1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Цестодалардың басқа паразит құрттардан айырмашылығы неде, сипаттама беріңіз



бет60/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

84. Цестодалардың басқа паразит құрттардан айырмашылығы неде, сипаттама беріңіз
Дене құрылысы жағынан таспа құрттарға өте ұқсас. Негізгі
ерекшеліктері: денесі буындалмаған; жыныс жүйесі қайталанбай бір комплексті болып келеді; ұрығының онкосфера сияқты алты емес, он ілмешегі болады, сондықтан ол ликофора деп аталады. Олардың денелері үш аймаққа бөлінеді: сколекс алдыңғы жағында орналасқан, содан кейін мойын, кейінірек көптеген проглотидтерден тұратын стробилус пайда болады. Проглотидтер - дененің сегмент тәрізді бөлімдері, олар стробилусты түзу үшін түзу орналасқан. Олардың әрқайсысында еркек те, әйел де жыныс бездері бар және мойыннан, немесе мойын жетіспейтін кейбір түрлерінен сколекс түзіледі.
Класс екі отрядқа бөлінеді: Gyrocotylidea және Amphilinidea.
Гирокотилида - Gyrocotylidea отрядының өкілдері химер балықтардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесінің артқы жағында қатпарланған жапырақ тәрізді тіркелгіш дискісі бар, алдыңғы жағында сорғышы. Амфилинида - Amphilinidea отрядының негізгі өкілі - Amphilina foliacea. Бекіре балықтарының дене қуысында тіршілік ететін паразит, ұзындығы 5 см, жапырақ тәрізді. Ликофора ұрығы аралық иесінің (шаянтәрізділердің) ішінде процеркоид личинкасына дейін дамиды. Аралық иесін жұту арқылы процеркоид бекіренің дене қуысына өтіп, ересек формасына айналады. Амфилина, Еділ-Каспий бассейнінде және Сібір өзендерінде кең тараған.
85. Шала түрленіп дамитын насекомдардың даму сатыларын атап сипаттаңыз
Шала түрленіп дамитындар (hemіmetamorphosіs) — төменгі сатыдағы қанатсыз жәндіктерге және жоғарғы сатыдағы жәндіктердің бірқатар отрядтарына тән даму жолы. Бұларға: біркүндіктер, инеліктер, тарақандар, дәуіттер, термиттер, таяқшатәрізділер, теріқанаттылар, биттер, жартылай қатты қанаттылар, т.б. жатады. Шала түрленіп дамитындардың онтогенезі 3 сатыдан тұрады: жұмыртқа, дернәсіл және ересек жәндік (имаго). Бұларда қуыршақ сатысы болмайды (қ. Толық түрленіп дамитындар). Бұлардың ерекшелігі жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек жәндікке ұқсайды және қоректенуі де ұқсас келеді. Имаголарының қанаты болған жағдайда, дамуының соңғы сатыларында дернәсілдерінің де қанат нышандары пайда болады. Құрлықта тіршілік ететін Шала түрленіп дамитындардың дернәсілдерін — нимфа, ал суда тіршілік етуіне байланысты арнайы тыныс алу органдары (желбезектері) пайда болады, мұндай дернәсілдерді — наяда деп атайды. Бұларға біркүндіктер, көктемдіктер, тағы басқа жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет