79.Трихинеллезқоздырғышының морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасына сипаттама беріп түсіндіріңіз Адамның трихинеллезбен зақымдануы шошқаның шала қуырылған (пісірілген) етін жегеннен болады. Шошқаның зақымдануы өлген егеуқұйрық тышқанның трихинеллалары бар етін жеуден, ал егеуқұйрықтылар трихинеллезбен ауырған егеуқұйрықты кеміру арқылы кеселге ұшырайды.
Иесінің ішегіне түскен бұлшықет кезеңіндегі трихинеллалар өзінің капсуласынан босап, тез өсіп 2-3 күннен соң жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Бұл ішек трихинеллалары. Аналығы өзінің екі ай тіршілік барысында 2000-ға жуық личинкаларын тірідей туады. Личинкалар ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі де, қан тамырлары арқылы әр түрлі мүшелерге, әсіресе бұлшықеттерге тарайды. Осы мүшелерде өсіп, ақырында спираль тәрізді бүктетіліп, оның төңірегінде дәнекер тканінен құрылған капсула қалыптасады. Кейін капсуланың қабырғасына ізбест жиналып, ол ақ түсті болып тұрады. Бұл бүлшықет трихинеллалары. Осылайша, трихинелланың даму циклі иесінің ішінде ғана өтеді. Трихинеллез ауруын туғызады.
Трихинеллезбен ауырған адамның беті ісіп, дене қызуы көтеріледі, денесі сыздап, ішегі, бұлшықеттері ауырады, өзін әлсіз сезінеді.
Трихинеллезге қарсы профилактикалық шаралар ретінде шошқа етін үнемі тексеріп, трихинеллезді еттерді құрту, шошқаларды таза ұстау және оларға өлген кемірушіні жеп қоюға жол бермеу керек.
80.Турбелляриялар,турбелляриялардың зәр шығару мүшесіне сипаттама беріңіз Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады. Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.
Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап орналасқан немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді без клеткалары. Бұл бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде де орналасады. Тері бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да жатады. Олардың құрамында жылтырауық, жарық бағытын өзгертетін таяқшалар - рабдиттер болады. Олар дене бетіне перпендикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар эпителиден сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.
Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі - денеге белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды мембрананың астында күрделі құрылысты бұлшықеттер орналасқан, ол бұлшықет талшықтарының бірнеше қабатынан құралған. Ең жоғарғы беттерінде сақина тәріздес бұлшықеттер қабаты орналасқан, одан ішкері ұзына бойы және диагональды бұлшықеттері орын алады. Бұлшықетгердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының қысқаруы арқылы жүреді. Tuibellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту арқылы жорғалайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер тканьді клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын клетка аралық сұйықтық толтырған, сол себептен паренхима ас қорыту өнімдерін ішектен ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы және тұйық бітетін ортаңғы ішектен тұрады. Ауызы тек қана қоректі жұту емес, сонымен қатар қорытылмаған қатты қалдықтарды шығарудың жолы. Турбелляриялар әр түрлі ұсақ жәндіктерді қорек ететін жыртқыштар. Ауызы дененің құрсақ бөлігінде орналасқан: ол дененің алдыңғы бөліміне жақынырақ, құрсақ бөлімінің ортасында немесе артқы бөлімінде орналасуы да мүмкін.
Ауыз қуысы эктодермальды жұтқыншақпен, ал ол ортаңғы ішекпен байланысады.
Турбеллярия класында энтодермалық ортаңғы ішек әр түрлі формаларында әр түрлі құрылған. Ұсақ турбелляриде ол қапшық немесе бітелген түтік пішіндес. Ірі формаларында ішек тарамдалған. Көп тарамдыларда жұтқыншақ қарынға, одан дененің жан-жағына тұйық тармақтармен аяқталатын ортаңғы ішекке жалғасады. Үш тарамдыларда жұтқыншақтан ішектің бірден үш негізгі тарамдары басталады: біреуі алға, екеуі иіліп артқа қарай бағытталады. Бұл тармақтардың әрбіреуінен тағы да бірнеше қатарлы тұйықталған тармақшалар шығады. Аналь тесігі болмағандықтан қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. Ұзындығы бірнеше миллиметрден аспайтын ұсақ турбелляридің борпылдақ дәнекер тканьдері арқылы қорытылған ас денеге тарайды. Ішексіз турбеллярилерде (Асоеіа отряды) ортаңғы ішегі жоқ. Олардың жұтқыншағы паренхималық клеткаларымен ұштасқан. Солардың ішінде ас қорытылып, бойына сіңеді де, қорытылмаған зат ауызы арқылы сыртқа шығарылады.
Зәр шығару жүйесі жеке жүйе ретінде кірпікшелі құрттарда тұңғыш рет пайда болған. Ол сыртқа ашылатын екі немесе үш түтіктен құралған. Үлкен түтіктерден дененің ішіне қарай жіңішке түтікшелерді беретін көптеген қосымша түтікшелер тарайды. Жүйенің ең шеткі түтікшелерінің бос ұшы ерекше жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Бұл клеткаларды - терминальды деп атайды. Мұндай клеткалардың ішкі жағына кірпікшелер будасы шығады. Кірпікшелер әрқашан жалын алауы тәрізді толқындалып тұрғандықтан, оны толқынды жалын тәрізді клетка деп те атайды. Кірпікшелердің үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесінде несеп заттар жіңішке зәр шығару түтікшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Ұштарында жұлдыз тәрізді клеткалары бар тарамдалған түтіктер түріндегі зәр шығару жүйесі протонефридия деп аталады. Электрондық микроскоптың көмегімен бұл құрылымдардың ультраструктурасы да анықталды. Клетканың жұлдызды бөлімі түтікке айналған және оның ішінде толқынды кірпікшелердің шоғыры орналасқан. Түтіктің бастапқы бөлігі клетканың цитоплазмалық жіңішке байланыстарынан (тәжінен) құралып, олардың арасындағы жіңішке саңылаулары кілегейлі жұқа қабықпен тартылған. Протонефрңцияның осы клетка бөлімінде паренхимадан несеп сұйықтықты сорып алу процесі жүреді. Протонефридиялар - эктодермальды. Олар организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін шығарумен қатар, осмос қысымын реттеу қызметін де орындайды. Тұщы су турбелляриялардың протонефридиясының ерекше жақсы дамуы осымен түсіндіріледі. Олардың дене клеткалары мен сыртқы ортаның осмос қысымының әр түрлілігінен жануардың денесіне үздіксіз су кіріп тұрады, ал артық су протонефридиялар арқылы сыртқа шығарылады.
Теңіз турбелляриінде ерекше зәр шығару мүшесі жоқ, оларда кажетсіз зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару қызметін паренхимадағы қозғалғыш клеткалар - амебоциттер атқарады.
Тыныс алу жэне қан айналу мүшелері турбеллярилерде жоқ. Суда еріген оттегі денесіне бүкіл терісі арқылы өтеді. Бұл жерде турбелляридің денесінің ұзын болуының маңызы зор.
Нерв жүйесі бас нерв түйіні (ганглиясы) және одан тарайтын нерв бағаналарынан тұрады. Нерв түйіні немесе ми нерв клеткаларының жиынтығынан құралған және ол он және сол жақ ганглиялардан тұрады. Нерв жүйесінің дамуы басты үш бағытпен жүреді. Әуелі тері астындағы нерв жиынтығы түзіледі, соның арқасында нерв бағаналары мен олардын көлденең өсінділері айқындалады. Сонымен қатар статоцистті нервтендіретін кішкене ми бірте-бірте үлкейіп бүкіл денені реттеуші негізгі орталыққа айналады. Келесі кезеңде жүйе паренхиманың қалың қабатына енеді. Мұны ми мен бағаналарды сыртқы орта әсерінен қорғаудағы маңызды бейімделушілік деп қарастыруға болады. Соңында нерв жиынтығынан 5-6 жұп ұзына бойлық бағаналар жіктеліп шығады, ал олар эволюция процесі нәтижесінде екі немесе бір жұпқа дейін азаяды. Қалған бағаналар жақсы дамыған және жуан. Біз бұл жерде гомологтық мүшелердің олигомеризациясын көреміз. Барлық ұзын бағаналар көлденең сақиналы өсінділермен жалғасқан, сол себептен нерв жүйесі тор пішіндес болады. Басқа да құрттарға тән мүндай құрылысты нерв жүйесі ортогон деп аталады.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Ішекқуыстылармен салыстырғанда ең негізгі күрделіленуі - жыныс клеткаларын сыртқа шығару жолдарының құрылуы. Жыныс жолдары турбелляридің жорғалап тіршілік етуіне байланысты жаңа бейімделушілігі. Турбелляридің көпшілігіне өзіндік қабаты бар жинақы жыныс бездерінің болуы тән.
Аталық жүйесі - паренхимада таралған көптеген ұсақ тұқым бездерінен немесе қалталарынан тұрады. Тұқым бездерінен тұқым шығару түтіктері тарайды. Олар тұқым өткізгіш жолына жалғасады. Жұтқыншақтың екі жағынан созыла келіп, тұқым жолдары бірігіп, тұқым қапшығын құрайды, одан тұқым шашу түтігі шығады да, ол шағылыс (penis) мүшесімен аяқталады. Шағылыс мүшесі жыныс клоакасына еніп тұрады, одан сыртқа суырылып шыға алады. Жыныс клоакасына аналық жыныс жолдары да ашылады.
Аналық жүйесі - бір, екі немесе одан да көп ұсақ жұмыртқа бездерінен тұрады. Жұмыртқа бездерінің санының азаюы, көпшілігінің нағыз жұмыртқа клеткаларын шығару қабілетін жойып, сарыуызға бай клеткаларға айналуына байланысты. Сарыуыздар нағыз жүмыртқа клеткаларға қорек ретінде қызмет етеді.