1. Жалпы мәлімет



бет35/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Сөздерді қысқарту тәсілі. Қазақ тілінде Қазан төңкерісінен кейін тілімізде күрделі атаулар көбейді, жазуда ықшамдап қысқарту қажеттігі туды. Бұл үшін орыс тілінің сөздерді қысқарту тәжірбиесін пайдалануға тура келді. Мысалға ауылсовет, колхоз, КПСС, МТС, РТС, местком, партбюро; Жәке, Мәке, Сызаң, Сәбе, Қантай, Жантай т.б. Түбірдің сөзжасам жүйесіндегі қызметі. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын элементтерге түбір және қосымша жатады. Түбірдің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі элементтің бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөздің мағынасының негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады. Мысалы: бала+лы, бала+лық, бала+ң, бала+жан, бала+пан т.б. Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық түрі қатысады. Оларды атағанда мынадай: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Сөзжасамға негіз сөз қызметінде қатысатыны бұл түбірлердің көбі (негізгі түбірден басқасы) – сөзжасам процесінің нәтижесінде туған туынды сөздер. Сөз тудырушы жұрнақтардың сөзжасамдағы қызметі. Сөз тудырушы жұрнақтардың тілді жаңа сөзбен байытуда атқаратын қызметі өте зор. Ол сөзжасам жүйесіндегі синтетикалық тәсілдің шешуші элементіне жатады. Үстеме мағына беретін жұрнақтар. Өнімді және өнімсіз жұрнақтар. Сөз таптарының сөзжасамда атқаратын қызметі. Әр сөз табының өз жұрнақтары бар. Сонымен бірге жұрнақтардың бірнеше сөз табына ортақ болып келуі де кездеседі. Бұл көбіне жұрнақтардың мағыналық жағынан дамуымен байланысты болады. Мысалы: малшы, енгінші, жазушы, әнші, етікші, суретші т.б. Ал бірсыпыра жұрнақтар сөз талғап, белгілі сөздердің құрамында ғана кездеседі, сөз жасау жағынан өнімсіз болып келеді. Мысалға тілде көйлекшең, байпақшаң, бешпентшең, мәсішең сияқты сөздердегі –шаң, - шең жұрнақтары көйлек, байпақ, бешпент, мәсі киген деген ұғымды білдіреді. Осы жұрнақтар басқа киім аттарына жалғанбайды. Тірек компоненттері. Мұндай аналитикалық сөздердің жасалуына негіз болған тірек компонент екінші орында тұр. Оны басқа күрделі сөздерден де көруге болады: көріп кет, жүріп кет, алып кет, беріп кет т.б. Осындағы кет етістігі – күрделі етіс жасаушы тірек компонент. Ол басқа етістіктердің соңына тіркесіп, олардан күрделі етістік жасап тұр.
Сөздердің морфологиялық құрылымы дегенде сөз және оның мағыналық ерекшеліктері мен тілдік деңгейлерге қатысы айқындалады. Грамматиканың бір саласы морфологияның да зерттейтін обьектісі сөз. Сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды. Сөйтіп, морфология сөздердің грамматикалық сипаттарын зерттеп айқындайды. Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құбылыс құрайды да, қалған жекелеген единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағынасы – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелуі арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктірілетін жалпы мағыналар болып табылады. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық мағына, қатыстық грамматикалық мағына деп үшке бөлеміз. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын мағынаны жалпы грамматикалық мағына дейміз. Тілде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық мағына дейміз. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы беріле алады. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. Грамматикалық мағына беретін тәсілдер мен амалдар ең алдымен ірі екі топқа бөлінеді: бірі – синтетикалық тәсілдер, екіншісі – аналитикалық тәсілдер. Синтетикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: аффикстік тәсіл; дыбыстардың алмасуы жане ішкі флексия тәсілі; супплетивизм; редупликация; сөздердің біріктіру тәсілі. Аналитикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: екпін және интонация тәсілі; сөздердің орын тәртібі тәсілі; көмекші сөздер тәсілі. Бұл тәсілдердің барлығының да атқаратын қызметі аффикстер функциясына жақын. Бірақ, дәл бірдей емес. Өйткені, аффикстердің көпшілігі таза лексикалық қызмет атқарса, кейбірі таза грамматикалық, морфологиялық енді бірі лексика-грамматикалық, енді бірі таза синтаксистік қызмет атқарады. Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірі – басымырақ, екінші бірі сирек қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, аталған тәсілдердің кейбірі кейбір тілдерде мүлдем жоқ болуы ықтимал. Дегенмен бұлар бір тілдерде аз, бір тілдерде көптігіне қарамастан, тіл-тілдегі грамматикалық негізгі тәсілдер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет