1. Жалпы мәлімет



бет43/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

ХІҮ-ДӘРІС: Тілдердің классификациясы. Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы. Тілдік туыстық. Материалдық, типологиялық және құрылымдық ұқсастық . Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік. Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар (үнді-еуропа, қытай-тибет, дравид, семит-хамит, алтай, орал, иберия кавказ, палеоазия, малайя-полинезия т.б. семьялар), олардың құрамындағы топтар. Үнді-еуропа тілдері семьясы, оның негізгі топтары. Алтай тілдері семьясы. Алтай тілдерінің (түркі, монғол және тунгус-маньчжур) бірлестік проблемасы. Түркі тілдері, олардың пайда болуы және қазіргі таралуы. Жер шарында мемлекет те, тіл де өте көп. Бірақ дүние жүзіндегі тілдер саны әлі де анықталмаған. Әр ел ғалымдары әр түрлі сан айтып, өзінше топшылау жасайды. Мәселен, француз академиясы ғалымдарының айтуынша, жер шарында 2796 тіл бар. Ал, дүние жүзі халықтары күнделікті қарым-қатынас жасағанда, өздерінің негізгі ана тілін қосқанда, 8 мыңға тарта тіл мен диалект қолданатын көрінеді. Дүние жүзіндегі тілдер саны жөнінде соңғы бір қызық дерек – Герман демократиялық республикасы ғалымдарының пікірі. Олардың айтуынша, дүние жүзінде 5661 тіл бар. Бұлардың ішінде 1400 тілден астамы – қазірде мүлдем жойылып кеткен немесе дамымай қалған тілдер; ал 4200 – жеке, дербес тілдер. Солардың ішінде 500-і ғана азды-көпті дәрежеде, тәп-тәуір зерттелінген. Француз ғалымдарының 1987 жылғы деректері бойынша, дүние жүзінде қазір 210 елде 5 миллиардтан астам адам, негізінен, 651 тілде сөйлейді. Соның ішінде 6 тіл дүниежүзілік тіл деп есептелінеді. Олар – қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері. Лингвистика дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі жолмен топтастырады: бірі – генеалогиялық, екіншісі типологиялық топтау (классификация) деп аталады. Генеалогия - гректің geneologia (родословие – шығу тегі) сөзінен алынған термин. Тілдерді генеалогиялық тұрғыдан топтастыру дегеніміз – тілдерді туыстығына, шығу тегіне, төркініне, даму жайларының ортақтығына қарай топтастыру (классификациялау). Шығу тегі жағынан жақын тілдерді туыстас тілдер деп атайды. Туыстас тілдердің дыбыстық жүйесінде, лексикасында, грамматикалық құрылысында – қысқасы, тұтастай тілдік құрылымы мен жүйесінде ортақ жайлар көп болады. Мәселен, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт т.б. – туыстас тілдер. Сондықтан қазақша – тау, қырғызша – тоо, түрікменше, әзірбайжанша – тағ, дағ; қазақша – бидай татар, башқұртша – бұғдай, бойзай; қазақша, қырғызша – барамын, өзбекше –барын, келін, алың т.б. – туыстас тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ортақтығын бір белгісі ғана. Осы тәрізді ортақ белгілеріне қарай лингвистика дүние жүзіндегі тілдерді ең алдымен ірі-ірі семьяға, ол семьяларды өз ішінде ірі-ірі топтарға, ол топтарды – тармақтарға, ол тармақтарды жеке-жеке тілдерге бөледі. Келе-келе көптеген тіл тармақшаланып, жеке тілдер өрбіген алғашұы тілдерді – ата тіл (праязык) деп те атайды. Лингвистика қазіргі тілдерді генеалогиялық тұрғыдан ірі-ірі 60 шақты семьяға, ірі-ірі топтарға және кейбір жеке-жеке тілдерге бөледі. Олардың бастылары мыналар: Үндіевропа тілдері семьясы, Кавказ тілдері семьясы, Орал тілдері семьясы, Алтай тілдер семьясы, Полеозмат тілдері, Америка үндістерінің тілдері, Австралия тілдері, Африка тілдері, Австралия тілдері, Бушмен тілдері, Дравид тілдері семьясы. Банту тілдері , Папуа тілдері, Эскимос тілдері т.б. Бұл тілдер жер шарының түпкір-түпкіріне дерлік орналасқан. Оның өзінде бір материктен, тіпті мемлекеттің өзінде ондаған, жүздеген тіл болуы мүмкін. Кейбір мемлекеттің ресми тілі жергілікті халықтар тілінен болмай, басқа бір халық тілі болуы ықтимал. Дүние жүзіндегі ірі-ірі тіл семьялары өз ішінде топтарға, тармақтарға бөлінеді дедік. Солардың ең бір ірісі – Үндіевропа тілдері семьясы. Үндіевропа семьясына жататын тілдерде сөйлеуші халықтар Индиядан бастап Азияның, Европаның көп бөлігінде Америка, Австралия, Жаңа Зеландияда мекендейді. Осынша көп жерге, ондаған мемлекет территориясына орналасқан жүздеген тілдің бір ғана терминімен - Үндіевропа тілдері семьясы деп аталуының басты бір себебі бар. Ол- ертедегі Индияның әдеби тілі – санскрит тілі сырының ашылуы. 15-16 ғасырларда-ақ «ертеде бір ғажап» - «санскрит тілі» деген болған екен, сол қазіргі біраз тілге ұқсас деген хабар, сыбыс таралады. 19ғ. бас кезінде санскрит тілін Азия, Европа, Америкада қолданып жүрген көптеген тірі тілмен салыстыра зерттей келгенде, оларға тән ортақ көп белгілер бар екені анықталады. Соның нәтижесінде көптеген тілдің шығу тегінде, даму жайында ортақ жайлар бар екен делініп, олар бір-бірімен туыстас деп есептелінеді. Ондай тілдер Үндіевропа тілдері семьясы деп атайды. Үндіевропа тілдердің зерттеуге лингвистикадағы салыстырмалы-тарихи әдіс және оны қалыптастырушылар айтарлықтай үлес қосты. Үндіевропа семьясы өз ішінде ірі 7 топқа және жеке 3 тілге(армян, албан, грек) бөлінеді. Жеке топтары – славян. Балтық, кельт, роман, иран, үнді тобы. Бұлардың өзі өз ішінен бірнеше тармақ-тармақшаға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет