ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастардың дамуына орай, экономикалық субъектілердің қызметін басқарудың нарықтық тұжырымдамасы негізінде маркетингті қолданудың объективтік қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасындағы кейбір мекемелердің маркетинг ерекшеліктері қазіргі заманға беймәлім. Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың дамуына кедергі болып тұрған негізінен макроэкономикалық факторлар, атап айтқанда:
1. Қаржы немесе ресурстардың жеткіліксіздігі, инвестициялық белсенділіктің әлсіздігі;
2. Бюджеттің әлеуметік тұрғыдан алғандағы қатаң жобасы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі,өнімді өткізу қиындықтары;
3. Импорттық өсу жағдайында ұлттық тауардың бәсекелік қабілетінің төмендуі;
4. Салық жүйесінің жетілмегендігі атап көрсетіледі.
Шетелдік деректерге сүйенсек, олар нақты бір фирмаға жан-жақты жасалған талдау арқылы құралған ғылыми негіздемесі болған жағдайда ғана, маркетингті табысты түрде қолдануға болады деп, тұжырым жасайды. Өткізіліп отырған реформалардың бір ізділік дәрежеде болмауынан, нарыққа өту кезеңінде маркетинг қызметімен айналысу тәжірибесінің аздығынан жағдай қиындай түседі. Сондықтан маркетингті іс жүзінде ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтеру маңызды мәселе болып табылады.
Қазіргі кездегі қазақстандық компаниялар маркетингілік қызметін дәрежелі түрде іске асыра алмайды, осыған себеп қаржының жетіспеушілігі. Дамушы елдердің экономикасында маркетингке кететін шығындар өнімнің өзіндік құнының 25 пайызын құрайды, ал оны әрине қазақстандық кәсіпорындармен салыстыруға болмайды. Жалпы компания мүмкіншілігінше маркетинг шығындарын жоғарылатуы керек, өйткені экономикалық дағдарыс жағдайында тек қана маркетинг қызметі айтарлықтай дәрежеде көмек көрсете алады. Ф.Котлер 1998 жылы қыркүйек айында өткен халықаралық Мәскеулік маркетинг конференциясындағы сөзін мысалға келтірейік: «Дағдарыс жағдайында компания дамуы үшін шығындарды төмендету керек. Бірақ маркетингке кеткен шығындарды не болса да азайтудық қажеті жоқ. Өйткені тек қана маркетологтар ғана жаңа резервтерді таба алады. Егер қарапайым күнделікті жағдайларды маркетинг өсіп өнуі үшін қажет болса, ал кризис жағдайында фирманың өмір сүруін қамтамасыз ететін жалғыз ғана механизм».
Маркетингтік мақсаттар және стратегиялық бағдарламасы осымен қатар ескірумен байланысты екендігін де ескірген жөн. Шетелдік маркетинг жолдарын қазіргі Қазақстан экономикасына енгізуді қолға алған жөн. Оның арасындағы біздің мемлекеттің өндіріс, коммуникация және техникалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Сондықтан еліміздің экономикасын нығайту жолында маркетингті тек қана қолдап, дұрыс шешімдер қабылдауға тиіспіз.
Мұнай өнімдердің маркетингтік қызметтерінің негізгі – маркетингтік саясаттың дұрыс жүргізілуі болып табылады, соның ішінде мұнайды тасымалдау және экпорттау ерекше орынға ие.
Маркетинг қызметін басқару басқа да басқару қызметі сияқты оны құраушы негізгі элементтерден тұрады:
Маркетингтік талдау және аудит;
Стратегиялық және ағымдағы жоспарлау;
Маркетинг қызметін басқаруды ұйымдастыру.
Маркетингтік талдау және аудит – компанияның ішкі және сыртқы ортасын, яғни оның күшті және әлсәз жақтарын зерттеу және компанияны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін маркетингті басқару қызметін құрайтын негізгі элемент. Маркетингтік анализ бен аудиттің негізгі: кәсіпорынның технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау, макро және микро ортасын талдау, SWOT - талдау, нарықты маркетингтік зертеу.
Кәсіпорын қызметін жан – жақты талдау барысында алынған ақпарат жоспарлау кезінде қолданылады. Компания жоспардың үш түрін құрастырады: жылдық, ұзақмерзімді және стратегиялық. Стратегиялық жоспарлау, жоспарлау процесінің ең алғашқы баспалдағы болып табылады және өзінің құрамына комапния миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін және функционалдық жоспарларын қамтиды.
Жоспарлау процесі және қажетті ресурстарды аяқтағаннан соң компанияда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесі орын алады. Әрбір бөлімшелердің маркетинг қызметін нақты анықтамағанша және кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқару орталығының болмайынша бұл процесс іске аса қоймайды. Жалпы бұл қызмет компания қызметінің ерекшелігі мен міндеттеріне және мақсатарына сай ұйымдастырылатын әртүрлі маркетингілік бөлімшелерге жүктеледі.
Маркетинг шараларын өткізгеннен кейінгі қорытындылар маркетингілік бақылаушымен жинақталады және талданады. Бұл маман әр уақытта нақты қолда бар қорытындылар мен жоспарланған қорытындыларды салыстырып отырады. Маркетингілік бақылаушымен жасалған жалпы қорытындылары бойынша маркетингтік қызмет қайта қаралып, жетілдіру сатысына түседі.
Бұл дипломдық жұмыста кәсіпорындағы маркетинг қызметні басқару және ұйымдастыру терең қарастырылып талдауға түсті. Сонымен, қорытындылайтын болсақ, дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, яғни маркетинг қызметін басқарудың негізгі териясы мен методологиялық әдістері толығымен зерттелді және мұнайгаз саласында оның қолдану аумағы анықталды. Сонымен қатар «ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының маркетинг қызметі қарастырылды, компанияның жалпы артықшылық және әлсіз жақтары мен мүмкіншіліктері мен қауіпті жағы SWOT талдауы арқылы анықталды, жалпы Қазақстан Республикасында мұнайгаз кешенінің және «ҚұлсарыМұнайГаз» басқармасының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары көрсетіліп, соңында негізгі проблемалары айқындалып оларға нақты ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |