1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»



бет21/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

Мизидалар отряды - Mysidacea
Басым көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін шаяндар. Ұзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің алдыңғы 3 сегменттері жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші жұбы жақаяғына айналған, қалғандары екі бұтақты. Желбезектері жоқ, карапакс арқылы тыныс алады (карапакс үш кеуде сегментін жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының эндоподиттерінің түбінде тепе-теңдік мүшелері - статоцисттері орналасқан.


33. Жұмыр құрттардың құрылысындағы ерекшеліктеріне тоқталыңыз
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:
НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA
СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA
ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA
КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ – ROTATORIA
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бірклеткалы организмдермен салыстыруға болады.

 Зәр шығару мүшелері: антеннальды және максиллярлы бездерде сипаттама беріп көрсетіңіз


Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максильярлы. Антеннальды бездер жоғарғы (Malacostraca класс тармағы) сатыдағы шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа –қуыққа ашылады. Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінеде (антеннальды без) немесе II–ші максиллаларының ( максиллярлы без) түбінде ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет