1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Инфузория-туфельканың эвгленадан айырмашылығын анықтаңыз



бет25/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

38. Инфузория-туфельканың эвгленадан айырмашылығын анықтаңыз

Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.


39. Ішекқуыстылар типіне тоқталыңыз,негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз

Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.


Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblastica) жануарлар тобына жатады.
Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.
Жоғарыда айтылғандай, ол өмір бойғы немесе тіршілік циклінің бір ғана кезеңіндегі тіркелмелі немесе суда қалқып жүзіп тіршілік етуінің және қоршаған ортаның тұрақты әрі бірқалыпты ықпал етуінің салдары.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін - медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльді формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты колония болады.
Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - атқыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см- ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді. Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы - метагенез арқылы дамиды. Ішекқуыстылар өте ертедегі жануарлар, олардың ізбесті қаңқасы болғандықтан көпшілігі қазба күйінде жақсы сақталынған. Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы - Hydrozoa, сцифозоа - Scyphozoa және маржан полиптері - Anthozoa.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет