1. Жалпы мәлімет



бет38/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Грамматика – тілдің грамматикалық құрлысы туралы ілім. Дәлірек айтсақ, грамматика – тілдегі сөздерді түрлендіру, өзгерту, оларды тіркестіру және олардан сөйлемдер құрастыру туралы ілім. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. Осыған орай грамматика (грек сөзінен алынған термин) тілдің грамматикалық құрылысын, яғни тілдегі сөздерді өзгерту тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестері мен олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттеп тексереді. Грамматика өз тарапынан, өз жанынан тілге қатысты жаңа заңдар шығармайды, тілдегі бар құбылыстарды сол қалпында заңдастырады, ұғындырып, түсіндіреді. Грамматика бір тілдегі сөздерді сол тілдегі қалыптақан амалдар, тәсілдер, нормалар арқылы тіркестіргенде, сол сөздердің грамматикалық мағыналарын қарастырады. Жоғарыда біз Абайдың: ауылдың жаны - терең сай, тасыған өзен гүрілдеп, - деген жолдарын келтіріп, сөздердің лексикалық мағыналарымен қатар, грамматикалық бірнеше мағынасы болатыны жөнінде айттық; тіркестіргенде, ауыл, сай, тасы сөздерінің грамматикалық мағыналарын келтірдік. Осы сөйлемдегі сөздерді ауыл, сай, өзен түріне қайтадан бір келтірсек, бұлар - өз алдына бір топ; терең, биік,зор десек, - екінші топ; тасыды, гүрілдеді, ақты десек, - үшінші топ; алды, жаны, қасы десек, - төртінші бір топ. Бұдан шығар бір қорытынды: грамматикалық мағына дегеніміз – сөздердің белгілі бір тобына ортақ біркелкі болып келетін белгілер.
Грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілдері. Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәнді сөздің ) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөздің екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады. Грамматикалық мағыналардың өзі бір келкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең. Өлеңмен жер қойнына кірер денең ( Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір 10 сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: 1.туғанда, лексикалық мағынасы – нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары – 1) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән ; 4) бір қимылдың ( ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық – меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық мағынасы – үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа (дүние) тәуелді соның бөлшегң болу, 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура объектіні білдіру; 4. ашады, лексикалық мағынасы- ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары : 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4) 3 – жақтағы субъектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық мағынасы – нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) ашу қимылының грамматикалық субъектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы - нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы, 2) кіру қимылының амалын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы – нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық – меншіктік мән; 8. қойнына, лексикалық мағынасы – нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа ( жер) тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдыњ (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы – нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мәні, 4) 3-жақ субьект арқылы ол қимылдыњ іске асуы; 10. денең, лексикалық мағынасы – дене деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше , анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субьектісі. Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері әр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да болады. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние, есігін, өлењ, өлењмен, жер, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, жалпы қимылды білдіруіне қарай туғанда, ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, салттылық сипаты жағынан туғанда, кірер сөздерін бір топ етіп, 3-жақ субъектінің қимылын білдіруі жағынан ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мәніне қарай есігін, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, т.б. топтауға болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі топтарға жіктеугк болады. Сонымен бірге ол грамматикалық мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да бір келкі емес. Мысалы, туғанда, ашады, кірер сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі мен салттылық (туғанда, кірер) я сабақтылық (ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болған. Сондай-ақ дүние, есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерінің жалпы зат атауын білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болып отыр. Демек, бұл тәрізді грамматикалық мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының абстракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сөйтіп, бұл – грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі (жолы) екен. Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің әрқайсысы – жеке - жеке ұғымды білдіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер – нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, сондай-ақ төрт, жеті – нақты санды білдіретін сөздер, ақ, көк, сары - заттың нақты түсін білдіретін сындар, т.б. Атап айтқанда, дүние- өмір, тіршілік, есік – ауыс. өмірге, іс пен еңбекке алғаш аттап қадам басып кіру, араласу, жер – жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы құрылық дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы – бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда - ана құрсағынан шығу, дүниеге келу, ашады – ауыс, жабық тұрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту; кірер – ену, келу дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір – бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт үштен кейінгі есептік сан; жеті алтыдан кейінгі сан дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ – қардың, сүттің, бордың түсіндей (қарама қарама- қарсы); көк – ашық аспан тәрізді түс; сары – піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс дегендердең де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге бұл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді, төрт, жеті – жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сынның белгілері. Міне бұл соңғы көрсетілгендер – нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы ( айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, т.б.) сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды: дүние, есік, жер – заттың атын білдіретін сөздер – зат есім, туғанда, ашады, кірер – қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер – етістік, төрт, жеті – заттың санын білдіретін сөздер - сан есім, ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім, т.б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалры грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөзқдермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ құрауға бейімделеді. Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың аты, жалпы қимыл, т.б.) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін, т.б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық немесе сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін (қалып, қозғалыс, амал-әрекет, ойлау қабілетіне байланысты, көңіл күйіне байланысты, т.б.). Бұлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін. «Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқы сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады». Ең алдымен грамматикалық мағына – лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қараѓанда грамматикалық мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші қатардаѓы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болатындықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанымен, олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық категория ұғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп атайды. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация , т.б. аналитикалы, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атайды. Грамматикалық тәсілдер, грамматикалық мағыналар, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл-тілде түрлі-түрлі грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым белгілі бір мағына типтерінің ( түрлерінің) не арқылы және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады. Міне грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе мағына берілудің жолдары деп аталады. Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол – сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың ( формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс ( пристафка ) қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес, бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін. Грамматикалық форма мен грамматикалық категория. Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі – грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп, грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар ( жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық граммактикалық мағына беріледі. Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі – грамматикалық категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, грамматикалық мағынамен де, грамматикалық формамен де байланысты, екінші жағынан олардан күрделі болып келеді. Грамматикалық категория грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен күнде де грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде сол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да , грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіруі мәнді (слово изменительные) морфологиялық категориялар және топтау я жіктеу мәнді (классифицирующие) морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар. Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық ( морфологиялық) категория бола бермейді. Кейбір сөз табында (мысалы, сан есім, есімдік, үстеу, т.б.) грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар ( бұл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары – зат есім, сын есім және етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық – сабақтылық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік (болымдылық – болымсыздық) категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы.
Грамматикалық мағына грамматикалық формамен тығыз байланысты болып келеді, былайынша айтқанда, бұл екеуі бір–бірінің ішінде жүреді. Грамматикалық форма дегенде, сөздердің біріңғай біркелкі немесе әркелкі түрленуін негізге, басшылыққа алады екенбіз. Бұдан: грамматика – грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар туралы ілім деп тұжырымдауға да болады. Бір ескерте кетерлік жәйт – грамматикалық деген ұғымның аса кең екендігі.Оны мына тәрізді тіркестерден айқын аңғаруға болады: грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық абстракция, грамм. талдау, грамм.ұғым, грамм.ереже, грамм. норма, грамм. тәсіл, грамм. категория, грамм құрылыс т.т. Грамматикалық форма грамматикаклық категориямен де тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, жоғарыда келтірілген ауыл, сай, өзен - грамматикалық бір категория, зат есім категориясы, оның ішінде жалпы есімдер категориясы; терең, биік, зор, екінші бір категория, сын есімдер категориясы; тасыды, гүрілдеді ақты - үшінші бір категория, етістік категориясы; алды, қасы, жаны, - төртінші бір категория, көмекші есімдер мен тәуелдік категориялары. Сөйлем ішінде қолданылған бұлардың бірінші тобы, негізінен, бастауыштың, екінші тобы - анықтауыштың, үшінші тобы – баяндауыштың, төртінші тобы пысықтауыштың қызметін атқарады атқарады. Бұл қызметтер де – олардың дербес категориялығының бір көрсеткіші. Сөздердің грамматикалық мағынасы грамматикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық формамен тығыз байланысты. Мәселен, мынау - өз бір ауыл; ауылдасым келіпті: ауыл – ауылға ат шаптырды: Ауыл!...Қай ауыл!?Ауыл дейтін ауыл бар ма онда?! Өз ауылым - өз үйім т.т Бұл сөйлемдерде ауыл сөзінің түрлі-түрлі лексикалық және грамматикалық мағыналары әр түрлі формалар – атау тұлғасы (ауыл), аффикстік тәсіл (ауылдас ), қосарлау тәсілі (ауыл–ауыл), екпін мен интонация тәсілдері арқылы білдіріліп тұр. Бұл айтылғанды топтай келсек, грамматика сөздердің грамматикалық мағыналары мен формаларын, грамматикалық тәсілдер мен категорияларды зерттейтін ілім деуге де болады. Жоғарыда айтылғандардан тағы да бір жәйт аңғарылса керек, грамматика дегенннің өзі – көп мағыналы термин. Дәлденкірей түссек, «Грамматика» деген тармақшадан бастап грамматика термині, біріншіден, тіл білімінің дербес бір тарауы деген мағынада, екіншіден,тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім немесе «тілдің грамматикасы» деген мағынада, үшіншіден, осыған орай, тілдегі тәсілдер мен тілдік құралдар деген мағынада қолданылып отыр. Зерттеу материалдарының бағыт-мақсатына қарай, грамматика синхрондық және диахрондық болып келеді. Грамматиканың типтері мен түрлері өтте көп. Мәселен, формальды грамматика, нормативті грамматика, мектеп гремматикасы, логикалық грамматика, академмиялық грамматика т.б обьектілері мен қамтитын мәселелер бірдей емес; бірақ бәрі де белгілі бір тілдің граматикалық құрлысын әр түрлі қырынан, әр түрлі мақсат көздей отырып, сипаттап, баяндайды. Зерттейтін объектісіне қарай грамматика ірі екі салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Морфология (гректің morphe – түр деген сөзі ) – тілдегі сөздердің формаларын,сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала;тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы ілім. Морфологияның объектісі, қарастыратындар өте көп: морфемалар, олардың түрлері, қосымшалар түрлері және оның қызметі, сөзден сөз тудыру жолдары мен амал - тәсілдері т.б зерттейтің сала – морфология.Морфология – грамматикалық категориялар туралы да ілім.
Синтаксис ( гректің syntaxis – құрастыру деген сөз) – тілдегі сөз тіркестерін, олардың байланасу амал – тәсілдерін, сөйлем құрылысы мен жүйесін тексеретін сала. Синтаксис өз ішінде: сөз тіркес синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрлысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері пайда болады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі. Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Мысалы, менің кітабым деген сөз тіркесінің екі сыңары бірдей жекеше және бірінші жақта тұрса, сенің кітабың деген сөз тіркесінде сыңарлардың екеуі де жекеше, екінші жақта, оның кітабы деген сөз тіркесінде екі сыңардың екеуі де жекеше, үшінші жақта айтылып тұр. Қиысу мен матасудың арасында кейбір ұқсастықтардың бар екені рас. Қиыса байланысқан сөздердің арасында жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесімдік болатыны сияқты, матаса байланысқан сөздер де бір-бірімен жақ, жекелік- көптік жағынан үйлесіп келеді. Сөз (соның ішінде күрделі сөз) – зат пен құбылыстың, не сапа мен белгінің, не іс-әрекетің және т.б тұрақты атауы. Сөздер затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті атағанда, оларды бір-біріне байланысыз, қарым-қатынасыз, жеке дара күйінде атайды. Сөз тіркесі сөйлем қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем оның құрлымдық элементтері ретінде зерттеледі. Сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес. Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеріле байланысқан сөздер тобының көптеген тілдерде меңгеруші сыңары көбінесе етістік сөздерден болады. Сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу айтылатын түрі бойынша да байланысады. Қабысу бойынша түркі тілдерде сөз тіркесінің құрамындағы бағыңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сынарлары зат есім мен етістіктен болады. Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесі сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құрамында оның құрлымдық элементтері реттінде зерттеледі. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, «күрделі атаулардың әр басқа түрлері ретінде де зерттеуге болады». Акад. В. В. Виноградов сөз тіркестерінің тілдің коммуникативті және номинативті құралдарының қатарына енетіндігі жайында былай деді: «Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді». Сөздердің сөз таптарына ажыратылатыны сияқты, сөз тіркестеріде сөз таптарына, мысалы, есім сөз тіркестері (субективті және адъективті сөз тіркестері), етістік сөз тіркестері және т.б. болып бөлінеді. Сөз бен еркін сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес. Біріншіден, сөз дара ұғымның атауы болса, сөз тіркесі кемінде екі ұғымның , бірақ бір-біріне қатысты, өзара байланысты ұғымдардың атауы, екіншіден жоғарыда аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарым қатынасыз, жеке дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында атайды, үшіншіден, сөз тілде бұрынан бар, қалыптасқан, даяр тұрған атау болса, еркін сөз тіркесі, бұрынан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың мағыналық және грамматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұсынылады, аңығырақ айтқанда, сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады. Синтаксистік сөз тіркесі – сөздердің емін-еркін тіркелуінен жасалатын тіркестер, яғни еркін сөз тіркестері. Еркін сөз тіркестері құрлымы жағынан фразеологиялық бірліктермен ұқсас келеді. Еркін сөз тіркестері фразеологиялық бірліктердің көптеген түрлерінің жасалуына негіз болады. Екінші сөзбен айтқанда фразеологиялық бірліктердің ішінде еркін сөз тіркесінің құрлымы, үлгісі бойынша жасалғандары ұшыраса береді.Фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Жеке сөздердің даяр тұрған бірлігі ретінде сөйлем құрамына енетіні сияқты, фразеологиялық единициалар да бұрынан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде сөйлем құрамына енеді. Сөздердің біріктіру тәсілі. Әдетте, екі немесе оданда көп дара сөздерден құралған сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер құрамы жағынан да, жасалу жолдары жағынан да, лексика-грамматикалық белгілері жағынан да әр түрлі болып келеді. Соның бірі – біріккен сөздер. Біріккен сөздер дегеніміз – кем дегенде екі сөзден құралып, лексикалық жаңа бір мағынаға ие болған сөздер. Мәселен, бүгін, белбеу, аққу, ақсақал, шегара, Талдыбұлақ, Ақтау, Ортау т. б. лексика-грамматикалық бір тұтас ретінде қолданылады. Сөздерді біріктіру – жаңдан сөз жасаудың, тілдің лексикасын байытудың өнімді тәсілінің бірі. Сондықтан бірікен сөздер мәселесі ең алдымен сөзден сөз тудыру, жаңдан сөз жасау туралы бөлімде, грамматиканың морфология саласында, лингвистиканың лексикология тарауында да қарастырады. Грамматикалық тәсіл ретінде, біріккен сөздерге тән басты бір белгі – біріктірілген сөздердің бір-бірімен не салалас, не сабақтаса байланысуы; құрамындағы әрбір компоненттің жеке-жеке мағыналарының біріккен сөзге кіріккендегі ие болған мағынасына дәлме-дәл сай келмейтіндігі. Біріккен сөздер – сөз жасаудың, лексиканы байытудың өнімді тәсілі, ал бірақ грамматикалық тәсіл ретінде өнімді тәсіл емес. Дегенмен, сөздерді біріктіріп қолдану жолдары сол сөздердің лексикалық жағымен қатар, грамматикалық мағынасына да әсер етеді.
Күрделі сөздердің, соның ішінде біріккен сөздердің бір түрі – қысқарған сөздер. Лингвистикада қысқарған сөздерді аббревиатура деп атайды. Аббревиатура латынның abbrevio (қысқартамын) деген сөзінен алынған термин. Аббревиатура дегеніміз – бір немесе бірнеше сөздің белгілі бір сыңарлары ғана қысқартылып, нақты бір ұғымды білдіретін сөздер. Мәселен, “студком”, “комскомитет”, “партбюро” сөздері – студенттер комитеті, комсомол комитеті, партия бюросы тіркестерінен қысқартылған аббревиатуралар. Аббревиатура – жаңа сөз жасаудың, сөзден сөз туғызудың, тіл-тілдің лексикасын байыта түсудің өнімді тәсілі, және аббревиатура ерте кезде-ақ пайда болған құбылыс.
Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен ықшамдалып, әдеби тіл нормасына еніп кеткен қысқарған сөздер де бар: барғам, келгем, айтқам (барған-мын, келген-мін, айтқан-мын); барғасын, келгесін, бергесін ( барған соң, келген соң, берген соң) т. б. Аббревиатура – ғылым мен техника, салт-сана, әдет-ғұрып (т.б.) – жалпы мәдени өмір жаңалықтарын тез қабылдайтын, бейімделгіш тілдік құбылыстың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет