана түсінуге болатын келтірінді мағыналарда қолданыла береді. Тілге мынасы жақсы, мынасы нормаға жатпайды, мынау керек, мынау керексіз деген сөздерді қолдануға болмайды. Тілдегінің барлығыда керек, барлығы да нормалы. Осыдан келеді де, қоғамдық сипатты тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеу арасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлілігіне, дарындылығына ғана байланысты болмайды, одан әлдеқайда күрделі факторларға да байланысты болады. Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой-санасының күрделене дамуы, тағы сол сияқтылар жатады. Тіл мен сөйлеу бір еместігін, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде-ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін ХІХ ғасырда өмір сүрген В.Гумбольд, Г.Шухард сияқты ғалыдар да айтқан. Бірақ тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым деп, әдетте Соссюрді айтады. Ф.де Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасы деп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы - негізгі, оның обьектісі – тіл; тіл - индивидуумға тәуелсіз, әлеуметтік құбылыс; соңғысы негізгі емес, көмекші нәрсе, оның объектісі - сөйлеу әрекетінің индивидуальдық жағы, ол - таза психофизикалық пән; бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қахет деп біледі. Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу - сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы. Ол: тіл - сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас маңызды бөлшегі ғана деп жазады. Бірақ Ф.де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді. Сондықтан сөйлеудің индивидуальдығы туралы сөз еткенде, оның әлеуметтік негізде құрылатынын, әлеуметтік материалды (тілді) пайдаланатынын естен шығаруға болмайды. Сөйлеудің индивидуальдық сипаты дегенді жеке адамдардың сөйлеу (жазу) процесінде кездесетін жалпы нормадан, қабылданған, орын тепкен дәстүрден ауытқуы деген мәнде түсінгені жөн. Сөйлеудегі өзгешелік - тілдік коллектив мүшелерінің бәріне бірдей міндетті сол жүйеден, нормадан ауытқу болатыны. Сөз жоқ, тіл мен сөйлеудің байланысын көрмеу немесе оларды бір-біріне қарсы қою, сондай-ақ олардың арасындағы өзгешеліктерді ескермеу, оны ленгвистикалық проблемалар қатарына қоспау қате. Де Соссюрдің тіл мен сөйлеуді бірдей қамтитын сондай термин ретінде қолданған (сөйлеу әрекеті) дейтіні лингвистикалық емес, психикалық құбылыс, сондықтан тіл мен сөйлеуді бір құбылыстың екі жағы, екі саласы деп қарамай дербес екі құбылыс - тілдік құбылыс пен сөйлеу құбылысы деп қараған жөн дейді. Ал тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешеліктері деп В.А.Звегицев сегіз түрге бөліп көрсетеді:
1.Сөйлеу - индивидуальдық құбылыс, ал тіл индивидуальдық емес, жалпы.
2.Сөйлеу - психикалық құбылыс, ал тіл - психикалық емес, әлеуметтік құбылыс.
3.Сөйлеу - құбылмалы, өзгерімпаз, динамикалы; ал тіл тұрақтылықты статикалық күйді ұнатады, соған ұмтылады.
4.Сөйлеу түгелдей өзін қолданған кездегі жағдайға тәуелді, ал тіл ондай тәуелділіктен құтылуға тырысады. Сөйлеу өзі қызмет еткен тарихи, қоғамдық ортадағы барлық факторлардың әсеріне ұшырайды, сондықтан ол - тарихи әсерлердің жетекшісі, таратушысы,ал тіл сөйлеудің мұндай әсерінен өзінің нормасы арқылы қорғанады.
5.Сөйлеу элементтері арасындағы қатынас себептілік, тәуелділік негізінде қалыптасса, тілдік элементтер арасындағы қатынас функциялық тәуелділік негізінде қалыптасады.
6.Сөйлеу өзінің психикалық, тарихи әлеуметтік, т.б.факторлармен байланысы арқылы күрделенуінің нәтижесінде формальді түрде сипаттауға келмейді, ал тілге формальды ережелерді қолдануға болады.
7.Тіл лингвистикалық заңдылыққа бағынады, ол - лингвистикалық жақтан жүйелі, ал сөйлеу олай емес, кездейсоқ сипаттама болады.
8.Сөйлеуге әрқашан да материалдылық тән. Ол өзінің қызметін тек нақтылы материальдылық қасиетке ие тұлға түрінде ғана атқара алады, ал тіл дерексіз жүйе түрінде көрінуге тырысады.
Бертінде жарияланған кейбір еңбектерден В.А.Звегицевтың тілді сөйлеу әрекетіне жатқызбауын мақұлдамайтындық байқалады. Бізді қоршаған, қоғамда болып жатқан алуан түрлі өзгерістер, жануарлар адамзат арқылы жүзеге асып жатады. Ал сол адамзатты бір-бірімен қатынастыратын сөйленіс құралы-тіл. Тіл ақиқат дүниені тануда, әлем туралы алайық білімімізді жетілдіріп толықтыруда негізгі құрал болып табылады. Тіл арқылы екі адам коммуникацияға ұшырайды. Яғни коммуникативтік мақсатта өзара қарым-қатынас түзеледі, ақпарат алмасады. Сөйлеу кезінде міндетті түрде екі жақты әрекет жасалып жатады. Сол әрекетті тудыратын сөйлеуші мен тыңдаушы болады, сөйлеуші өз мақсатына жету үшін белгілі бір стиль түрін таңдайды. Ол коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие болады. Синтаксис саласы жекелеген сөйлемдерді зерттеумен шектеліп қана қоймай, тіл бірліктерін сөйлесім деңгейінде қарастыра отырып,әрі күрделі кешенді тілдік актілерді зерттеумен айналысады. Прагматика тілдік коммуникацияда адресантқа бағытталған заңдылықтарды қалыптастырады және оны реттеп отырады. Прагматикалық аспект - мақсатты әрекеттің бір түрі сөйлеудің ажырамас белгісі. Прагматиканың міндеті - тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын қолданудың заңдылықтарын реттеу екені мәлім. Тілдік қатынас-тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесуі. Сөйлесім тілі - тек адамзатқа қана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы ғана сөйлей алады, ұғынысына алады. Ал басқа жануарлардың бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызмет пен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды. Тілдік қатынас сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін; қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттар жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адам қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді. Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осыдан басқа да адамдардың бірін-бірі түсінісудің көптеген жолдары бар. Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деуге болады. Мәселен немістің көрнекті лингвисті Вильгельм мен орыс лигвисті Бодуэн тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажыратып келіп, оларды адамдардың ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен тіған процесс деп қарастырады. Сөйлеу - адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір,ой білдіру әрекеті. Сөйлеу -анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Тілдік амалдар - сөз тудыру, сөз тіркестерінен, сөйлем құрау ережелері - көпшілікке ортақ. Тіл -табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс. Тілге қажетті фактордың бірі -ішкі анатомиялық, физиологиялық даму, жетілу процесі. Тіл және сөйлеу: Тіл дегеніміз не?Деген сұраққа жауап берілді. Енді сөйлеу дегеніміз не, ол қалай пайда болады? Деген сұрауға жауап берілуі қажет. Жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты: біреу сөйлейді, екінші біреу тыңдайды, сөйтіп өзара ұғынысады. Сөйлеудің мұндай жеңіл көрінуі - оның үйреншіктігінде. Тереңірек ойласақ, сөйлеу актісі - өте күрделі құбылыс. Психологтар тілімен айтқанда, сөйлеу дегеніміз - әрекет. Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. Сөйлеу адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның анықтамасы да өрекетке берілген анықтамаға ұқсас. Мұнда да алға белгілі мақсат қойылады, сол мақсатқа жету үшін адам сөйлеу мүшелері арқылы әр түрлі артикуляциялық, акустикалық әрекеттер жасайды. Сөйлеу тілдік материалдар арқылы жүзеге асады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен ажырамас бірлікте. Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ. Сөйлеу - тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөйлеу әрекеті сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі. Сөйлеу әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну деген үш болімнен тұрады. Бұл үшеуі бір-біріне ұқсамайтын үш бөлек дүние. Сөйлеуші ми орталығынан хабар алады да, сөйлеу мүшелерін қозғалысқа келтіреді, артикуляция жасайды. Соның нәтижесінде дыбыс пайда болады да, ол ауа толқыны арқылы тыңдаушының құлағына жетеді. Тыңдаушы есту мүшелерінің тітіркенуі арқылы сезінгенін есту талшықтарымен ми орталығына жеткізеді. Сөйлеу дегеніміз - тілдік қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатына қолдану деген сөз. Тілдік элементтер (дыбыс, морфема, сөз, сөйлем) қоғам мүшелеріне өздерінің ойларын, сезімдерін білдіру үшін керек. Адамдар ойлау процесінде өздерінің сезгендерін, түйгендерін тілдік тұлғалармен білдіреді. Тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сөйлеу дегеннен сол тілдік элементтердің өзара қарым-қатынасқа келуін, яғни тілдің қимыл үстіндегі күйін түсінеміз. Тілдік материалдар да, тілдік заң-ережелер мен нормалар да жалпыхалықтық, қоғамдық, ал сөйлеу тілдік материалдарға, тілдік нормаларға тәуелді. Бірақ соған қарамастан, сөйлеудің тілге, тілдік жүйеге, тілдік заң-ережелер мен нормаларға тигізер кері әсері өлшеусіз. Сөйлеу – тілдің, тілдік норманың жаны, тіршілігі. Сөйлеу процесінде тілдік элементтер, тілдік нормалар жанданып, өз бойындағы мағыналық, функциялық мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алады. Тіл, тілдік нормаға қоғамдық бола тұра, жеке адамдардың сөздері, сөйлеулері арқылы көрініп, өмір сүреді. Тілді пайдаланушы индивидумдар да бірдей емес. Тілде бар нәрсенің бәрі сөйлеуде бола бермеуі мүмкін, бірақ сөйлеуде болғанның бәрі тілде бола бермейді. Сөйлеу процесінде сөздер кейде тілде қалыптасқан, үйреншікті мағынасында қолданылмай, тек контекст арқылы ғана түсінуге болатын келтірінді мағыналарда қолданыла береді. Мысалы, Абай өлеңдерінде кездесетін «Көңілдің жайлауында ел кеткен соң...». Бұл өлең жолы сөйлеу процесі туғызған мағыналар. Сондай-ақ, әр адамның өзіндік сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, үн құбылысы, интонациясы, рифмі, акценті, көңіл күйін, ішкі толғаныстарын, айтып тұрған хабарға өз көзқарасын сездіретін алуан түрлі модальдық жайттардың барлығы тек сөйлеу процесінде ғана болатын құбылыстар. Тілге жақсы, жаман нормаға жатады, жатпайды, керек, керексіз, деген ұғымдар қолдануға болмайды. Сөйлеуші тіл материалын орынды, дұрыс қолдана білмейді де, тіл шұбарлығын, нормасыздықты туғызады. Тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешіліктері де осында. Тіл мен сөйлеу арасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, даралығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторларға байланысты. Сөйлеудің екі я бірнеше адамдардың бетпе-бет отырып, ауызша сөйлеуі деп қана түсінбеу керек, оған жазба тіл де, іштен сөйлеу де, үн шығармай, ойды іште топшылау да жатады. Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде-ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін ғалымдар айтқан. Ф.де Соссюр тіл ғылымын тіл лингвистикасы сөйлеу лингвистикасы деп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның объектісі –тіл, тіл индивидумға тәуелсіз. Ф.де Соссюрдың тіл мен сөйлеуге қатысты көптеген құнды пікірлермен қатар кейбір қайшылықтары да бар, ол сөйлеу де тек индивидумдық, даралық құбылыс, онда әлеуметтік ештеме де жоқ дей тұра, тілді сол сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі дейді. Егер сөйлеуде тек индивидуалдық қана сипат болса, адамдардың бір-біріне түсінуі мүмкін болмаған болар еді. Сөйлеущілердің бірін-бірі түсінетіні сөйлеген адам жалпыхалықтық тілдегі бар тұлғаларды, формаларды пайдалады, оларды тілде қалыптасқан жалпы ережеге, нормаға сәйкес бір-бірімен байланыстырады, ал тыңдаушы адам айтылған тілдік тұлғалады, оларды тіркестіретін тілде қалыптасқан, қауым қабылдаған мағынада түсінеді. Сондықтан сөйлеудің индивидуалдығын сөз еткенде, оның әлеуметтік негізде құрылатынын, әлеуметтік материалды пайдаланатынын естен шығармаған жөн. Сөйлеудің индивидуалдық сипаты дегенді жеке адамдардың сөйлеу процесінде кездесетін жалпы нормадан, қабылдаған, орын тепкен дәстүрден ауытқуы деген мәнде түсінген жөн. Тілдегідей жүйе, норма сөйлеуде де болады. Сөйлеуде өзгешелік қауым мүшелерінің бәріне бірдей міндетті сол тілдік жүйеден, нормадан ауытқу болатыны. Ф.де Соссюрдың жоғарыдағы көрсетілген қайшылықтары бұл проблеманы одан кейін зерттеушілер арасында елеулі ала ауыздықтар туғызып келді. Олардың кейбіреулері Ф.де Соссюрдың қағидаларын негізінен қабылдай отырып, оны дәлелдей, толықтыра түсуді көздеді, екінші бір топ ғалымдар бұл мәселені пікір таластарына объекті боларлықтай мәнді проблема деп есептемейді. Ал дескретивтік лингвистиканың өкілдері тіл мен сөйлеу арасына шек қойып, оны екі бөлек мәселе етіп қараудың тіпті қажеті жоқ деп есептейді. Бір-бірімен қарама-қайшы пікірлердің барлығына қарамастан, тіл мен сөйлеу арасында бірлік пен өзгешеліктері айқындау талабы - қазіргі заман тіл білімінің өзекті бір мәселесі ретінде әбден орнықты. Сондықтан бұл екеуі арасындағы байланысты көрмеу немесе оларды бір-біріне мейлінше қарсы қою, сондай-ақ олардың арасындағы өзгешеліктерді ескермеу, тіпті оны лингвистикалық проблемалар қатарына қоспау сияқты әрекеттер негізсіз, бос талас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет