ХІІ-ДӘРІС: Сөз таптары, оларды ажырату принциптері, негізгі белгілері: семантикалық, морфологиялық (сөз тудырушылық) және синтаксистік. Әртүрлі тілдердегі сөз таптарының жүйесі. Тілдегі сөз мағына жағынан, атқаратын қызметі жағынан түрлі болып келеді. Тiлдiң грамматикалық құрылысы, белгiлi топтағы сөздердiң түрлену жүйесi мен соған сәйкес туындайтын әр түрлi грамматикалық мағыналар, грамматикалық категориялардың өмiр сүрiп, жүйелi тiлдiк құбылыс болуы т.б. сипаттар тiлiмiздегi сөздердiң белгiлi белгiлi грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлiнуiне байланысты. Өйткенi сөздер семантикалық сипаттарының, түрлену жүйесiнiң, синтаксистiк қызметтерiнiң ортақтығына қарай топталады. Ғылымда сөз атауы үш үлкен топқа бөлінеді: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одғай сөздер.
1) Атауыш сөздер – лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады, олардың көбінің түрлену жүйесі, грамматикалық категориялары бар, сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларда қолданылады. Атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтары да кездеседі, бірақ олардың бәрі – лексикалық мағынасы бар сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері:
1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер, олар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, елеіктеуіш сөздер.
2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін, сөйлемді құрауға қатысады.
3. Атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан, олар сөйлем мүшесі бола алады.
4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүмкін емес.
5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әрі сөз табының мағынасынан көруге болады.
6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады, мәселен түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.
Міне, бұл белгілер атауыш сөздерге жататын 7 сөз табының бәріне қатысты. Бұл – осы таптарының ұқсастық белгілері, бәрінің бір топ болуына негіз болған белгілер. Қалған сөздердің тобында бұл белгілер жоқ.
2) Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге, сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық мағыналарға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мәселен, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді (С.М.) Осы сөйлемде үш көмекші сөз бар. Олар – үш түрлі көмекші сөздер, үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі – ет көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуіш сөзге тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып, сөзжасамдық қызмет атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп – бір сөз, бір сөйлем мүшесі. Оның мағынасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады, бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге қатысты деуге болмайды, ол сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.
Тiлдiң грамматикалық құрылысы, белгiлi топтағы сөздердiң түрлену жүйесi мен соған сәйкес туындайтын әр түрлi грамматикалық мағыналар, грамматикалық категориялардың өмiр сүрiп, жүйелi тiлдiк құбылыс болуы т.б. сипаттар тiлiмiздегi сөздердiң белгiлi белгiлi грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлiнуiне байланысты. Өйткенi сөздер семантикалық сипаттарының, түрлену жүйесiнiң, синтаксистiк қызметтерiнiң ортақтығына қарай топталады. Әдетте қазақ тiлiндегi сөз топтары атаушы немесе мағыналы сөздер, көмекшi сөздер болып, кейде оған үшiншi топ – одағай сөздер қосылып бөлiнiп жүр. Сөздердi таптастырғанда, төменде талданатындай, сөздерде лексикалық мағынаның абстракцияланып, соның негiзiнде жалпы грамматикалық мағынаның болуы шешушi рөл атқарады. үшiншiден, атаушы (дербес мағыналы) сөздер белгiлi-белгiлi грамматикалық қасиеттерiнiң, белгiлер жүйелiгiнiң ортақтық, тәндiк сипаты арқылы топталып, сөз таптары айқындалады. Ондайда сөз таптарына бөлуге негiз болатын грамматикалық қасиеттер мен белгiлер жүйесi барлық атаушы сөздерде бар –жоқтығына ыңғайлас, мәндестiгiне немесе қайшылығына қарай тiртектес принциптермен анықталады. Ал, төртiншiден, көмекшi сөздер грамматикалық сипаттары мағынан өздерi шыққан негiзгi сөздерден айырмашылығы болмай, я онша алшақтап кетпесе, сөз таптары грамматикалық сипаттағы сөздер тобы болғандықтан да, сол өздерi шыққан негiзгi сөз таптары шеңберiнде қаралады.Мысалы, көмекшi есiмдер зат есiмдерден шығып, лексикалық мағыналары солғындаған болса да, грамматикалық сипаттары, атап айтқанда, түрлену жүйесi (тәуелдену, септелу, көптелу), тiркесуi мен синтаксистiк қызметi т.б. зат есiмнен алшақтап кетпегендiктен, зат есiм шеңберiнде қаралады. Сондай-ақ көмекшi етiстiктер де етiстiктердiң грамматикалық сипатын (жiктелуi, шақ, рай, етiс, модальдылық т.б.) өз бойында сақтап отыратындықтан да етiстiк шеңберiнде қаралады. Бесiншiден, қалған көмекшi сөздер (шылаулар), одағайлар, модаль сөздердi таптастырудың осы айтылғандай, грамматикалық сипаттары, яғни түрлену мен синтаксистiк қызметтерi негiзiнде емес, ерекше қолданыстық-семантикалық қасиеттерi негiзiнде жеке-жеке сөз таптары болып қаралады. Сөйтiп, сөздердi сөз таптарына жiктеудiң белгiлi-белгiлi принциптерi бар, бiрақ олар негiзiнен атаушы сөздерге ғана қатысты болып келедi.
Сөз таптары сөздердiң белгiлi жүйе негiзiнде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздердi, олардың түрлерiне бөлуге ол сөздердiң грамматикалық сипаттары мен белгiлерi негiз болады. Сөздердi сөз таптарына қатысты тұрақты белгiлерiнiң негiзiнде жан-жақты жiктеу үшiн жүйелi принциптер негiзге алынуы керек. Ол принциптер сөздердiң грамматикалық сипаттарына негiзделуi тиiс. Сөз таптарының қалыптасуы мен дамуы. Сөздердi таптастыру принциптерi мен сөз таптары. Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бiр сыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерiмен байланыстырады. Негiзгi сөз таптары сөйлеу процесiнде сөздердiң белгiлi сөйлем мүшелерi қызметiнде жұмсалу барысында бiртiндеп жасалып, қалыптасқанын көрсетедi. Әрине, бұл процесте сөйлем iшiндегi сөздердiң орын тәртiбi, орналасу тұрғысының да әсерi бар. Өйткенi сөздер, бiр жағынан, сөйлемдегi орын тәртiбi арқылы (бұл сөздердiң белгiлi тәртiппен орналасуының қолданыла келiп, тұрақталуы негiзiнде қалыптасады), екiншi жағынан, белгiлi сөздермен тұрақты синтаксистiк қатынас жасап, грамматикалық сипаты айқындала бастау арқылы белгiлi грамматикалық мағыналарға ие болады. Сол жалпы грамматикалық мағыналарының негiзiнде сөздер жеке-жеке грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына мiктеле бастайды. Сөз жоқ, алдымен саралана бастаған – есiмдер тобы мен етiстiктер. Бұл топтардың өзi сөйлеуде қызметтерi, орын тәртiбi арқылы амырап отырған. Есiмдер субъект (субстант), объект есебiнде, сөйлемнiң соңындағы сөздер предикат қызметiнде жұмсалып, көпшiлiк мағдайда бiр сөздiң өзi әрi есiм ұғымында, әрi қимылдық ұғымды орын тәртiбiне қарай бiлдiрiп жұмсала берген. Тiлiмiзде қазiр омоним деп танылып жүрген, түркi синкретизмi деп аталатын құбылыс, яғни есiм – етiстiк бiр буынды негiзгi түбiрлер осының айғағы болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |