1. Кеден режим түсінігі және мәні 1Дәріс. 1-тақырып Кеден режим ұғымы және оның түрлері Кеден режим түрлері олапрдың қолданылуы


-Дәріс.9-Тақырып Тауарлардың экспорты,кері экспорты



бет3/3
Дата04.07.2016
өлшемі276.5 Kb.
#177212
1   2   3

9-Дәріс.9-Тақырып Тауарлардың экспорты,кері экспорты

1.Тауарлардың экспорты мәні

2.Тауарлардың кері экспортының кедендік режиде орналастыру

3.Тауарлардың экспорты,кері экспортын еркін айналыс үшін

шығарылған тауарларға қолдану

Тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге осы аумақтан тыс жерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетілетін кедендік режим.

Тауарларды тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастыру жағдайлары тауарлар экспорты:

1) кедендік әкету баждары төленген;

2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуге тиіс. Бұл орайда олар тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, кедендік декларация қабылданған күнгі қалпында болуға тиіс.Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшін шығарылған тауарлар әкетілмеген кезде тауарларды өткізуші тұлға жауапты болады.

Тауарлардың кері экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетілетін кедендік режим.

Тауарларды тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне орналастыру жағдайлары тауарлардың кері экспорты:

-егер сыртқы сауда мәмілесінің шарттары керi экспортты көздеген;

тауарлар сыртқы экономикалық мәміленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға әкетілген жағдайларда, уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгілі бiр кедендік режимге орналастырғанға дейін әкетiлген;

-бұрын еркін айналыс үшін тауар шығарудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар осы Кодекстің 211-бабында көзделген жағдайларды сақтай отырып әкетілген;

- бұрын кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің және еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимдеріне орналастырылған, қайта өңдеу жөніндегі операцияларда болмаған шетелдік тауарлар әкетілген;

- сыртқы сауда мәмiлесiнiң шарттары керi экспортты көздеген;

тауарлар сыртқы экономикалық мәмiленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған жағдайларда, бұрын кеден қоймасының, еркін қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк режимдерiне орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.

Акцизделетін тауарлардың кері экспорты кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеу не кедендік алып жүру қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады. Кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Тауарлардың кері экспортының кедендік режимін еркін айналыс үшін шығарылған тауарларға қолдану:еркін айналыс үшін шығарылған тауарларға қатысты тауарлардың кері экспортына, егер алушы тауарларды алған кезде оларда ақаулардың болғаны не олардың өзгедей түрде сыртқы экономикалық мәміле жағдайларына сәйкес келмегені және осы себептер бойынша тауарлар жеткізушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға мынадай жағдайларды:

- егер келісімшарттың талаптарында басқа мерзім көзделмесе, тауарларды әкету олар еркін айналыс үшін шығарылған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылатын;

- тауарларды кеден органдары бірдейлендіре алатын;

- тауарларды пайдалану ақауларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасында пайдаланылмаған жағдайларды сақтай отырып қайтарылғаны анықталса жол беріледі.

Әкелінген тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне орналастыру кезінде төленген сомалардың қайтарылуы осы бөліктің әкелінген тауарлар легіне сандық арақатынасы бойынша жүргізіледі.

1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000

2. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000

3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998

4. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

5. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002

6.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002

Ұсынылған әдебиеттер тізімі



10-Дәріс.10-тақырып Тауарлар транзиті

1.Тауарлар транзитінің кедендік режимі:

2.Халықаралық почта жөнелтімдерінің транзиті

3.Құбыр тасымалы мен электр беру желілері бойынша өтетін тауарлардың транзиті

Тауарлардың транзиті дегеніміз:

1) шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген жері мен олардың осы аумақтан әкетілген жерінің арасында тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік баждарды және салықтарды төлеместен өткізілетін;

2) қазақстандық тауарлар шет мемлекеттің аумағы бойынша олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілген жері мен олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген жерінің арасында, кедендік баждарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан өткізілетін кедендік режим.

Тауарлар транзитінің кедендік режиміне кез-келген тауарлар:

1) осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салынған тауарлар тізбесіне енгізілмеген;

2) егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзиттің жолдары мен бағыттарын белгілеген болса, тауарлар олар бойынша тасымалданатын;

3) тауарлар көлік құралының, белгіленген маршруттың мүмкіндіктерін және тасымалдаудың басқа жағдайларын негізге ала отырып, бірақ бір айға екі мың шақырым деп есептелген шекті мерзімнен аспайтын, кеден органы әдеттегі жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгілеген мерзімде тасымалданған;

4) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарлар өзгеріссіз қалпында жеткізілген жағдайда орналастырылуы мүмкін.

Шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитіне кедендік баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша транзит.

Қайта тиеу және тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша өткізілетін тауарлармен өзге де операциялар:

1) бір көлік құралынан екінші көлік құралына қайта тиеу;

2) түсіру және кедендік бақылаумен қоймаға уақытша қою.

Транзиттік тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы бұзылған кезде ондай тауарларды түсіруге және Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қоймада уақытша сақтауға жол беріледі.Транзиттік тауарларды қоймада уақытша сақтау кеден органы құрған уақытша сақтау қоймасында, ал ол болмаған жағдайда, осы Кодексте белгіленген тауарларды уақытша сақтауға қойылатын жағдайлар мен талаптарды сақтай отырып, өзге де уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылады.Транзиттік тауарларды уақытша қоймада сақтау мерзімін тасымалдаушы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті, бірақ тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімінен аспайтын уақытты негізге ала отырып белгілейді.Қызметі аймағында транзиттік тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылатын кеден органы жөнелтуші және межелі кеден органдарын тауарларды жеткізу мерзімін ұзарту мақсатында көлік құралының бұзылу жайлары туралы хабардар етеді.Транзиттік тауарлардың жойылуына, жоғалуына немесе елеулі түрде бүлінуіне нақты қауіп туындаған және транзиттік тауарлармен операциялар жасау кезінде белгіленген талаптарды сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушы өз қалауы бойынша қажетті іс-әрекеттерді:

1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолданылған және оларды заңсыз пайдалануға жол берілмеген;

2) жақын орналасқан кеден органына транзиттік тауарларды тасымалдаудың тоқтатылуының мән-жайлары туралы дереу хабарланған жағдайда жүргізуге құқылы.

Қазақстандық тауарларды шет мемлекеттің аумағы арқылы тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес тасымалдау аумағы арқылы транзит жүргізілетін мемлекеттің заңдарына сәйкес, транзит мерзімдері мен транзиттік тауарлардың жай-күйін өзгертпеу жағдайлары сақтала отырып жүзеге асырылады.

Тауарлар транзитінің кедендік режимі:

1) шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуімен не қазақстандық тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуімен;

2) тауарларды:

егер тасымалдаушы транзиттік тауарларды одан әрі өткізуге мүмкіндік бермейтін не тиімсіз ететін аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан тауарларды транзиттеудің кедендік режимінің шарттары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алмаған;транзиттік тауарлардың меншік иелері болып табылатын тұлғалар өз ниеттерін өзгерткен жағдайда өзге кедендік режимдерге орналастыруымен аяқталады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша транзитпен өткізілетін халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік ресімдеу жүргізілмейді.

Құбыр тасымалы мен электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлардың транзитін кедендік ресімдеу уәкілетті орган белгілейтін оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасында белгіленген нормалар мен стандарттарға сәйкес тауарлар тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктеріне және өзіндік сипаттамаларына орай Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша құбыр тасымалымен өтетін транзиттік тауарлардың жай-күйінің өзгеруіне жол беріледі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.

2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.

3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»

1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Алматы,2004ж

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.

11-Дәріс.11-Тақырып Тауарларды жою

1.Тауарларды жою тәртібі

2. Тауарларды жою мерзімдері

Тауарларды жою - кедендік баждарды және салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік тауарлар кедендік бақылаумен жойылатын, оның ішінде пайдалану үшін жарамсыз қалыпқа келтірілетін кедендік режим.

Тауарларды тауарлар жоюдың кедендік режиміне орналастыруға уәкілетті мемлекеттік органның жою тәсілі мен орны көрсетілетін жою мүмкіндігі туралы қорытындысының негізінде жол беріледі.

Тауарларды жоюдың кедендік режиміне:

1) пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін, сондай-ақ адамның денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдарды қоспағанда, бұйымдар және (немесе) материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін тауарларды;

2) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарды;

3) індеттер мен эпизоотиялардың және карантиндік объектілердің таралу жолын кесу мақсатымен оларды жою талап етілетін жағдайларды қоспағанда, жойылып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөлшектері мен дериваттарын;

4) кепілдік қатынастар тоқтатылғанға дейін кеден органдары кепілдік зат ретінде қабылдаған тауарлар мен көлік құралдарын;

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қойылған тауарларды немесе тыйым салынған тауарларды, оның ішінде заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

Тауарларды жою аталған кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның есебінен жүзеге асырылады әрі Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары үшін қандай да бір шығыстар келтірмеуі тиіс.Егер тауарларды жоюдың кедендік режиміне мәлімделген тауарлар экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтірілуі мүмкін болмаса, жоюға жол беріледі.Кеден қоймасында сақталатын тауарларға қатысты тауарларды жоюдың кедендік режимін кеден қоймасына тауарлар өткізген тұлғаның келісімі бойынша кеден қоймасының иесі мәлімдеуі мүмкін.

Тауарларды жою мерзімдері.Тауарларды жою тәсілін және оны жүргізу орнын негізге ала отырып, тауарларды іс жүзінде жою үшін кеден органы белгілейтін мерзімдерде тауарлар кедендік бақылаумен жойылады.

Тауарларды жою тәртібі:

1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де ықпал ету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен жою. Тауарды жою тәсілі оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін қалпына келтіру, бастапқы жай-күйіне келтіру мүмкіндіктерін болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс;

2) мұндай бүлдірулер тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шартымен, тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен бүлдіруді қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық бүлдіру жолымен жүргізіледі.

Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларды жою тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындысы негізінде жүргізілген болып саналады.

Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар оларды одан әрі пайдалану мүмкін болатын жағдайда кедендік бақылаудағы шетел тауарлары ретінде тиісті кедендік режимге орналастырылуы тиіс.Бұл ретте тауарлардың кедендік құны тиісті кедендік режиммен орналастыру кезінде кедендік құнды айқындау ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді.Тауарларды жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Тауарларды жоюдың кедендік режимі тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003

2. Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы. Жалпы және ерекше бөлім. Алматы – 2002

3. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002

4. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000

5.Томоженные режимы. Алматы – 2002

6.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000

7. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000

8.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998

9.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998


12-Дәріс.12-Тақырып Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту

1.Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту маңызы

Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік тауарлар кедендік төлемдердi, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан мемлекет меншігіне өтеусіз берілетін кедендік режим.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кеден органдары үшін қандай да бір шығыс келтірмеуге тиіс.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режиміне:

1)қару-жарақты, олардың оқ-дәрілерін, әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдар мен олардың құралдарын;

2) әскерилендірілген ұйымдар жеке құрамының арнайы жабдықтарын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнімдерін;

3)жарылғыш заттарды, жару құралдарын;

4)зымырандық-ғарыштық кешендерді, әскери мақсаттағы байланыс пен басқару жүйелерін және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;

5) зымырандық отынның барлық түрлерін, сондай-ақ олардың өндірісі үшін арнайы материалдар мен арнайы жабдықтарды;

6) әскери уландырғыш заттарды, олардан қорғану құралдарын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;

7)уранды, басқа да ыдырайтын материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды;

8)қару-жарақ пен әскери техника жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестірушілік зерттеулер нәтижелерін;

9)шифрлау техникасын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;

10)есірткі құралдарын, психотроптық, күшті әсер ететін, улы заттарды, сондай-ақ прекурсорларды;

11)радиоактивті материалдардың қалдықтарын;

12)жарылғыш заттардың қалдықтарын;

13)өнеркәсіп қалдықтарын;

14)энергияның электрлік, жылулық және өзге де түрлерін;

15)тұтыну мерзімі өткен тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінің аяқталуы.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі осы Кодекспен айқындалған тәртіппен және жағдайларда кедендік ресімдеумен аяқталады, бұл ретте кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін көрсетілген кедендік режимді өзгертуге жол берілмейді.Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимге орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мұндай тауарлар мемлекеттік меншікке айналады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.

2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.

3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»

1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Алматы,2004ж

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.

13-Дәріс.13-Тақырып Еркін кеден аймағы

1.Еркін кеден аймағы түсінігі

2. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері

Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, кедендiк баждар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді.

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады.

Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік режимінде болу мерзімі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.

Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебін жүргізу арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.

Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану

1.Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде кедендiк баждар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.

2.Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3.Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.

4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:

1)Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;

2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері

1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.

2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.

Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы

Еркін кеден аймағының кедендік режимі:

1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;

2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003

2. Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы. Жалпы және ерекше бөлім. Алматы – 2002

3. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002

4. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000

5.Томоженные режимы. Алматы – 2002

6.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000

7. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000

8.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998

9.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

14-Дәріс.14-Тақырып Еркін Қойма

1.Еркін қойма түсінігі

2.Еркін қойма иесінің міндеттері

3.Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын

тоқтата тұру

Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

Еркін қоймаға орналастыруға жол берілетін тауарларҚазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.

Еркін қоймаларда қайта өңдеуге арналған тауарлар үшін қайта өңдеу жөніндегі: әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамалары сақталатын монтаждауды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына келтіруді қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.

Олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және оған қосалқы бөлшектер ретінде тиеу-түсіру техника сын, еркін қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі.Қайта өңдеу өнімдері үшін тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:

тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтім дерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен неме¬се жұмыс жағдайына келтірумен байланысты қара пайым операциялар, тиімді орналастыру мақ са тында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыс¬тыру, тауарларды көрсету стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі. Қайта өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу өнімдері үшін бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:

тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы темпера туралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозиядан қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын жасауға жол беріледі.

Еркін қойма жұмыс істеп тұрған жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін қоймаларда бола алады.Еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу еркін қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ еркін қоймалардан әкетілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Еркін қоймалардың иелері еркін қоймаларға орналастырылатын тауарлардың, сондай-ақ мұндай тауарлармен жүргізілетін операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.Еркін қоймадағы тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізу үшін, мұндай құжаттарда тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілері, олардың саны, тауарлардың еркін қойма шегіндегі қозғалысы туралы мәліметтер, еркін қоймада болған олардың кез келген өзгерістері көрініс тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.

Еркін қойма иесінің міндеттері:

1) еркін қойма жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;

2) тауарлардың сақталуын және олармен жүргізілетін операциялардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3) кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесуге;

4) қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алып қойылмауын қамтамасыз етуге;

5) еркін қойма құру үшін шешім шарттарын сақтауға және тауарларға қол жеткізуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;

6) кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жүзеге асыру үшін кеден органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үй-жайларды, еркін қоймадағы жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге;

Тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарларды еркін қоймаларға орналастыру кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, қазақстандық тауарларды әкелуді қоспағанда, мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік баждар мен тарифтік емес реттеу шаралары:

1) шетелдік;

2) еркін қоймаларда өндірілген;

3) еркін қоймаларда қайта өңделген тауарларға қолданылмайды.

Тауарлардың еркін қоймалардан шығуы тауарлардың шығуы туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:

1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;

2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақтарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.

Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.

Еркін қойма қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1. Еркін қойма құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сай келуге:

1) қойма иесінің меншігінде болуға не шешім алуға өтініш берілген кезден бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуына;

2) периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға;

3) еркін қойманың аумағында оның бөлігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар орналаспауға;

4) тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;

5) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау үшін жайластырылуға және жабдықталуға

6) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тар¬мағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағ дар ламалық өнімдермен үйлесімді бағдарла малық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға;»;

7) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.

2. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын

тоқтата тұру

1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа еркін қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.

3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.

Еркін қойманы құруға арналған шешімді қайтарып алу

1. Уәкілетті орган:

1) көрінеу жалған мәліметтер берілген;

2) еркін қойманың иесі шешімдегі талаптарды орындамаған;

3) шешімді қолданудың бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;

4) сот еркін қойманың иесіне еркін қойма қызметін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салған жағдайларда шешімді қайтарып алуы мүмкін.

2. Шешімді қайтарып алу мұндай шешімді дәйектей отырып уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады.

3. Шешім қайтарылған жағдайда, еркін қойманың иесі қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейшешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

4. Еркін қойманы құруға шешім беру туралы қайта өтініш қайтарып алуға негіздеме болған себептер жойылған жағдайда белгіленген тәртіппенқаралуы мүмкін.

Еркін қойманы құруға арналған шешімнің қолданылуын тоқтату мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.Еркін қойманың қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда еркін қойманың иесі шешімніңқолданылуы тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.Еркін қойманың қызметі тоқтатылған жағдайда, шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар айқындалған тәртіппен басқа еркін қоймаға ауыстырылуы мүмкін не осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимінің қолданылуы шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде аяқталуы тиіс.Егер қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататын тауарлар еркін қоймада болған жағдайда кеден органы оның таратылатындығы туралы осы тауарларды еркін қоймаға орналастырған тұлғаны хабардар етеді. Бұл ретте осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимі қайта өңдеудің соңғы операциясы аяқталғанға дейін сақталады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002

2. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000

3. Томоженные режимы. Алматы – 2002

4.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000

5. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000

8. Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998

9. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

10. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002

11. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002

15-Дәріс.15-Тақырып Арнайы кедендік режим

1.Арнайы кедендік режим мәні

2.Арнайы кедендік режимге орналастырылатын тауарлар

Арнайы кедендік режим - экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда, тауарлардың жекелеген санаттары кедендік баждар және салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кедендік режим.

Арнайы кедендік режимге орналастырылатын тауарлар Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мынадай тауарлар арнайы кедендік режимге орналастыруға жатады:

1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің және өзге де ресми өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;

2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының әскери мекемелерінің арасындағы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;

3) теңіз, әуе және темір жол көлігі түрлерімен өткізілетін аталған көлік құралдарының қалыпты жұмыс істеуі мен оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге, олардың экипажы мен жолаушыларының тіршілік қызметін қамтамасыз етуге арналған борттық запастар мен кеме қорлары;

4) кедендік шекара арқылы өткізілетін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған тауарлар, оның ішінде төтенше оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін тарату үшін, не осы мақсаттарда коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдарына беруге арналған тауарлар; құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қажетті тауарлар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтық қорғаныс күштерінің тауарлары;

5) шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ықтимал сұранысын айқындау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сол шикізаттың не өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері. Бұл ретте мұндай зерттеулерді жүргізу үшін жеткілікті, коммерциялық құндылығы жоқ, шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ең аз саны үлгі деп ұғынылады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998

2. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

3.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002



4.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет