3.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
Қазақстан Республикасының алдында тұрған көптенген мақсаттарының арасында мұнайгаз компанияларының тиімді қызмет ету проблемалары ең бірінші орынды иемденеді. Өйткені мұнай – стратегиялық маңызды шикізат, ал мұнай кешені – мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал жасайды.
«ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының маркетингтік қызметін жетілдіру бағыттарына көшпей тұрып автор жалпы Қазақстан бойынша мұнай жағдайын қарастыруды ұсынады. Өйткені біріншіден «ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасы ұлттық компания, екішіден макро деңгейдегі жағдайлар, әсіресе мұнай саласындағы қайшылықтар әрбір мұнайгаз компаниясына өз әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен, Қазақстан және жалпы шетелдің мұнай кәсіпорындарымен салыстыра отырып Қазақстан мұнай кәсіпорындарындағы маркетингтің дамудың негізгі проблемалары мынада:
Қазіргі кезде Қазақстанда бәсекелестердің ақпараттары көп жағдайда коммерциялық құпия болып табылады, ал көптеген шетелдік мемлекеттерде әртүрлі коммерциялық базаларға жол ашылуы күрт жоғарылаған;
Маркетинг зерттеулерге байланысты проблемалардың туындауы: мысалы шетелдерде зерттеулерді жүргізу барысында жаңа технологиялар мен компьютерлік техникаларды қолданады, ал біздің республикамызға әлі күнге дейін “логистика” термині мағынасы туралы даулар жүруде;
Шетелдерде тұтынушылар мен сатып алушылар арасында сұрақ-жауап анкеталар жүргізу туралы үлкен күмән келтіруде, олар көбінесе эксперттік әдістерге, яғни эксперттердің профессионалдықтарына сүйене отырып зерттеу жүргізеді, ал біздің Қазақстанда маркетингтік зерттеудің негізі болып, сұрақ-жауап және анкеталар болып табылады;
Ақпарат – қазіргі заманғы ең қымбат өнім. Кейбір кездерде ол көбінесе сәттілік әкеледі. Бірақ Қазақстанда қазіргі кезде ақпарат ресурс немесе өнім ретінде қарастырылмайды, яғни мән берілмейді;
Қазақстан мұнай шикізат қорының байлылығына қарамастан ішкі нарықта мұнай өнімдеріне деген дифицит және жоғарғы баға байқалады;
Мұнайгаз экономиканың негізгі стратегиялық саласы ретінде мемлекеттің ұзақ бойы тұрақты дамуын, сонымен қатар ірі инвестициялар түсуін қамтамасыз етуде. Ол ең біріншімен мұнай экспортының көлемінің өсуіне байланысты. Бірақ мұнай экспортының көлемінің өсуіне қарамастан жалпы ресурстарды тиімді пайдалану әлі де төменгі деңгейде.
Қазақстан Республикасының мұнай компанияларының ерекшелігін, дамуын, қазіргі жағдайын, олардың тиімді қызмет етуін және мұнай өңдеу ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі бағыттарды ұсынуға болады:
Трансферттік бағаны қатал бақылауға алып мұнай өндіру көлемін ұлғайту;
Экспорт, мұнай өңдеу зауыттарының және ішкі нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып шикізат көлемін нақты анықтау;
Өзінің өңдеу қуатын көбейту;
Шикізат өнімдерін тиімді пайдалану;
Экологиялық бақылауды күшейту және мұнай компанияларының қызметіне байланысты санкцияларды қаталдату;
Мемлекеттің стратегиялық қызығушылығын ескере отырып өзіндік магистралін құру арқылы алыс және жақын шетелден келетін өнімдерге деген тәуелділікті төмендету.
Каспий өңірі көмірсутегін өндірудің өсуіне, магистральдық, оның ішінде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктерді сақтау және аустырып тиеу үшін теңіз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темір жол терминалдарын салуға Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуір көлемде әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің қуатты өсуін бастан кешіретін болады.
Каспийде көмірсутегінің өндірудің дамуы мұнай-химия индустриясы үшін отандық шикізат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Кешен мұнай-химия өнімдерінің сұйық және бастапқы компоненттерінің ауқымды бөлігін этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, олардың негізінде пластикалық массалар мен элостомерлер алуға мүмкіндік береді.
Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға 80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы салуға неиет білдіруде. Бұл қаражат іске қосылатын кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салуға жұмсалатын болады.
«ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының маркетингті басқару қызметінің негізгі проблемалары, яғни әлсіз жақтары:
Мұнайды тасымалдау кезіндегі қосымша шығынның жоғарылауы (мұнайдың төгілуі);
Маркетинг қызметін басқарудағы біртұтас келісушіліктің жоқтығы;
Маркетинг бөлімінің кей кездері басқа да бөлімдердің қызметін атқару;
Мұнай-газ саласында білімді мамандардың жетіспеушілігі.
«ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының маркетингтік қызметін жетілдіру үшін негізгі бағыттарды, дәлірек айтсақ дамыту принцитерін ұсынамыз:
1. Өнімділік. Өнімділік принципі – бұл әлемдік баға деңгейіне және басқа өндіріс салаларға теріс әсер етпей қазақстан және сыртқы нарықтарға шикізатты өндіру және сату қабілеті. Осы жағдайда мемлекет табыстың бір бөлігінің қайта жабдықтауға, жаңа технологияларды және басқару әдістерін енгізуге әсер ету, сонымен қатар, мұнай мен газдың әлемдік бағасына әсер ететін глобальдық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуға мүмкіндіктер алуы қажет.
2. Сапа. Мұнайды құю кезінде жоғалту деңгейін қысқарту керек. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдіру тереңдігі 10 – 15 пайызға арттыру қажет. Ол өз кезегінде мұнай мен газ өндіру 20 пайызға көбейеді, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттау квотасы ұлғаяды. Мұнай саласындағы басқару он жыл ішінде үш есе ұлғайған күкіртсутекті шикізаттарды эспорттау емес, мұнай өңдеу нәтижелерін экспорттауды ынталандыруы қажет.
3. Еңбек жағдайының өнімділігі. Басқарудың ғылыми әдістерін енгізу және еңбектің өнімділігін көтеру (Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы еңбек өнімділігі АҚШ – қа қарағанда 59,8 %, ал Германиядан 79,6 %-ға төмен).
4. Өндірістерде кең өріс алған тік маркетингтік жүйе дамуы тиіс. Тік маркетингтік жүйе өндірушілер мен делдалдардың қызметтерінің жоғары дәрежеде келісілген түрде іске асырылумен ерекшелену тиіс. Дамыған елдердің өткізу саясаты тәжірибесінің оңтайлы жақтарын ескере отырып, көп арналы тауар тарату жолдарын қолдануымыз қажет. Бұл жағдайда өнім құрамдастырылады, ал ол өз кезегінде географиялық және экономикалық жағынан болашағы зор болып табылады.
5. Біртұтас маркетингті қалыптастыру, тұтастай маркетинг бөлімінің рөлін өзгертеді. Тек осы бөлім ғана айналысу үшін маркетинг өте маңызды. Компанияның өзі маркетингтің үлкен бөлімі, яғни маркетингті жалпы корпаротивтік деңгейге көтеру.
6. Кадрлық қамсыздандыру. Зерттеу бөлімінің мамандары тек маркетингтік білімді ғана емес, сонымен қатар статистиканы, психология, әлеуметтануды да білулері керек. Олардың баға саясатын қалыптастыру мен өнім сапасын бағалауды жетік білгені жөн;
7. Тұтынушылармен қарым қатынаста маркетинг рөлінің күшею қажеттілігі.
Өнімдердің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін маркетинг шараларының келесі кешенін енгізу және әзірлеу қажет:
1. Нарықты, әлуетті потенциялды сатып алушыны, оның қажеттілігін және мүмкіндігін зерттеу;
2. Бәсекелестерді зерттеу;
3. Тиімді дәрежедегі баға бойынша, өнімді сату үшін өндіріс шығындарын төмендету;
4. Нақты өндіріс кезеңінде бағаның және өзіндік құнның қалыптасу үрдісін тереңірек зерттеу қажет. Кешендік зертеу баға құру жүйесін жетілдіру үшін бірқатар үсыныстарды негіздеуге мүмкіндік береді
Жоғарыда айтылған шараларды орындау барысында ғана кәсіпорын белгілі бір жетістіктерге жете алады, яғни бұл жерде кәсіпорын көптеген шығындарды үнемдей отырып өндірістік жағдайын дамытуға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |