1. «Ленгір-баянауыл» автомобиль жолының технико-экономикалық негіздеу



бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#175675
  1   2   3   4   5   6   7
КІРІСПЕ

Қазақстан республикасының 2030 стратегиялық даму бағдарламасында атап көрсетілгендей, экономикалық және әлеуметтік даму бағытындағы басты мәселелердің бірі автотранспорт құралдарын тиімді пайдалану, жолаушыларды тасымалдау қызметтерін арттыра отырып жол қозғалысықауіпсіздігін жоғарылату. Осы аталған мәселелерді тиімді орындау жол қозғалысын жетілдіру, жол апаттары себептерін зерттеу және жол апаттарын болдырмау, алдын алу іс-шараларын орындау арқылы мүмкін.

Осы аталған жұмыстар ЖКО сараптау процесінде орындалады және ол соттық сараптау ісімен тікелей байланысты. ЖКО сараптау әрбір орын алған ЖКО арнайы кәсіби мамандардың қатынасуымен, техника мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып әрбір себепті аспекталары мен элементтерін гкжей-текжейлі ғылыми техникалық зерттеулердің кешенді әдістемелері. Сараптау түрлі білім салалары бойынша ақпараттарды қолдануды талап етеді.

Жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру стихиялық, энтропиялық процесстерді жоя отырып ұйымдастырушылық және ережелерді қатаң сақтау мәселелерімен тікелей байланысты. Жол көлік оқиғаларының жүйелері бойынша алып қйрастыратын болсақ, «Адам-транспорттық құрал-жол-қоршаған орта» ЖКО шекті жүйесі болып табылады. ЖКО зерттеуде екі әдістеме қолданылуы мүмкін: ықтималдылық және детерминациялау. Бірінші аталмыш әдістемеде ЖКО кезеңінде пайда болатын көптеген факторлардың статистикалық заңдылықтары қарастырылады. Оның пайда болу себептері, шарттары, бағалануы. Осы әдістеме бойынша ЖКО сипаты мен санын анықтап болжауға болады. Мысаты: жолдағы транспорт құралдарының соқтығысу саны мен себептері, қала жэне аудан арасындағы ЖКО саны. Ал өзге детерминациялау эдістемесінде аймақтағы апаттар жалпылама қарастырылмайды, эрбір ЖКО жекеше қарастырылады.



1. «ЛЕНГІР-БАЯНАУЫЛ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ.

1.1. Жол қозғалысын ұйымдастыру шараларының негізгі

бағыттары.

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Заңында жол қозғалысын ұйымдастыру түсініг жолдарда қозғалысты басқару жөнінде жол қозғалысын ұйымдастыру-техникалық, ұйымдастыру-құқықтық шаралардың және реттеу іс-қимылдарының кешені ретінде анықталған.

Жалпы жол қозғалысын ұйымдастыру-бүл инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларының көмегімен пайдаланудағы жол-көше жүйесінде транспорт құралдарының және жаяу жүргіншілердің жеткілікті дәрежеде жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы үшін қажетті жағдайлар жасау. Бұл іс-қимылдың арасындағы анық шекараларды белгілеу оңай шаруа емес, себебі аталған шаралардың ауқымы өте кең болуы мүмкін. Мұнда жол-көше жүйесінің жекелеген элементтерін қайта жабдықтау, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, жол қозғалысын автоматтық басқару жүйесін енгізу, бағыттық жолаушылар тасымалдау транспортының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу және қозғалысқа әр түрлі шектеулер енгізу шаралары кіреді.

ЖАЖО жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған барлық іс-әрекеттер қандай да бір мекеменің немесе ведомстваның құзырында ғана шоғырлануы мүмкін емес. Автомобильдендіру деңгейінің өсуі салдарынан, әдетте, жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын жол қозғалысын оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған шаралардың маңызы артады.

«Жүргізуші - автомобиль - жол - орта» жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізушілер дайындау ісін жақсарту, автомобильдердің құрылымы мен техникалық күйін жетілдіру, көшелер мен жолдарды салу аясын ұлғайту және жол қозғалысы процесін ұтымды ұйымдастыру сияқты шараларды жүзеге асыру қажет.

Бұл мәселеге жүйелі түрде қарау арқылы оны екі түрлі деңгейде шешуге болады. Мемлекеттік деңгейде жол қозғалысын ұйымдастырудың заң шығарушы және басқа да нормативтік актілерді жасау, автомобильдендіруді жетілдіруді жоспарлау, осы саладағы басқару органдарының құрылымы туралы шешімдер қабылдау, жол құрылысы бағдарламасын жасау, көшелерге, жолдарға және автомобильдерге мемлекеттік стандарттарды бекіту сияқты аса маңызды проблемалар шешіледі.

Ал жергілікті әкімшіліктер мен ведомстволық деңгейде ЖАЖО күйссінің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің практикалық сұрақтары қарастырылады. Осы мәселелердің барлығы жол полициясы басқармасының тпісті құрылымдары мен оларға бағынышты ұйымдар мен мекемелер құзырларында болып, нақты аумақ жағдайында дәйекті түрде шешіледі. Бұл бағыттар ЖАЖО жүйесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыруға негізделген негізгі іс-шараларды қамтиды. Әсіресе, солардың ішіндегі жол-транспорт оқиғаларының салдарынан шығынға ұшырағандарға көмек беруге арналған дәрігерлік қызметтің, қозғалыс қауіпсіздігін насихаттау бойынша көпшілікке хабарлау құралдарының жұмысының, көпшілік орындарында тұрғындардың әр түрлі санаттарын жол қозғалысы ережелеріне оқытудың, сақтандыру органдарының жұмысының маңызы ерекше.

Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша инженерге жұмыс барысында білім мен ғылымның әр түрлі салаларын қамтитын үлкен ауқымдағы мәселелермен айналысуға тура келеді. Жол қозғалысының проблемаларын шешу үшін құқықтану, экономика, психология, педагогика, инженерлік ғылымдар, соның ішінде кала құрылысы, жол және автомобиль істері салаларындағы мағлұматтар қажет.

Отандық және шет елдік тәжірибелер нәтижелерін талдау және сараптау негізінде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша барлық инженерлік іс – қимылдарды ірілендірілген жүйелер түрінде көрсетуге болады. 1(1.1 сурет).


Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша инженерлік қызметтер






Жол қозғалысын зерттеу және оның ұйымдастырылу деңгейі туралы мәліметтерді жинақтау






Жол – көше жүйелеріндегі жол – транспорт оқиғалары шоғырланған орындарды және қауіпті нүктелерді анықтау






Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды жобалау және экономикалық негіздеу






Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бір жерге шоғырланған және кешенді шараларын іске асыруға қатысуқатысу






Жол – транспорт оқиғалары орнында, қозғалыстың кептелуі кезінде, көпшілік шаралардың өткізілу мерзімінде жол қозғалысын ұйымдастыруға шұғыл өзгерістер енгізу




l.l.-сурет. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар

құрылымы.

1. Жол-көше жүйесіндегі қалыптасқан қозғалысты ұйымдастыру деңгейі туралы ақпараттар, транспорттық және жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы мен құрамы жөніндегі мәліметтер және жол қозғалысы туралы басқа да хабарламалар жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасау үшін негіз болып табылады. Мұндай мәліметтерді, әдетте, қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар кешенін жасауға тапсырма берілген мекеме (жобалау, жолды пайдалану және коммуналдық) жинақтайды. Бұл мәліметтерді жинау үшін жол-көше жүйесінде және жол қозғалысын зерттеу ұйымдастырылады.

2. Қолданылып жүрген жол-көше жүйесінің бойындағы жол-транспорт және жаяу жүргіншілер ағындарының кідірісі байқалған жол бөліктерін, жолдың өткізу мүмкіндігі шектелген аймақтарын анықтау жұмыстары жол-трапспорт оқиғаларының есебі туралы мәліметтерге, жол полициясы басқармаларының Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы ақпараттарына, жол-көше жүйесінің жекелеген бөліктерінің откізу мүмкіндіктерін бағалау нәтижелеріне және қозғалу лабораториясы көмегімен жүргізілген қозғалыс жағдайларын зерттеу есептеріне негізделеді. Жол-көше жүйесінің қауіпті орындарын анықтау жұмыстарын, жүйелі түрде, белгіленген аймаққа немесе жол бөлігіне қызмет көрсететін жол полициясының тиісті бөлімдері атқаруы тиіс. Ал жолдардың өткізу мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарын жол полициясы басқармасымен қатар жол қозғалысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма алған мекеме де жүргізеді.

3. Жол-көше жүйесінің жағдайы, жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейі, жол-транспорт оқиғалары туралы және олардың шоғырланған орындары жайлы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқылы, жол қозғалысын ұйымдастыру жобалары жасалады. Берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге байланысты жоба не белгілі бір жергілікті жер бөлігі үшін (көше қиылысы, жол бөлігі), немесе қала үшін, автомомбиль жолдары, қала көшелері үшін жасалуы мүмкін. Добаны жасау үшін тапсырма тек қана арнайы жобалау мекемесіне беріледі. Ал жобалау тапсырмасын, әдетте, жергілікті әкімшіліктердің тиісті бөлімдері, сол аймаққа немесе жолға қызмет көрсететін жол полициясы органдарымен бірге, жасайды.

4. Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қабылданған іс-шараларды іске асыру жұмысына тікелей қатысу қажет болған жағдайда жобалау шешімдеріне өзгерістер енгізуге және оларды тәжірибе барысында тексеруге мүмкіндік береді.

Қозғалысты ұйымдастыру бойынша кез-келген шараны тағайындау мен іске асыру жол қозғалысының барлық мүшелерінің тәртібін реттейтін белгілі бір ережелердің бар болуын есепке алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін жол қозғалысын ұйымдастырудың негізі деп есептеу қабылданған. Жол белгілері мен таңбалары, бағдаршамдық реттеу қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлылығын қамтамасыз ететін қосымша және аса маңызды құралдар болып табылады.

5. Жол қозғалысын ұйымдастыруға шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігі әр түрлі көпшілік шараларды өткізу барысында және жол-көше жүйесінің кейбір жекелеген бөліктерінде транспорт құралдарының кептелуі байқалған жағдайда, жол-транспорт оқиғалары тіркелген орындарда, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында туындайды. Әдетте, көпшілік шараларының өткізілу орындары алдын-ала белгіленіп қойылады, сондықтан қозғалысты ұйымдастыру қызметтерінің қолында, тиісті мекемелер мен ұйымдармен келісілген, уақытша жабылатын көшелер мен жолдарды айналып өту схемасы болуы тиіс. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту және оны жүзеге асыру жол полициясы қызметтеріне тапсырылды.
1.2. «Ленгір - Баянауыл» автомобиль жолының ЖТО талдау

Жол-транспорт оқиғасы-көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға.

Жол-транспорт оқиғаларын есепке алу жүйесінің аясында транспорт құралдары қатарына автомобильдер, мотоцикльдер, мотороллерлер, мопедтер, аспалы қозғалтқышты велосипедтер, тракторлар және өздігінен жүретін машиналар, олардың қозғалтқышының қуаты мен жоғары жылдамдықтарына байланыссыз, жатқызылады.

Бірақ мемлекеттің статистикалық есеп беруге тек қана адам өлімі мен дене жарақаттарына жол берілген жол-транспорт оқиғалары енгізіледі. Басқа жол - транспорт оқиғалары туралы мәліметтер мемлекеттік есеп беруге қосылмайды. Олар аумақтар деңгейінде жинақталып, сарапталады.

Жалпы жол-транспорт оқиғаларының есебін ішкі істер органдары, транспорт құралдары бар мекемелер мен ұйымдар, министрліктер мен ведомствалар, автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органдары жүргізеді. Сонымен бірге медициналық мекемелерде жол-транспорт оқиғалары нәтижелерінде зардап шеккендер есебі жүргізіледі.

Әр бір жол-транспорт оқиғасын талдау барысында осы оқиғаның пайда болуына тікелей себепші болуы мүмкін төрт негізгі фактор зерттеледі. Бұл ең әуелі жүргізуші, оның денсаулық, кәсіби шеберлігі, қызметтік мінездеме, іс-әрекеттері және қимылдары. Сосын жол жағдайлары мен шарттары тексеріліп, анықталады. Жол-транспорт оқиғасына қатынасушы транспорт құралдарының техникалық жағдайлары мен конструктивтік ерекшеліктері де басты орын алады. Ал ең соңында, жүргізуші мен аигомобильдің жұмысын ұйымдастыру мәселесі мұқият тексеріледі.

Жол-транспорт оқиғаларын талдау нәтижелерінің қорытындыларында жүргізушінің немесе қозғалыстың басқа мүшесінің қандай белгіленген нормалар мен ережелерді бұзғандығы, мекеменің немесе басқа ұйымдардың жұмысындағы жол-транспорт оқиғасын тудырған кемшіліктер көрсетіліп, оларды жою жөніндегі ұсыныстар берілген қызметтік тексеру актісі, оқиғаның толық талдауы болып табылады.

Жол-транспорт оқиғаларын талдау нәтижелері мекеменің жиналыстарында талкыланады, ал ұсынылған шаралар қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің тоқсандық жұмыс жоспарына енгізіледі және бұйрықпен жарияланады. Бірақ, тек қана белгілі бір жол-транспорт оқиғасын немесе қозғалыс ережесін бұзуды талдау сол оқиғаның ғана себептерін анықтауға мүмкіндік береді де, ол бойынша оқиғалардың алдын алу бағытындағы мекеменің барлық жұмыстарын ұйымдастыруға немесе автотранспорт мекемесінің осы саладағы жұмыстарын бағалауға болмайды. Сондықтан белгілі бір уақыт аралығындағы тіркелген барлық жол-транспорт оқиғаларына талдау жүргізген тиімді. Белгілі бір есеп беру мерзіміндегі шеккен оқиғалар санының, материалдық шығындар көлемінің және зардап шеккен адамдар санының өзгерісін белгілеуге мүмкіндік береді. Және өткен жылдардағы мәліметтермен салыстыруға болады.

Жол-транспорт оқиғаларын талдауға қажетті мәліметтер көрсетілген бағыттар бойынша оқиғаларды тіркеу журналынан, қызметтік тексеру актілерінен және қозғалыс ережелерін бұзу журналынан алынады. Ол мәліметтер оқиғаларды талдаудың ерекше журналына енгізіледі. Алғашқы кезектете әр бір ай сайынғы оқиғалардың саны, түрлері және зардаптары анықталады. Сонан соң, оқиғалар себептері бойынша ( жылдамдықты асыру, сол жақпен жүру, техникалық ақаулар, қауіпсіз ара қашықтарды сақтамау және т.б.2 бөлінеді. Жол-транспорт оқиғаларына қатынасқан жүргізушілер құрамы кәсіби шеберлігі, еңбек стажы және жасы бойынша топтарға бөлінеді. Сонымен қатар жол-транспорт оқиғалары тіркелген уақытына байланысты апта күндері және тәулік сағаттары, жол және ауа-райы жағдайлары бойынша тоқталады.

Жалпы жол-транспорт оқиғаларын талдау нәтижелері әр түрлі кестелер, диавграммалар, схемалар және графиктер түрінде беріліп, мекемедегі оқиғалар туралы көрнекі түрде ұсынылады. Оқиғаларды талдау нәтижелері бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қызметі жол-транспорт оқиғаларының алдын алу бойынша шаралар дайындайды және орындауды жоспарлайды.

Берілген жол-көше жүйесіндегі апаттылық жағдайын сараптау үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық Жол полициясы басқармасының «Жол-транспорт оқиғаларын есептеу карточкалары» пайдаланылады. 1.1 кестеде 2002-2006 жылдар арасындағы жол-транспорт оқиғаларының саны, жарақаттанғандар мен қайтыс болған азаматтар саны көрсетілген.

1.1. кесте
























Аталуы







Жылдар













2002

2003

2004

2005

2006

1

ЖТО саны

23

28

29

31

31

2

Жарақаттанғандар

7

10

13

14

16

3

Қайтыс болғандар

2

2

3

3

4

Жоғарғы кестеден көрініп отырғандай 2002-2006 жылдар арасында ЖТО жалпы саны мен олардың барысында жәбірленушілер саны жылдан-жылға арту үстінде.

ЖТО сандық жағынан сараптау үшін ЖТО ауырлық деңгейін қолданған тиімді нәтиже береді. ЖТО ауырлық деңгейі

Кт = nқ /nж, (1-1-)

мұндағы nқ -қайтыс болғандар саны;

nж -жарақаттанғандар саны.

ЖТО ауырлық деңгейін есептеу нәтижелері № 1.2. кестеде келтірілген.

1.2.-кесте.

Аталуы







Жылдар










2002

2003

2004

2005

2005

Кт

0,28

0,2

0,23

0,21

0,25


















Ауырлық деңгейінің мәні Кт төмен болған сайын ЖТО ауырлық дәрежесі төмен болады.



1.3.-кесте.




ЖТО түрлері

Жалпы саны

Пайыз есебімен, ЖТО жалпы санына шаққанда

1

Жаяу жүргіншілерді қағу

29

20,5

2

Соқтығысу

32

22,5

3

Аударылу

15

10,5

4

Кедергіні соғу

17

12

5

Басқа да түрлері

50

35

6

барлығы

142

100

2002-2006 жылдар аралығындағы айлар бойынша орта есеппен алынған ЖТО таралу жағдайы 1.4.-кестеде келтірілген. 1.4-кестеден көрініп отырғанындай ЖТО саны қыркүйек пен қараша аралығында көбірек орын алса, желтоқсан мен ақпан айлары аралығында төмендейді екен. Себебі қыс мезгілінде жол жағдайларының нашарлауына байланысты және транспорт құралдарының қыс мезгілінде пайдаланылмауына байланысты ЖТО саны төмендейді. Наурыз айында ЖТО санының артуы транспорт құралдарының толықтай пайдаланылуымен түсіндіріледі. Қыркүйек пен қараша аралығында ЖТО артуының тағы бір себебі транспорт құралдарының қарқындылығының жоғарылауы және жаяу жүргіншілер қозғалысының артуы.



1.4.-кесте.

Айлар бойынша ЖТО таралуы.



Айлар

Авто саны

Пайыз есебімен, ЖТО жалпы санына шаққанда

1.

Қаңтар

2

1,4

2.

Ақпан

9

6,3

3.

Наурыз

14

9,8

4.

Сәуір

15

10,5

5.

Мамыр

17

11,9

6.

Маусым

16

11,2

7.

Шілде

15

10,5

8.

Тамыз

15

10,5

9.

Қыркүйек

21

14,7

10.

Қазан

7

4,9

11.

Қараша

8

5,6

12.

Желтоқсан

3

2,1

13.

Барлығы

142

100



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет