1. Жалпы мәлімет



бет42/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Сөздердің бағыныңқы-басыңқы байланысы. Сөз тіркесінің құрылымы және түрлер. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заң дар, атап айтқанда, сөздердің бір-біріментіркесу заң дары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері пайда болады. Сөз тіркесінің бірнеше түрлері бар. Олардың арқайсысы өзіне тән үлгілер бойынша жасалады. Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мен байланысының сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категорияльды мағынасының тікелей қатысы бар. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы ұйытқы сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік мағынаны білдіретін сөздермен тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі жасалады. Сын есімдер заттардың сапасын, белгісін білдіріп, сөз тіркесінің тәуелді, бағыныңқы сың ары ретінде қызмет атқарумен бірге, өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын керек етіп, сөз тіркесінің басыңқы сың ары ретінде де қызмет атқара алады. Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте-мөте мол сөз табы ретінде есептелінеді. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдың мазмұнын ашу үшін іс істеушінің, іс-әрекеттің шығу тегінің, қалай болғандығының көрсетілуі қажет. Осыған орай, етістіктер ұйытқы сөздер ретінде өзіне бығынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категорияльды мағынасымен тығыз байланысты. Мысалы, үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, әдетте, зат есімдермен емес, көбінесе етістіктермен тіркессе, сын есімдермен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе зат есімдермен тіркеседі, олардың анықтауыштары ретінде қызмет атқарады. Бірақ сөз табының ішіндегі әр түрлі сөз топтарының басқа сөздермен тіркесу қабілетінде де ерекшеліктердің ішінде сабақты етістіктер табыс септігіндегі зат есімдермен және субстантивтенген басқа да сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің белгілі бір моделін жасаса, салт етістіктер табыстан басқа септіктердегі сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің алуан түрлері модельдерін жасайды. Сонымен, сөз тіркестерінің және олардың түрлерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуын жәнебір сөз топтарының лексикалық-грамматикалық табиғатының айрықша мәні мен қызметі бар екендігін көреміз. Сөздердің бағыныңқы байланысы деп бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық бағыныштылығын айтамыз. Мұндайда бағыныңқы сөздің белгілі бір формада тұруын басыңқы сөздің категориялды мағынасы айқындап белгілейді. Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі. Сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөздің арасындағы синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Мысалы, орыс тілінде синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрі бойынша ұйытқы сөз бір-бірімен тек жағынан да, жекелік-көптік жағынан да, септік жағынан да қиысып, сөз тіркестері жасалады. Мысалы: высокая гора-высокие горы; высокой горы-высоких гор; высокой горы-высоким горам. Орыс тілінде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелер де қиыса байланысады. Мысалы: Он играл. Она играла. Ал түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, қиысу сөйлемнің мүшелерін, атапайтқанда, бастауыш пен баяндауыш мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалады. Қиысу сөздердің синтаксистік байланыс түрлерінің бірі ретінде орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде көбінесе сөйлемге қатысты. Осыған орай, түркі тілдері үшін синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрін предикативті байланыс түрі деп атауға болады. Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Мысалы, менің кітабым деген сөз тіркесінің екі сың ары бірдей жекеше және бірінші жақта тұрса, сенің кітабың деген сөз тіркесінде сың арлардың екеуіде жекеше, екінші жақта, оның кітабы, деген сөз тіркесінде екі сың ардың екеуі де жекеше, үшінші жақта айтылып тұр. Осылар тәріздес сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің байланысу түрлерін кейбір тюркологтар қиысудың қатарына жатқызады. Қиысу мен матасудың арасында кейбір ұқсастықтардың бар екені рас. Қиыса байланысқан сөздердің арасында жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесімділік болатыны сияқты, матаса байланысқан сөздерде бір-бірімен жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесіп келеді, алайда, сөздердің байланысының, бір түрлері арасындағы мынандай айырмашылықты мойындамасқа болмайды: матасу- ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы. Матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы сөз тәуелдік жалғауында тұрады да, бағынңқы сөз ілік септік жалғауында тұрып, анықтауыш қызметін атқарады. Сөз тіркесінің сың арлары шынжырдың бөлшектері тәрізді іліктесіп байланысады. Тәуелдік жалғаулы сөз әрқашан да ілік жалғаулы сөздің болуын керек етсе, керісінше ілік жалғаулы сөз тәуелді жалғаулы сөздің болуын керек етеді де, бір-бірімен іліктескен, матаса байланысқан сөз тіркесі жасалады. Қиысу бойынша бағыныңқы сөз басыңқы сөздің ыңғайына, грамматикалық мағынасы мен формасына бағынып, соның жетегінде болса, матасу бойынша, басыңқы сөз бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасымен үйлесіп, тиісті формада қолданылады. Мұнымен бірге, басыңқы сөз бағыныңқы сөздің әрдайым ілік септікте тұруын талап етеді. Түркі тілдерінде сөздердің қиыса байланысуынан сөйлем жасалса, сөздердің матаса байланысуынан сөз тіркесі жасалады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда, барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын керек етеді. Мысалы: киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасымен кездесу және т.б. сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу деп аталатын түрі бойынша да байлынысады. Қабысу бойынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байлынысады. Мысалы: ағаш үй, жылы бөлме, білімді адам, он дәптер, білген кісі және т.б. Маңызды мәселелерінің бірі – сөз тіркесін топтастыру мәселесі. «Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» сөз тіркестері жаң аша топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркестері, күрделі сөзкестері және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескеріледі. Жалаң сөз тіркестері деп сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сз тіркестері екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі болып бөлінеді. Мысалыға келтірген екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі жалаң сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан. Жалаң сөз тіркестерінің негізінде күрделі сөз тіркестері мен аралас сөз тіркестері жасалады. Күрделі сөз тіркестері екі немесе одан да көп жалаң сөз тіркестерін қосындысынан жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тіркелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделінді. Күрделі сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін екі не одан көп әр басқа байланыс түрлерінің негізінде жасалса, аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстардың негізінде жасалады. Сөз тіркесіндегі ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай, орыс тілінде жалаң сөз тіркестері мен күрделі сөз тіркестері етістікті сөз тіркестері, субстантивті сөз тіркестері, адъективті сөз тіркестері және үстеулі сөз тіркестері болып бөлінеді. Сөз тіркестерін олардағы ұйытқы сөздердің қай сөз табынан болуына қарай осылайша топтастыру түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі, үшін де тиімді және дұрыс болмақ. Сөз тіркестері – кемінде екі дербес сөздің бағыныңқы – басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасаллған синтаксистік единица. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркестерімен де, атауыш сөзбен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарларымен де сырттай ұқсас келгенімен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар. Сөздің, соның ішінде күрделі сөздің, бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады. Осыдан келіп, күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді, сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына оның бір мүшесі ретінде емін-еркін енеді де, еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде белгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет