12. Спортты және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау
|
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес спортты және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша (4 дана) бейне ролик жасалды.
Спортты және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 4 бейне ролик жасауға қызмет көрсету үшін байқау рәсімдері жүргізілді. «K Sports Marketing Agency» қызмет көрсету жабдықтаушысымен (4 дана) бейне роликтің түсіріліп, 2011 жылы қараша айында «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында бейне ролик көрсетілді.
2011 жылғы мамырда барлық өңірлерде «Олимпиадалық жүгіру күні» өткізілді, 450 мыңнан астам адам қатысты. Осы жүгірудің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Аталған іс-шара басталар алдында республикалық «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында бейне ролик көрсетілді.
|
|
13. Бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындарды төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-практикалық іс-шараларды жүргізу
|
Бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындарды төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-практикалық іс-шараларды жүргізу шеңберінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 қаулысы қабылданды.
|
|
14. Мемлекеттік бақылау субъектілерінің жоспарлы тексерістерінің санын азайту
|
«Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010 жылы 14 жоспарлы тексеріс өткізілді, 2011 жылы жоспарлы тексеріс өткізілген жоқ.
|
|
2.2-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту
|
Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 003, 004, 005, 007, 009, 012, 015, 023.
|
Нысаналы индикатор
|
|
|
|
|
|
1. 2012 жылғы жазғы олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Халықаралық Олимпиада комитетінің жалпы командалық есебінің рейтиніндегі Қазақстанның орны
|
ХОК кестесі
|
орын
|
29
|
29
|
|
2.2.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту
|
1.Кешенді спорттық іс-шараларда, әлем чемпионатында, әлем кубогында, Азия чемпионатында және халықаралық турнирлерде иеленген медальдардың саны
|
Ресми деректер
|
Саны
|
671
|
797
|
|
2. Білікті спортшылардың (спорт шеберлері) жалпы санынан халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері санының үлесі
|
Ведомст
валық
статистикалық
деректер
|
%
|
20,0
|
20,2
|
|
3. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектердің жалпы санындағы Спорт шеберлігіне кандидат, Спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындаған түлектерінің үлесі
|
Ведомст
валық статистикалық деректер
|
%
|
19,1
|
19,1
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
2. Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша республиканың спартакиадасын және республикалық жастары ойындарын өткізу
|
I қысқы жастар ойындары
Ү.ж. наурызда Ақмола облысының Көкшетау қаласында І қысқы жастар ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Ойындар республиканың төрт өңірінде спорттың 13 түрі бойынша (шаңғының екі сатылы сайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, допты хоккей, шаңғымен бағдарлау, биатлон, шаңғымен жарысу, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), коньки тебу спорты, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғы спорты, сноуборд, шорт-трек).
Қазақстан Республикасының III жазғы спартакиадасы
Ү.ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы спартакиадасы басталды. Спартакиада республиканың 11 өңірінде 46 спорт түрі бойынша өткізіледі.
Есептік кезеңде 27 спорт түрі бойынша спартакиада өткізілді, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы 1-ші орынды, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 2ші орынды, Астана қаласының командасы – 3-ші орынды иеленді. Спартакиаданың аяқталуы ү.ж. қыркүйекте көзделіп отыр.
|
|
3. Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу
|
Есептік кезеңде Бұқаралық, денешынықтыру, сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және 2011 жылға арналған негізгі республикалық және халықаралық жарыстарға сәйкес 379 оқу-жаттығу жиындары өткізілді.
|
|
4. Спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық жарыстарға (соның ішінде Әлем, Азия чемпионаттары) дайындалу және қатысу
|
Есептік кезеңде қазақстандық құрама командалары әртүрлі ранг бойынша 337 республикалық, 367 халықаралық жарыстарға қатысты. Жалпы әртүрлі дәрежедегі жарыстар саны 704.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатында, Әлем кубогында, Азия чемпионаттарында, Еуропа чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде 236 алтын, 262 күміс, 299 қола медальдары ұтып алынды. Барлығы түрлі беделдегі медальдер саны 797 құрайды.
|
|
5. Республиканың құрама командасының спортшыларын диспансерлік бақылау
|
Есептік кезеңде 94 107 адам дәрігерге қаралғаны тіркелді, оның ішінде 71 480 адам медициналық байқаудан, 18 673 ауырған кезде, 3 945 спортшы тереңдетілген медициналық байқаудан өткізілді.
Медициналық қызметкерлермен 13 733 спортшы қатысқан 93 жарыстарда қызмет көрсетілді. Медициналық көмекке 3 683 спортшы жүгінгені тіркелді.
Жалпы контингент бойынша 2 763 адам қатысқан 213 оқу-жаттығу жиындарында қызмет көрсетілді. Оқу-жаттығу рәсімі кезінде 281 қатысушы медициналық көмекке жүгінді.
«Спорт медицинасы және оңалту орталығы» РМҚК-ның дәрігерлерімен 83 оқу-жаттығу жиындарынан 1 415 адам.
Оқу-жаттығу жиындарынан медициналық көмекке 527 адам жүгінді, оның ішінде Қазақстан Республикасында – 111, шетелде – 80 адам.
Стоматолог дәрігерге барлығы – 4 499, оның ішінде медициналық байқаудан – 3 890, ауруы бойынша – 609 адам қаралды.
|
|
6. Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы) 2012 жылғы ХХХ Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Инсбурктегі (Австрия) жасөспірімдердің 1-қысқы Олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдердің 2-Олимпиада ойындарына дайындалу және қатысу
|
Спорт комитетінің төрағасымен жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша 2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтетін ХХХ Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшыларды дайындау нысаналы кешенді бағдарламалары бекітілді.
«2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтетін ХХХ Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы және қатысуы жөнінде жедел штаб құру туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 02-02-18/91 бұйрығымен Еліміздің спорт делегациясының дайындығы және қатысуы жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жұмыс жоспары және жедел штабының құрамы бекітілді. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті «Лондон қаласында өтетін (Ұлыбритания) ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшыларды дайындығы және қатысуы жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары», сонымен қатар, 2012 жылы Лондон қаласында өтетін (Ұлыбритания) ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командаларын іріктеу және жетілдіру өлшемінің принциптері бекітті. Спорт комитетінің төрағасымен «Лондондағы кезекті ХХХ жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының дайындығы үшін жауапты адамды белгілеу туралы» 2011 жылғы 20 мамырдағы №1-10/83 бұйрығы бекітілді.
2011 жылы маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің төрағалығымен Лондондағы (Ұлыбритания) ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшыларды дайындау және қатысу жөніндегі жедел штабтың кеңесі өткізілді.
Жоғарыда аталған жарыстардың спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының дайындығы Бұқаралық, денешынықтыру, сауықтыру және 2011 жылға арналған республикалық және халықаралық жарыстарға негізделген іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша біздің спортшылармен 46, оның ішінде: 12 жеңіл атлетика, 8 ауыр атлетика, 6 бокс, 4 еркін күрес және байдаркамен канаоэде есу, 3 таэквондо, 2 әйелдер күресі және велошоссе спорт түрлері бойынша олимпиадалық лицензиялар иеленді.
|
|
7. Республикалық ұйымдарды спорттық керек-жарақпен және жабдықтармен жарақтандыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларын спорттық киім-кешекпен қамтамасыз ету
|
Есептік кезеңде спорт киім-кешегімен жабдықталды.
- көркем гимнастика бойынша – 2 803 392 теңге сомасында;
- қазіргі заманғы бессайыс бойынша - 691 920 теңге;
- дзюдо бойынша – 2 700 000 теңге;
- мүгедектер спорты бойынша – 300 000 теңге;
- жоспарлы киім-кешекпен жабдықтау (сүлгімен, шлепанцылармен және басқалармен.) – 64 443 000 теңге.
Барлығы – 70 938 312 теңге.
Мынадай жабдықтармен жабдықталды:
- оқ ату бойынша 1 000 000 теңге сомасында;
- стендт ату бойынша 9 600 000 теңге сомасында;
- қазіргі заманғы бес сайыс бойынша 870 523 теңге сомасында;
- биатлон сайысы бойынша – 840 000 теңге сомасында
. Барлығы – 12 550 523 теңге сомасында.
|
|
8. Кешенді халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу (Азия ойындары, жабық жайлардағы Азия ойындары, Еуразия спорттық ойындары, Жағажайлы Азия ойындары, жекпе-жектің Азия ойындары, Ислам ойындары)
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алау» шаңғы кешені және биатлон стадионы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы», «Қазақстан Республикасының спортшыларына - 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарының жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір жолғы төлем туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы», «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы», «Су спорт түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» қаулыларына қол қойылып қабылданды.
|
|
9. Спорт объектілерін салу және қайта жаңғарту
|
1. Алматы облысында республикалық олимпиада даярлау базасының құрлысы:
Құрылыс дайындығы: жалпы барлық жұмыстар 54 %-ға орындалды.монтаж қаңқасы қойылды, 80% орындалды.
2. Астана қаласында көп функционалды олимпиада орталығының құрылысы:
Құрылыс дайындығы: жалпы барлық жұмыстар 10 % орындалды.
3. Астана қаласындағы спорттық сауықтыру кешенін қайта қалпына келтіру
Құрылыс дайындығы: жалпы барлық жұмыстар 50 % орындалды.
4. Астана қаласындағы теннис кешенінің құрлысы:
Теннис кешені құрылысының алаңы Астана қаласының ҚР ЖО ЦСКА филиалының аумағында саябақ аймағында орналасқан. Бүгінгі күні дайындық және рұқсат беру құжаттарын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үрлемелі теннис кортының демонтажы жасалды, оның орнына жаңа теннис кешені салынады.
5. Астана қаласындағы коньки тебу стадионының құрылысы:
Объект мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.
6. Алматы қаласындағы «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта қалпына келтіру
Қайта құру жөніндегі жұмыстар аяқталды. Жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылды. Объект мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.
7. Алматы қаласындағы халықаралық К-95, К-125 тау шаңғысы трамплиндер кешенінің құрылысы: жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылды. Объект мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.
8. Шымкент қаласындағы халықаралық теннис орталығының құрылысы:
Спорт құрылымдарының негізгі көрсеткіштерінің өсімі бойынша тұрақталып және оң динамика байқалады.
Нәтижесінде бүгін елімізді шамамен 33 мың спорт объектілері есептелген.
Атап айтқанда, соңғы екі-үш жылда Қазақстанда жергілікті бюджет және жеке инвесторлардың қаражатынан 40 дене шынықтыру – сауықтыру кешені (бұдан әрі - ДСК) салынған. Мысалы, 2011 жылда Атырау облысында 4 ДСК салынды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысында – әрқайсыда бір ДСК. Сонымен қатар, Алматы қ. «Шаңырақ» ш.а. СДБРМИ-де Бокс орталығы және 50 метрлік жүзу бассейнімен бірге үш залдық спорттық кешен Атырау қаласында жүзу бассейні салынды.
Былтырғы жылы спорт кешендерінің саны 16 бірлікке, спорт залдарының саны 34 ке өсті, 13 теннис корты салынды, Елбасының қатысуымен Ақтөбе облысында 6 корттан тұратын теннис орталығы ашылды.
Республикамызда жазғы және қысқы ойын түрлерін дамыту барысында Алматы облысында Республикалық олимпиадалық даярлау базасының, Ақмола облысының Щучье қаласында Республикалық шаңғы спортының базасының құрылысы жүргізілуде.
Елбасының бастамасымен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша
2009 жылдан бастап іске қосылды (2009-2010 жж). Аталған бағдарлама аясында 117 спорт объектілеріне жөндеу жүргізілді, оның ішінде 46 объект ауылдық жерлерде.
Дүниежүзілік қаржы және экономикалық құлдырауға байланысты қиын экономикалық жағдайға қарамастан Азия өңірінде ірі спорттық форум өткізу үшін және бұқаралық спортты дамыту үшін бірегей спорттық ғимараттардың құрылыстарын салу туралы теңсіз шешім қабылданғанын да айта кету қажет.
Астана қаласында мынадай ғимараттар салынды және қайта жаңартылды:
1. 30 мың орынға арналған жабық футбол стадионы;
2. «Қазақстан» Спорт сарайы және 1 мың орынға арналған жабық сырғанау айдыны;
3. Республикалық велотрек (орындар саны – 9200);
4. 8700 орынға есептелген Коньки тебу стадионы.
Алматы қаласында және Алматы облысында мынадай ғимараттар салынды және қайта жаңартылды:
1. 5000 орынға арналған Шаңғы трамплинінің халықаралық кешені;
2. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы және мұз аренасының трибунасы 5 мың орынға арналған сырғанау айдыны;
3. «Медеу» биік таулы спорт кешені, орындар саны - 8 мың;
4. «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені;
5. 6 000 орынға арналған Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалында орналасқан шаңғы және биатлон стадиондарының кешені.
Әрі қарай инфрақұрылымды дамыту үшін жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына жолдауы бойынша Жалпыұлттық жоспардың іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында және 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын іске асыру бойынша Министрлікке және облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне аудандардағы, республика және облыс қарамағындағы қалалардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін дамыту туралы тапсырма берілген болатын.
Ү.ж. 30 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі аралықта Астана және Алматы қалаларында бүгінгі күнге дейін Азия елдерінің тек үш елінде – Жапонияда, Қытайда, Кореяда өткен 7-ші қысқы Азия ойындары өткізілді. Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын иеленген Азия континентінде Қазақстан Республикасы төртінші ел болып саналады.
7-ші қысқы Азия ойындарында Азия континентіндегі жиырма жеті елден 1000 спортшы қатысты, он бір спорт түрі бойынша алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойнатылды. Қазақстан командасы Азия ойындарында 11 спорт түрі бойынша 70 марапатты иеленіп, алтын медальдардың ұтысы бойынша ресми емес командалық есепте және ұтып алған медальдар саны бойынша 1 орынға ие болды.
Аталған ойында континенттің 8 елдері спортшыларының арасында 207 медаль таратылды, оның ішінде алтын медальді 4 елдің өкілдері ұтып алды. Бұл Азия ойындарының тарихында ойнатылған ең көп медальдар саны.
|
|
10. Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу
|
2011 жылғы 2 шілдеде «Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алатау» Шаңғы кешені және биатлон стадионы Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру № 757 қаулысымен бекітілді
|
|
11.
«Республикалық велотрек» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру
|
«Республикалық велотрек» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру үшін 2011 жылғы 2 шілдеде «Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алатау» Шаңғы кешені және биатлон стадионы Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру № 757 қаулысы қабылданды.
«Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алатау» Шаңғы кешені және биатлон стадионы 2011 жылы 27 шілдеде Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты бұқаралық дене шынықтыру, спорт қозғалыстарын дамыту спорт ғимараттарын пайдалану болып табылады.
|
|
12.Тау шаңғысы кешенімен және биатлон стадиондарының республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының құру
|
Бұқаралық дене шынықтыру және спорт ғимараттарын дамыту үшін 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарында спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында «Сарыарқа» республикалық велотрек» және «Алатау» Шаңғы кешені және биатлон стадионы Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру № 757 қаулысы қабылданды.
|
|
2.2.2-міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру
|
1. Шет елдерде оқитын жас спортшылардың үлесі
|
Ресми деректер
|
Саны
|
28
|
28
|
|
2. Түлектердің жалпы санынан спорттық қызметті жалғастыратын мектеп-интернат және колледждер түлектерінің үлесі
|
Ресми деректер
|
%
|
78,0
|
78,0
|
|
3. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен мамандар үлесі
|
Ресми деректер
|
%
|
5,0
|
6,6
|
|
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын нәтижесін пайдаланатын спорттық ұйымдар мен мекемелердің үлесі
|
Ресми деректер
|
%
|
20,0
|
20,0
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. 13-14 жастағы футболшы-спортшыларды іріктеу және Бразилия Федеративтік Республикасының Риберан қаласындағы «Оле Бразил ФК» футбол академиясында оқуға жіберу
|
2011 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және «Қазақстан футбол федерациясы» ОЮЛ арасында Футболды дамыту ынтымақтастығы туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. 2011 жылы 3 желтоқсанда жас футболшылар «Оле Бразил» футбол академиясының үш жылдық оқу курсын бітірген соң, елімізге келді. Футболшылар 2011 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жұлдызды күн» бағдарламасы бойынша «Сергектік» күні шеңберінде министрліктің ұйымдастырылуымен өткен «Мен спорты таңдаймын!» республикалық акцияға қатысты. 5 желтоқсанда «Оле Бразил» футбол академиясының футболшы түлектері «Астана - 64» футбол клубының басшысымен кездесу өткізді, онда 15 футболшымен және «Астана - 64» футбол клубының директорымен алдын ала келісім-шартқа қол қойылды. Қалған футболшылар өзінің туған өңірлеріндегі футбол клубтары үшін ойнайды. 2011 жылғы 6 желтоқсанда министрлікте Спорт комитеті төрағасының, Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының, «Астана - 64» футбол клубының директорының және «Оле Бразил» футбол академиясының футболшы түлектерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Астаналық «Астана - 64» футбол клубының бірінші лигасын Қазақстандық және Бразилия «Оле Бразил-Қазақстан» командаларын жетекшілік еткен Бразилия маманы Тиаго Козлоский жаттықтырады. Футбол бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына 2012 – 2014 жылдары бразиля мамандарынан Оле Бразил» футбол академиясында білім алу үшін 1997 жылы туылған футболшылардың бірінші іріктеу кезеңі өткізілді, екінші іріктеу кезеңі 2012 жылдың 2 тоқсанында жоспарланып отыр.
|
|
2. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу
|
Алматы қаласындағы «Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлерінің республикалық мектебі» РМҚК (бұдан әрі -ЖСШМ) базасында ұйымдастырылған біліктілігін арттыру курстары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының жетекші мамандарын және дәріскерлерді шақыра отырып, жаттықтыру-оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізуді жүзеге асырады. Министрлік Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық ЖСШМ-імен бірге Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлерінің республикалық мектебінің жанындағы біліктілігін арттыру курсының оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Қазіргі кезде бокс бойынша 63, ауыр атлетика бойынша 16 оқыту-жаттықтырушы, барлығы 79 адам оқу курстарынан өтті. Ұлттық ғылыми дене шынықтыру педагогикалық орталығының және Қазақстандық спорт және туризм академиясының есебі бойынша 500 адам біліктілігін арттыру және жаттықтыру-оқытушы кадрларды қайта даярлау курстарынан өтті.
|
|
3. Спорт түрлері бойынша шет ел мамандары мен жаттықтырушыларын шақыру арқылы семинарлар ұйымдастыру
|
2010 – 2011 жылдары халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2010 жылы Ванкуверде өткен 21-ші қысқы Олимпиада ойындарына және 7-ші қысқы Азия ойындарына қысқы спорт түрлері бойынша құрама команда мүшелерін сапалы дайындау үшін Белоруссиядан, Ресейден, Австриядан, Германиядан, Голондиядан ҚХР, Оңтүстік Кореядан жан-жақты профильді 12 жаттықтырушылар-кеңесшілер – мамандар шақырылды. Сондай-ақ, осы мамандардың қатысуымен Азияда бағдарламасына, қысқы спорт түрлері бойынша Ресей, Австрия, Германия, Канада, Жапония, ҚХР, Оңтүстік Корея және басқа жетекші елдердің 9 елінен 20-дан астам халықаралық федерациясының техникалық делегаттардың қатысуымен судьялық және ұйымдастырушылық семинарлар өткізілді.
Бүгінгі күні жалпы бокс, ауыр атлетика, күрес түрлері, дзюдо, жүзу, жеңіл атлетика, таеквондо, оқ ату, көркем гимнастика, байдарка мен каноэ есу сияқты 9 спорт түрі бойынша жазғы Олимпиада спорт түрлерінің басымдылығында құрама команданың құрамында келісім-шарт бойынша әлемге әйгілі Энвер Түркеляри (ауыр атлетика), Геннадий Турецкий (жүзу), Геннадий Паршин (волейбол), көркем гимнастика бойынша Ресейдің ұлттық құрамасының жаттықтырушылары Ольга Буянова и Вероника Шаткова сияқты шетелдік мамандар жұмыс істеуде. Қазақстанның бокстағы көрсеткішін ескере отырып, бүгінгі күні қазақстандық жаттықтырушылар қажетті мамандар болып табылады. Осылайша, бүгінгі күні бірнеше қазақстандық жаттықтырушылар Катарда және Иранда жұмыс істеп жатыр. Спорт түрлері бойынша Республикалық федерациясымен бірге Қазақстанда судьялық және жаттықтырушылардың семинарларын өткізу үшін шетелдік мамандарды тарту жөнінде жұмыстар өткізіліп жатыр. Оның ішінде футбол федерациясы (балалар футболын және төрешілігін дамыту бағдарламасы, «Оле Бразил» бағдарламасы әзірленді), Қазақстанның коньки тебу одағы, күрес түрлері, дзюдо, бокс (бокс бойынша ұлттық құрама командасымен бірге Беларуссиядан шақырылған мамандар жұмыс істейді). Сондай-ақ, өңірлердегі Спорт басқармаларымен спорт федерациялары спорт түрлерінің басымдылығы бойынша шетелдік мамандарды тарту жөнінде жұмыстар атқарып жатыр. Мысалы, әйгілі Кубаның ұлттық құрама жаттықтырушысы Алсидес Сагараны Алматы қаласындағы бокс бойынша құрама команданың кеңесші ретінде жұмысқа шақыру көзделіп отыр, ал, қарағандылық құрама команданың кеңесшісі Владимир Кличко мен Александр Золотарев, ал, қостанайлық құрама командамен Александр Михайлин жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, шетелдік мамандарды тарта отырып, Қазақстанда өткізілетін барлық маңызды халықаралық жарыстарда оқу семинарлары өткізіліп тұрады.
Тек 2011 жылы:
1. дзюдо бойынша әлем кубогы (Алматы қаласы, 24-25 қыркүйек);
2. шорт-трек бойынша Қазақстан чемпионатының ашылуы (Астана қаласы, сәуір);
3. Көркем гимнастика бойынша Азия чемпионаты (Астана, 13-16 маусым):
1) триатлон бойынша Азия кубогы (Ақмола облысы, маусым-шілде);
2) гандбол бойынша Азия чемпионаты (Алматы қаласы, 14-20 қыркүйек);
3. Жасөспірімдер арасында бокс бойынша Әлем чемпионаты (Астана, 23-30 маусым);
4. «Қазақстан оупен» каратэ-до бойынша халықаралық турнирлер (Астана, маусым);
5. Киокушинкай каратэсі бойынша «Астана – оупен»-атты халықаралық турнир (Астана, маусым). Бірінші Спортакиада форумының жұмысына қатысу үшін Ресей Федерациясының Спорт, туризм және жастар саясаты министрлігінің өкілі С.П. Евсеев және Беларусс Олмпиада акадамиясының өкілі В.П. Навныко шақырылды.
Елбасының жолдауы бойынша міндеттерді іске асыру, Спорт форумы шеңберінде 2011 жылғы тамызда министрлік ҚХР ішкі Моңғолия делегаттарымен кездесу өткізді, оның құрамында ҚХР ішкі Моңғолия Спорт комитетінің төрағасы, Құрама командаларды дайындау орталығының директоры болды. Кездесі барысында Қазақстанда қысқы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығулар өткізу мәселелері талқыланды. Қазіргі кезде Қазақстандық Спорт және туризм академиясында Сириядан (1 адам), Қытайдан (17 адам), Моңғолиядан (3 адам), Өзбекстаннан (6 адам), Түрікменстаннан (1 адам), Ресейден (6 адам) және Украинадан (1 адам) студенттер оқып жатыр.
|
|
4. Спорт ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу актілеріне қол қою
|
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ендіру үшін министрлік 7 ведомствоаралық «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат», «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатты» мемлекеттік мекемесі, «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ұйымдарымен актіге қол қойылды.
|
|
5. Жоғары оқу орындарындағы, спорт колледждеріндегі мектеп-интернаттарының бітірушілер қатарына түсу және Қазақстан Республикасының құрама командалары енгізу үшін бағытталған шараларды іске асыру
|
Министрліктің хатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түскен кезде жеңілдікке құқы бар спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлердің тізімі қоса жолданды. Тізімге өңірлердегі ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, спорт ұйымдарының спортшылары енгізілді. Барлығы 461 адам. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қосымша хатпен Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түскен кезде жеңілдікке құқы бар 317 адамның тізімі жолданды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының деректері бойынша олардың ішінен 570 адам оқу орындарына түсті, яғни 73,2% құрайды.
|
|
* Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын оқушылардың үлесі, жалпы оқушылардың санынан 22,0%-ды құрайды.
** Бүгінгі күні жалпы жоғары оқу орындарында дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын оқушылардың үлесі, жалпы студенттердің санынан 24,0%-ды құрайды.
2- кесте
Достарыңызбен бөлісу: |