1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Онтогенез және филогенездің анықтамасын көрсетіңіз



бет41/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

59. Онтогенез және филогенездің анықтамасын көрсетіңіз
Онтогонез – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.
Филогенез — организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму — онтогенез бен тарихи даму — филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения — организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. Геккель (1834 — 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты — жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер арасындағы туыстық байланыстарды анықтау. Ағылшын эволюцияшысы В. Гарстанг филогенезді ұрпақтан-ұрпаққа өтетін олтогенез деген пікір айтты. Бұл пікірді орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884-1963) дамытып, филогенезді онтогенездің белгілі қатары деп атады.[1
Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель, 1866, Северцев, 1939). Биогенетикалық заң бойынша әрбір жеке организм өзінің оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі арғы тектерінің тарихи даму процесіндегі (филогенездің) өте маңызды өзгерістерін қайталап отырады, немесе онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы. Ұрықтың және личинканың дамуын зерттей отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған жануарлардан ортақ туыстық белгілерді табуға болады. Бұл онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетеді. Э. Геккель "Жалпы морфология" (1866) деген еңбегінде организмдер арасындағы туыстық байланыстарды, онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетті және онтогенез белгілерінің екі типін көрсетті: палингенез - арғы тегінің белгілері, ценогенез организмдердің бейімделу барысындағы пайда болған екінші реттік белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет