35. Зоологияның тарихы. К.Линнейдің зоология пәніне қосқан үлесі жайлы тұжырым жасап анықтаңыз
18 ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы" (Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді. К. Линней өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп, оларды 24 класқа бөлді, ал жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер - Mammalia; 2) Құстар - Aves; 3) Хайуандар - Amphibia - бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар - Pisces; 5) Насекомдар - Insecta; 6) Құрттар - Vermes (бұл класқа моллюскалар және басқа да омыртқасыз жануарларды жатқызған).
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс аттарын латын тілінде атауды ұсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы болды. Мұны ғылымда қосарлы немесе бинарлық ("би" - екі) номенклатура деп атайды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрлерді қосарлы аттарымен атауды қолданып келеді. Мысалы, Cimex lectularius - төсек қандаласы, С. hirundinis – құс қаңдаласы, Tabanus sabuletorum - құм сонасы, Т. subsabuletorum - тоғай сонасы, Т. brunneocallosus - тақыр сонасы, Т. bovinus - өгіз сонасы. Түрлердің барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады. Мысалы, төсек және құс қандаласына Cimex туыс аты ортақ. Ал соналарға Tabanus туыс аты ортақ. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады.
К. Линней ботаника тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл қорын жетілдірді.
Ботаникадан еңбектері: "Ботаника негіздері", "Ботаника философиясы", "Өсімдіктер туыстары", "Өсімдіктер түрлері" т. б. К. Линней табиғат туралы метафизикалық түсініктерді толық қуаттап, түр өзгермейді жаратушы қанша түр жаратса, сонша түр тіршілік етеді деген үғымда болған. XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында органикалық дүние жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан пікірлер айтыла басталды. Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат тарихы" (1749) деген еңбегіндеҮй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдген.
Достарыңызбен бөлісу: |