ІІ. Семит-хамит тілдері.
1.Семит тобы. Бұл топқа енетін тілдер: араб тілі (жазуы араб алфавитіне негізделделген; Аравия, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина, Иран, Түркия, Ауғанстан, Судан Тунис, Алжирде және т.б.) – халық аралық тілдердің бірі, амхор тілі (Эпиопияның әдеби тілі), тигре, тигран, гураре тілдері (Эфиопиядағы жазуы жоқ тілдер), айсор тілі (Иран, Ирак, Сирия және СССР-де), иврит тілі (Израйль еврейлерінің әдеби тілі). Бұл топқа мынадай өлі тілдер енеді: аккд (ассиро-вавилон) тілі, угарит тілі, аремей тілі, финикий тілі.
2. Египет тобына көне египет тілі және копт тілі деп аталатын өлі тілдер енеді.
Семит-хамит тілдерінің қатарына тілдердің кашит тобы, бер-бер тобы және чадо-хамит тобы енеді.
ІІІ. Кавказ тілдері. Кавказ тілдерінің бірнеше тобы бар: а) оңтүстік (немесе картвель) тобына енетін тілдер: грузин тілі (жазуы грузин алфавитіне негізделген; Грузияда, Турция мен Иранда), мегрель тілі, чан (лаз) тілі (Түркияда), сван тілі; ә) батыс тобына енетін тілдер: абхаз тілі (жазуы 1954 ж. Дейін грузин алфавитіне негізделген; Абхаз АСССР-і), адыгей және кабардин тілдері (Кабардин-Балкар АСССР-і), б) бацбий-кистин тобына енетін тілдер: бацбий тілі, чечен тілі және ингуш тілі (Чечен-Ингуш АСССР-і); в) дағыстан тобына енетін тілдер: авар тілі, даргин тілі, лезгин тілі, лакс тілі, табасаран тілі (жазулары орыс алфавитіне негізделген) және Дағыстандағы жазусыз бірнеше тілдер.
IV. Фин-угор (немесе угро-фин) тілдері. Фин-угор тілдері екі үлкен топқа бөлінеді: а) угор тобына енетін тілдер: венгер (мадьяр, угор) тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Венгрия, Югославия, Чехословакия, АҚШ-да, СССР), манси тілі, ханты тілі (СССР) ; ә) фин тобына енетін тілдер: фин тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Финляндия, Швеция, Норвегия, АҚШ-да, Австралия), карель тілі (СССР), вепс және ижор тілдері (СССР), коми-зырян тілі (Коми АССР-і, Свердлов облысы), удмурт тілі (Удмурт АССР-і, Башқұрт АССР-і және Киров, Горький облыстарында), марий тілі (Марий АССР-інде) және т.б. тілдер.
Достарыңызбен бөлісу: |