1. Жалпы мәлімет



бет49/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

VI. Монғол тілдері. Бұлардың құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі (жазуы бұрын монғол алфавитіне, ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген; Монғол Халық Республикасында), бурят тілі (Бурят автономиялы республикасында, Иркут облысы мен Чита облысында. Монғолия мен Қытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген; Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахань, Ростов, Волгоград облыстары мен Стапрополь өлкесінде, Қытайда).
VII. Тунгус-манчжур тілдері. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді:
1. Тунгус тобы және оған енетін тілдер: Эвенк тілі (Краснояр өлкесінің Эвенк ұлттық округі, Бурят, Якут автономиялы республикаларында, Иркут, Чита, Томск облыстарында, Хабаровск өлкесі мен Сахалин аралында), эвен тілі (Магадан, Қамчат облыстарында, Чукот округінде, Хабаровск өлкесінде, Якут автономиялы республикасының солтүстік-шыығыс аудандарында); 2. Маньчжур тобы және оған енетін тілдер: нанай тілі (Хабаровск өлкесі мен Приморье ауданындағы этникалық топтың тілі), оррк тілі (саны 400 адам; Сахалин аралында), орочи тілі (Хабаровск өлкесінде), удэгей (немесе удэй) тілі (Хабаровск өлкесі мен Приморье өлкесінде) .
VIII. Қытай-тибет тілдері. Бұл тілдердің екі тобы бар: 1. Таи-қытай тобы және оған енетін тілдер: қытай тілі (Қытай Халық Республикасында, Тайланд, Малайя, индонезия, Сингапур, Вьетнам, Бирма,Филиппины, Корея, Япония, Лаос, АҚШ-да, Канада, Перу, Мексика, СССР, Великобританияда), дүнген тілі (Қытайда, Қазақстан мен Қырғызстанда), таи тілі (Таиландтың мемлект тілі), лаос тілі (Лаос, Таиланд, Қамбоджа, Бирмада), чжуан тілі (Қытайда), вьетнам тілі (Вьетнам, Қамбоджа); 2. Тибет – бирма тобы және оған енетін тілдер: тибет тілі (Қытайда),бирма тілі (Бирмада). Туыстас тілдердің ешбір тобына енбейтін, жеке-дара тұратын тілдер: жапон тілі және корей тілі.
Тілдердің жоғарыда аталған семьялары мен топтарынан басқа да бірнеше топтары, мысалы малаия – полинезей тілдері, аустро – азиялық тілдер, Австралия тілдері, Африка тілдері, полео африкан тілдері, полео азиат тілдері, Солтүстік Америка тілдері, Орталық Америка тілдері, Оңтүстік Америка тілдері деп аталатын тілдер бар.
ХҮ-ДӘРІС: Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (агглютинативті) жәке фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі-синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердін, көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы. Тілдерді типологиялық тұрғыдан топтастыру – тілдерді құрылымына, құрылысына, сөздердің сыртқы формаларына және сөздерінің өзгеру түрлері мен амал-тәсілдеріне қарай топтастыру (классификациялау). Лингвистикалық типология тілдердің типтерін айқындауды мақсат етеді. Алайда, лингвистикалық типология пайда болғаннан бері ұзақ уақыт (150 жылдан астам) өткенімен, тілдік тип туралы ұғым мен тілдердің типтерінің пайда болуының себептері әлі де болса жете айқындалмай келеді.
Тілдің типін айқындау, сайып келгенде, тілдің құрылысын айқындау болып шығады. Алайда, белгілі бір тілдің тілдердің қандай типіне жататындығын айқындау үшін, әдетте, сол тілдің барлық қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты белгілері негізге алынады. Типологиялыық классификация жасауда грамматикалық формалардағы аналитизм мен синтетизм құбылыстарының ара қатысы, бұлардың бірінің басым, екіншісінің аз не мүлдем болмауы, түбір морфема мен аффикстік морфемалардың байланысу сипаты, ішкі флекцияның болуы не болмауы, анықтауыш пен анықталғыштың арасындағы байланыстың түрлері, сөйлемнің эргативті конструкциясы, сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері және т. б. Осылар тәріздес тілдік құбылыстар ескеріледі. Тілдердің типологиялық классификациясында мына бір жайды ескермеске болмайды:Белгілі бір тілде тілдердің бір емес, бірнеше типіне тән ерекшеліктер мен белгілер, әдетте, ұшыраса береді. Осыны ескергенде, әрбір тілді политипологиялы деуге болады. Мұның өзі тілдердің жалпы типологияллық классификациясын жасауда нақтылы бір тілді тілдердің белгілі бір типологиялық тобына жатқызуда ол тілдің күллі құрылымдық ерекшеліктерінің барлығы бірдей емес, ең басты ерекшеліктері мен белгілері алынады. Тілдерге типологиялық немесе морфологиялық классификация жасау ХІХ ғасырдан басталады. ХІХ ғасыр лингвистері тілдердің типтерін айқындауда әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілдерін негізге алады. Неміс лингвисі Фридрих Шлегель (1772 – 1829) санскритті грек тілі, латын тілі және түркі тілдерімен салыстыра келіп, тілдердің екі түрлі типі бар деп есептеді: оның бірі – флективті тілдер, екіншісі – аффикстендірілуші тілдер. Ф. Шлегель тілдерді бұлайша топтастыруда сөз құрамындағы мағыналық бөлшектердің өз ара байланысу сипатын, тілдердің бірінде түбірдің өзгеруін, екіншілерінде өзгермеуін басты меже етіп ұстанды. Ф. Шлегель ұсынған класификацияны өңдеп және толықтыра келіп, Август Шлегель (1767 – 1845) тілдерді үш түрлі типке бөліп топтастырды. Тілдердің ол типтері мыналар: 1) флективті тілдер, 2)аффикстендірілуші тілдер, 3)аморфты тілдер. А. Шлегель Морфологиялық және синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі арқылы берілетін қытай және үнді-қытай тілдерін аморфты тілдердің қатарына жатқызып, флективті тілдердің ішінде синтетизм құбылысы да, аналитизм құбылысы да болатындығын көрсетті.Ағайынды Шлегельдердің флективті тілдер мен агглютинативті тілдердің құрылымын түсіндіруді және тілдердің бір типін артық, екінші типін кем деп бағалауы мүлдем қате болып табылады. Мұның үстіне, егер формасыз тілдің болуы мүмкін еместігін ескерсек, А. Шлегельдің қытай тілін аморфты тіл деп атауы да дұрыс болып шықпайды. Вильгелм Гумбольдт (1767 – 1835) «Грамматикалық формалардың шығуы және олардың идеялардың дамуына әсері туралы» (1822) деген еңбегінде және «Ява аралындағы кави тілі туралы» (3 том, 1836 – 1840) еңбегінің кіріспесінде тілдерге олардың типологиялық белгілерінің негізінде классификация жасап, тілдердің төрт түрлі типін көрсетеді. Олар мыналар: 1.даралаушы тілдер, 2. агглютинативтендіруші тілдер, 3. флективтендіруші, 4. инкорпоративтендіруші тілдер. Бірақ Гумбольдт тілдердің типологиялық классификациясынан қате қорытынды шығарды: тілдердің типтерін «ұлттық» психологияға апарып тіреді, тілдерді тілдердің төменгі сатысындағы, ал флективті тілдерді жоғары сатыдағы тілдер деп есептеді. Бұл көзқарасты кейіннен А. Шлейхер, Г. Штейнталь, Ф. Мистели жақтады. Н.Г.Чернышевский мұндай көзқарастың мүлдем қате екндігін көрсетті. Август Шлейхер (1821 – 1868) тілдерді үш түрлі типке (даралаушы, агглютинативтендіруші, флективтендіруші) бөліп, агглютинативтендіруші тілдердің ішінде де, флективтендіруші тілдердің ішінде де құрылысы жағынан синтетикалық тілдердің де, аналитикалық тілдердің болатындығын көрсетті. Гейман Штейнталь (1848 – 1899) тілдерді формасы бар тілдер және формасыз тілдер деп топтастырды. Бұлайша топтастыруда ол сөздің ғана формасын емес, сонымен бірге сөйлемнің формасын да есепке алады. Акад. Ф. Ф. Фортунатов (1848 – 1914) тілдердің үш түрлі типіне (түбір тіл, агглютинативті тіл, флективті тіл) қоса флективті-агглютинативті тілдер типі бар деп есептейді. Эдуард Сепир (1884 – 1939) тілдердің көп сатылы типологиялық классификациясын (1921 жылы) ұсынды. Э. Сепир тілдерді топтастыруда 1)білдірілетін ұғымның табиғатын, 2) қатынастарды білдіру «техникасын» және 3) синтездің дәрежесін негіз етіп алады. Тіл арқылы білдірілетін ұғымдарды ол 4 түрге бөліп қарады:
І. Нақтылы түбір ұғымдары (заттар, іс-әрекет, сапа); ІІ.Деривациялық ұғымдар (атрибутивтілік, субстантивтілік және т. б.); ІІІ. Нақтылы-реляциялық ұғымдар (мысалы, зат есімнің жекеше-көпше түрі, тек (род түрі) ; IV. Таза реляциялық ұғымдар, яғни тек қана қатынас ұғымдары.
Тілдер сөздің құрылымы арқылы жоғарыда аталған ұғымдардың қай тобын білдіруіне қарай былайша топтастырылады: А. Жалаң реляциялы тілдер (ветьнам тілі, қытай тілі, тибет тілі) І және IV топ ұғымдарын білдіреді. Б. Күрделі реляциялы тілдер (полинезей тілдері, түрік тілі)
І, ІІ, ІІІ топ ұғымдарын білдіреді. В. Жалаң аралас-реляциялы тілдер (банту тілі, француз тілі) І және ІІІ топ ұғымдарын білдіреді. Г. Күрделі аралас реляциялы тілдер (ағылшын тілі, грек тілі, санскрит тілі және семит тілдері) І, ІІ және ІІІ топ ұғымдарын білдіреді.
Э. Сепир грамматикалық тәсілдердің, яғни грамматикалық қатынастарды білдіру техникасының төрт түрлі комбинациясын көрсетеді: 1) даралау (сөздердің орын тәртібі тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, интонация тәсілі), 2)агглютинация (немесе түбір мен аффикстердің «іліктесуі»), 3) фузия (немесе түбір мен аффикстердің «ертіле қосылуы»), 4) символизация (қосарлану тәсілі, түбірдегі дауыстылар мен дауыссыздардың өзгеру тәсілі, екпін тәсілі және полисинтетикалық) дәрежесі бар деп қарайды.
Тілдердің типологиялық классификациясы жайындағы шолуды жинақтай келгенде, тілдерді типологиялық тұрғыдан мынадай типтерге ажыратуға болады.
1.Даралаушы тип. Даралаушы тілдердің қатарына вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя-полинезей тілдері және Батыс Африканың кейбір тілдері енеді. Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді, сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық-айқын емес. Сөздік құрамында бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тәсілдердің ішінде қабысу негізгі тәсіл ретінде қызмет атқарады, қиысу тәсілі ұшырамайды. Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация арқылы беріледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде біріктіру тәсілі қолданылады.
2. Полисинтетикалық немесе инкорпоративтік тілдер типі. Полисинтетикалық тілдердің қатарына америкалық индеецтердің тілдері, полеазиат тілдері (ительмен тілі, чукот тілі, коряк тілі, нивх тілі, юкагир тілі, камчадал; эскимос тілдері; американ индеецтері; кечуа, аймара, алгонкин, игериз және т.б.) жатады. Полисинтетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады. Флективті тілдер мен агглютинативті тілдер де немесе түбір (даралаушы) тілдерде сөйлеммен айтылатындар полисинтетикалық тілдерде бір сөзбен де беріледі. Мысалы, чукот тілінде ты-ата-каа-нмы-ркын деген сөз «мен семіз бұғыларды өлтіремін» дегенді білдіреді. Мұның құрамындағы ты – бірінші жақтың көрсеткіші, ркын – етістіктің жұрнағы, ал басқа сыңарлары есім түбірлер. Лингвистикалық типологияда полисинтетикалық және инкорпоративті тілдер деген терминдер – бір-бірімен синонимдер. Полисинтетика гректің poly+sinthetikos деген екі сөзден құралған. Мағынасы- көп синтетикалы, яғни көп біріктіру, тіркестіру, құрастыру деген сөз. Инкорпорация латынның incorporation сөзінен шыққан. Мағынасы - бірігіп кету, өз құрамына қосып алу деген сөз. Инкорпорация - сөздер немесе ерекше бір синтагмалық единицалар жасаудың өнімді тәсілінің бірі. Инкорпорация бойынша, тілдегі сөз түбірлері мен негіздері бір-бірімен қабыса, кіріге байланыстырылып, көмекші элементтер арқылы бір тұтастыққа біріктіріледі. Бірер сөзбен тұжырымдасақ, полисинтетикалық немесе инорпаративті тілдер дегеніміз - сөздері мен сөйлемдері бірыңғай, біркелкі морфологиялық-синтаксистік тұтастық құрап, көп құрамды, көп мағыналы болып келетін тілдер. Америка мен Австралияның жергілікті халықтарының жүздеген тілі. полисинтетикалық тілдерде іс-қимыл обьектісін, кейде іс-қимыл субьектісін білдіретін етістіктерге ерекше аффикс сөздер кіріге тіркесіп отырады. Екінші бір сөзбен айтсақ, бұл тілдерде грамматикалық ерекше бір құбылыс - сөз аффикстер. Морфологиялық тұрғысынан алсақ, бұл тілдер грамматикалық бір формаға әр түрлі ұғымды білдіретін бірнеше сөз негізін сиғыза алады; бір ғана сөз дегеннің ішінде екі-үш, тіпті оданда көп негіз жүре алады. Мұндайлардың әрқайсысын сөз-комплексі десе де болады. Олай болса полисинтетикалық тілдердің толық мағыналы сөздері ішінде агглютинация элементі де орын алады. Өйткені полисинтетиздің өзі - көп біріккендік. Бірақ полисинтнтикалық агглютинацияның ара-жігін ажырату өте қиын. Оның себебі: бұл тілдерде морфемалар бір-бірімен қосақталып, біріктіріп тастағандай. Соған орай бұл тілдерде сөз құрамындағы дауыстыларда сингармонизмнің ерекше бір түрі-диффузия құбылысы кездеседі. Диффузия - латынның diffundo деген сөзі лингвистикада бұл термин мынандай мағыналарда қолданылады: белгілі бір құбылысын жеке-жеке бөле қою қиын; екі заттың түйіскенде біріне-бірінің араласуы, сіңіскен, бір-бірімен әбден кірігіп түйісе ұласып кеткен.
Америка континентінде көп тараған тілдер – ағылшын, испан, португал және үдістер тілдері. Үндістер Американың ежелгі жергілікті халқы, американ үндістерінің тілінің өзі 700-ге тарта деседі. Ертеде олардың дамыған мәдениеті болған: кечуа халқының дербес мемлекеті - никтер мемлекеті, ал нехуатль, майя тілдерінің өздеріне тән жазуы болған. Кезінде ол жазуды үндістердің басқа тайпалары да қолданса керек. XV-XVI ғасырларда үндістер 50 миллиондай адам болған. Келе-келе еуропалық отаршылдар олардың өзін де, тілдерін де құртып жіберген. Американ үндістерінің көбі екі тілді: ана тілі мен испан немесе ағылшын я португал тағы да басқа тілде сөйлейді. Кейбірі үш тілде тайпа аралық қызмет атқарады. Америка үндістерінің тілдері бір-бірімен өте жақын. Сондай-ақ олардың полиазиат тілдерімен ортақ жайлары бар. Осыған орай, морфологиялық классификация бойынша, американ үндістері тілдері, негізінен полисинтетикалық тілдер типіне жатады. Американ үндістері тілдерінде етістіктің жіктік жалғауының жекше I-II жақтары бәрінде де бірдей: тәуелдік аффикстерінде де, лексикасында да ортақтық өте көп; фонетика саласында музыкалдық тоны басым. Кеңес ғалымдары американ үндістері тілдерін ірі-ірі үш топқа бөледі. Олардың әрқайсысы толып жатқан жеке-жеке және ұсақ-ұсақ тілдерге жіктеледі: Бірінші солтүстік американ үндістері тілдері: алгонкин, ирокиз, сиу, натчез-муског, атабас, мос, пенути, хок т.б. Екінші - уто-ацтек, майя, отоманг, мискита-магалька, чибича т.б. Үшінші – оңтүстік американ үндістері тілдері: тупи гуарани, кечуа, арабак, араукан, чон, алакалуф, папо, же, кариб т.б.қазір американ үндістері 30 миллионннан астам; ХХ ғ. бастап бірсыпсырасы латын алфавитін қолданады.
3.Агглютинативті тип. Агглютинативті тілдердің қатарына түркі тілдері, монғол тілдері, угро-фин тілдері және т. б. тілдер жатады. Агглютинативті деген термин латынның agglutination сөзінен алынған. Орысша мағынасы – склейвание; қазақша – жағамалы, желімдеулі, жапсырыулы деген сөз. Лингвистикада тілдердің Агглютинативті немесе аффиксті типі деген ұғымды алғаш рет енгізген А.В.Шлегель мен В. Гумбольдт. Ф.Ф.Фортунатовтың айтуынша, Агглютинативті тілдерде сөз негізі мен аффикстер жігі ап-айқын болып келеді де, оп-оңай бөлшектенеді (морфемаланады). Сөйтіп, ірі-ірі әрі беделді лингвистердің типологиялық классификациясы бойынша, Агглютинативті типке жатқызылатындар: Алтай тілдер семьясы (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур топтары), Банту семьясы (зулус, киконго, луба, макуа, суахили, шона, т.б), Дравид семьясы (телугу, тамил, канпара, иаляли, тулу, гондт, еандхи, ораон т.б), ал жеке тілдерден – корей, жапон тілдері. Сонда бұл типке кіретін тілдер Азия, Еуропа және Африканың көптеген жеріне тараған болып шығады. Агглютинативті тілдерге тән басты басты ерекшеліктер мыналар: сөз түбіріне аффикс қосылғанда, сөз түбірі өзгеріске түспей, өзінің бастапқы қалпын сақтап қалады. Аффикстер сингормонизм заңына бағына отырып, белгілі бір түбірге біркелкі түрде бірінен соң бірі жалғана береді. Сөзге қосылатын аффикстердің әрқайсысы бір-ақ қызмет атқарып, тек қана бір-ақ мағынаны білдіреді. Бұл тілдерде орыс тіліндегідей префикс, предлог дегендер жоқ. Бұл тілдерде көмекші сөздерден: демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар, ал аффикстерден: жұрнақтар мен жалғаулар (флексиялар) ғана бар. Нағыз Агглютинативті қазақ тіліндегі септік, тәуелдік, жіктік формалары сияқтылар флективті орыс тіліндегі бұл сияқты мағына білдіретін категориялардан мүлдем дерлік өзгеше. Жалпы Агглютинативті тілдердегі дыбыстардың үндесуі, негізінен, бұлжымайтын заң. Қазақ тілі – Агглютинативті тіл. Мысалыға қамсыздандырылмағандықтарыңыздан деген бір ғана сөзді алайық. Мұнда 11 морфема, оның ішінде тір ғана түбір – негізгі морфема (қам), 10 көмекші морфема – аффикс бар: сыз-дан-дыр-ыл-ма-ған-дық-тар-ыңыз-дан.
Агглютинативті тілдерге тән агглютинация құбылысы ерекшеліктерін фузия құбылысымен салыстыра қарастырғанда, тіпті айқындала түседі.
4. Флективті тип. Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі және т. б. тілдер енеді. Флективті тілдерде ішкі флексиямен бірге сыртқы флексия да қолданылады. Екінші сөзбен айтқанда, флективті тілдерде грамматикалық мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да (мысалы: окно – окон, избегать – избежать), аффиксация тәсілі арқылы да (мысалы: охотник, охотника, охотнику, охотником) беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет