1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Өрмекшілердің қорегін аулау және ұсақтау қызметін атқаратын буынаяқтарына тоқталыңыз,өрмекшілердегі қорегін жеудің тәсілін талдаңыз



бет44/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

62. Өрмекшілердің қорегін аулау және ұсақтау қызметін атқаратын буынаяқтарына тоқталыңыз,өрмекшілердегі қорегін жеудің тәсілін талдаңыз

Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері - баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы - хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы - пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады - бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы - жүргіш аяқтары.


Жоғарыда көрсетілгендей, баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан. Олардың алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін атқарады - бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды. Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында орналасады, өрмекшітәрізділерде олар қысқа қысқыш түрінде болады (сольпугалар, құршаяндар, жалған құршаяндар, пішеншілер, кейбір кенелер т. б.). Кейде хелицералар тырнақтәрізді қозғалмалы буынымен аяқталады (өрмекшілерде) немесе стилет сияқты болады. Ол (кенелерде) жануарлардың денесін тілу қызметін атқарады, сол арқылы олар қоректенеді. Хелицералар әдетте үш буыннан тұрады, ақырғы буыны қысқыштың қозғалмалы бармағының қызметін атқа- рады.
Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады (118- сурет). Шайнайтын өсінділердің көмегімен педипальпаның негізгі буынында қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қармалауыш, ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде (құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті ұзын қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде аяқтары жүру қызметін атқарады.
63. Өрмекшітәрізділердің бас миының бөліктеріне талдама жасаңыз
Нерв жүйесінін құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған.
Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды).
Басқа буынаяқтыларға тән (шаянтәрізділер, көпаяқтылар, насекомдар класы) мидың аралық бөлімі - дейтоцеребрум барлық хелицералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ.
Құрсақ нерв ганглияларының тізбегі құршаяндарда сақталған. Оларда жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы және жұтқыншақ маңы коннективасы бар, ал жұтқыншақ асты ганглиясы баскеуде ганглияларымен бірігіп үлкен түйінге айналған, одан 2-6-шы жұп аяқтарына нервтер таралған, ал құрсақ бөлігі бойында 7 ганглиялар түйіні құрсақ тізбегін құрайды (119-сурет).
Сольпугаларда күрделі баскеуде ганглиясынан басқа құрсақ нерв тізбегінде тағы бір үлкен түйіні болады. Өрмекшілерде бүкіл нерв тізбектеріндегі ганглиялары баскеуде ганглиясына бірігіп кеткен. Пішеншілермен, кенелердің миы мен баскеуде ганглиясының арасында шектелу байқалмайды, сондықтан нерв жүйесі бұларда өңештің айналасында тұтас түйінді нерв сақина жасайды.
Сезім мүшелері жақсы жетілген және әр түрлі. Өрмекшілердің педипальпаларындағы ретімен орналасқан түктері механикалық әсерлерді қабылдайды. Ауа тербелістерін сезетін арнайы түктер - трихоботриялар педипальпаларында, аяқтарында және дененің жоғарғы жағында, ал химиялық өзгерістерді сезетін және иіс сезу қызметін атқаратын лира тәрізді мүшелері кутикулада шағын саңылаулар түрінде орналасқан. Олардың түбіндегі жарғақшаларын нерв талшықтары торлап жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет