№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


Мұғалімнің кәсіби шеберлігі



Pdf көрінісі
бет23/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
91 эссе

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа 
дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде 
қалыптасып тәрбиеленеді. 


• 
Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, ол басқа 
да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ 
тәрбиесінде бүкіл ғұмырымен қажыр қайратын және бойындағы асыл 
сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады. 
• 
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік 
қабілеті де кең болмақ. 
• 
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке 
тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, 
жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана 
тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім 
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай жеке 
тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде 
осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, 
зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай таңдауы керек, өйткені, 
технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай 
жүзеге асады 
 
№28 МҰҒАЛІМ ШАБЫТТЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ? 
Өмірде екі мамандық иесі: ұстаздар мен дәрігерлер ерекше 
құрметпен аталады. Одан кейін диқандар, құрылысшылар... деп, 
жалғасып кете береді. Дәрігерлерді көбіне ауырғанда еске алсақ, ұстаздар 
үнемі ойымызда жүреді, күнделікті өмірде де олармен араласымыз 
үзілмейді. Ұстаздан бұрын өзіміз білім алсақ, кеше балаларымыз оқыды, 
ал бүгін міне, немерелеріміз мектептерде мұғалімдерден сабақ 
алуда. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің 
мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарына ақын 
барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына 
деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай 
жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең 
ардақты, ең құрметті мамандық.. Американың бір газетінде «Генриден кеңес 
сұраңыз» деген ата-аналарға арналған бөлім болыпты. Үлкен адамдар кеңес 
сұрайтын әлгі кемеңгер кеңесші кім десеңдер, 11-12 жасар бала екен. Оқиға 
былай өрбіген. Бір күні газет редакциясына баладан қызық хат келеді. Онда: 
«Мен қанша дегенмен біраз балалық шақты бастан кештім ғой. Олардың 
барлық сырын жақсы білемін. Ата-аналарға балалары туралы кеңес беріп 
тұрар едім. Құрметпен Генри», деп қол қойған. Содан редактор баланың 
тілегін қабыл алып, газеттен жоғарыдағы бөлімді ашады. Ата-аналар 
балаларының түрлі тентектік қылықтарын немесе басқа да мінездерін айтып: 
«Мұндай жағдайда қайтсек екен?» деп Генриден ақыл сұрап редакцияға хаттар 
жазып жатады. Бір қызығы, сол хаттарға Генридің тапқырлықпен берген қысқа 


да нұсқа нақты жауап-кеңестері газетте жарияланып тұрады. Мен де сол Генри 
сияқты: «Қанша дегенмен ширек ғасыр ұстаз болдым ғой, оқушылардың 
мінездері мен қылықтарын, сырларын және бүгінгі мектептің проблемаларын 
жақсы білемін, ендеше, осы оқулықты мен жазбағанда кім жазады», деп іске 
кірістім. Әңгімеміздің басты тақырыбы мұғалімдік мамандық туралы 
болғандықтан, алғашқы ұстаздарымның бірі Сабыржан Оташұлы туралы 
«Жұлдыз жүректі ұстазым» деп жазған естелігімнен бір үзінді келтірейін. 
«...Сабыржан ағай оқушыларға бар жанын салып сабақ беретін, бәрі де жақсы 
оқыса екен, деп педагогиканың бар тәсілін қолданып бағатын. Жақсы жауап 
берсек, жай бестік бағаны қоя салмай, сүйсініп: «жарайсың, міне, осылай оқу 
керек» деп жақсы сөзбен көтермелеп отыратын. Оқымай келсек, соған жай 
ұрсып ренжігені ештеңе емес, іштей қатты назаланатын. Сондай бір сәті есімде 
өте-мөте сақталып қалған-ды. Ойынға қанбайтын балалық кезіміз емес пе, бір 
күні бәріміз сабақ оқымай келіппіз. Тым болмаса, біріміз жауап берсекші. 
Аузын буған бұзаудай ешқайсымызда үн жоқ. Содан ағай қатты ашуланды. 
«Бұдан былай мен сендерге мұғалім болмаймын, сабақ бермеймін, басқа мұға-
лімнен оқыңдар» деп сабақты аяқтамастан үйіне кетті де қалды. Енді біз 
сасайық. Өзіміз жақсы көретін мұғалімімізді қатты ренжітіп алғанымызға 
өкіндік, шынында да, бізге сабақ бермейтін болса, жаман болады деп 
уайымдадық. Сосын бәріміз кешірім сұрайық, деп үйіне бардық. Есік алдында 
жүрген келіншегі Алданыштан «ағай қайда» деп сұрадық. Ол: «Сендер не 
бүлдірдіңдер? Ағайларың қатты ренжіп келіп, теріс қарап жатып қалды. Кейіп 
келгені сондай, тамаққа да тұрмай жатыр» деді. Біз кешірім сұрауға келгені-
мізді, бұдан былай ағайдың сабағын жақсы оқитынымызды оған айтуды 
өтініп, үйді-үйімізге тарастық. Ұстазымыздың оқушыларға қатты 
налығандағы осы бір қылығы, балаша өкпелеп үйіне барып теріс қарап жатып 
алуы кейін өзім мұғалім болғанда есіме жиі түсетін. Бұл деген ұстаздық маман-
дығын беріле сүюдің, оқушыларын, балаларды жанындай жақсы көрудің
оларға жүрегінің бар жылуын, бойындағы бар талантын сарқа жұмсап 
арнауының айқын көрінісі емес пе. Соны біз кезінде бала жүрегімізбен сезініп, 
оны бұрынғыдан да жақсы көре түстік. Өзім осы уақытқа дейін асыл ағаның 
бейнесін жүрегімде жылы сақтап келемін. Ұстаздың сол асыл қасиеттері маған 
да жұққан болар, мектептерде де, институтта да ұстаздық қызмет атқарған 
жылдары оқушыларым мен студенттерім үшін бойымдағы бар қабілеттерімді 
аямай жұмсап еңбек еттім. Студенттерім арасында сүйікті ағай атандым. 
Жақында әлеуметтік желідегі парақшама қарап отырсам: «Сәлеметсіз бе, 
алтын жүректі ағайымыз. Сізді әлеуметтік желіде көргеніме қуаныштымын. 
Сізге сарқылмас шабыт тілеймін. Студентіңіз Арайлым Серікбаева» деген 
жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Осындай алтын сөз, тамаша 


тілектен соң шабыт қалай шарықтамасын. Сабыржан ағайымыз жылы жүректі 
болумен бірге талапшыл да болды. Тәртіпті қатаң талап ететін, тиісті жаза да 
қолданатын. Аяғымыз талғанша бұрышқа тұрғызып та қоятын. Әке-шешем 
мектептен алыс қой қыстауында шопан. Жататын үй болмай бір жылы 
интернатта тұрып оқыдым. Түнде жатар алдында кезекші мұғалімдер келіп 
тексеріп кетеді, сыртқы есікті іштен жауып аламыз. Кезекші мүғалім кетіп қал-
ды-ау деген мезгілде ара-тұра қызық көріп, жалаңаяқ қар кешіп, жүгіріп 
келетін әдетіміз болатын. Бірде Аманжол деген ұзын сирақ бала: «Ал кеттік, 
ұзын сирағымызды көсілтіп келейік» деп дауыcтап өзі бастай жөнелді, біз ере 
жөнелдік. Қар үстінде жүгіріп бара жатқанда аяқ тоңа қоймайды. Жүз метрдей 
жүгіріп, қарқынымыз басылған соң, ішке кірейік десек есік ашылмайды. Аш, 
аш! – деп айқайласақ, іштен Сабыржан ағайымыздың: «Ұзын сирақтарыңды 
тағы да біраз көсілтіп келіңдер», деген дауысы естілді. Ішімізден бұрышқа 
тұрғызғандай уақыт тұрғызса, біттік дедік. «Ағай, тоңып барамыз, 
ашыңызшы», деп дірдектеп тұрмыз. Әйтеуір ашты-ау. Сөйтсек ағай кетіп 
қалмай, бұрыштан бізге көрінбей байқап, бәрін естіп тұрыпты. Содан кейін 
ұзын сирақты көсілтуді қойып кеттік. Тәртіп сақтауды қалыптастырудағы бұл 
да бір дәйектілік болса керек. Бұрын біздің оқушы кездерімізде, одан кейін де 
әйелдерден ер мұғалімдер көп болатын. Мектептерде бұрын тәртіптің болғаны 
да сондықтан. Мектепке әйел директор болғанын көрген емеспіз. Ал қазір 
керісінше, ер мұғалімдер мүлдем аз. Тәртіптің жоқтығынан мектептерде қазір 
полиция күзеті енгізілді. Масқара емес пе. Мектепке сырттан ешкім де басып 
кіріп шабуыл жасамайды. Мектептің өз ішіндегі қиын балалардан 
қорыққандықтан солай жасалуда. Айтуға ұят. Мектептерде қыздар мен әйел 
мұғалімдердің көп болғаны осындай ауыр жағдайға соқтырып отыр.Ер 
мұғалімдер көп болуы керек. Ұлдарға айтарым, мұғалімдік жұмыстан 
қашпаңдар. Ұстаздық мамандық – ең тамаша мамандық! Мұғалімдік нағыз 
ерлер атқаратын жұмыс. Мен өзім мектепте де, институтта да мұғалім, 
оқытушы болғанымды мақтан етемін. Бұл мамандығымды жан-тәніммен 
сүйдім, оқушыларымды да, студент шәкірттерімді де жанымдай жақсы көрдім. 
1971 жылы елден Алматыға көшіп, журналистік жұмысқа ауысқанымда 
мектеп пен оқушыларымды қимай-қимай қоштасқаным есімде. Қорыта 
келгенде, ұлдар мен сендерді мектеп бітірген соң мұғалімдік мамандықты таң-
дап, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге шақырамын. Ерлер 
атқаратын жұмысты әйелдердің мойнына артып қойғанымыз дұрыс емес. Мек-
тепте ер мұғалімдер көп болса, полиция күзеті болмас еді, тәртіп бұзатын қиын 
балалар да азаяр еді сөзсіз. Мысалы, жоғарыдағы «Жұлдыз жүректі ұстазым» 
атты естеліктегі Сабыржан Оташұлының ұстаздық бейнесі мектептерде ер 
мұғалімдер көп болуы керектігінің жарқын көрінісі емес пе. Ұлдар ұстаздық 


мамандықты таңдаңдар деген шақыруыма үн қосуларыңды сұраймын. Қазір 
мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы екі есе көбейтілді. Жас мұғалімдерді 
тұрғын үймен қамтамасыз ету де қарастырылған. Педагогикалық мамандықты 
таңдаған ұлдарға жоғары оқу орнына түсуде артықшылықтар беру де 
көзделетін болады. Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің патриот ер жігіттері 
болып, мектептерде басты билікті өз қолдарыңа алуларың керек, онда 
қалыптасқан қазіргі кемшіліктерді таяу болашақта өз қолдарыңмен түзеулерің 
керек. Мектеп –Отанымыздың болашақ тағдырын шешетін жастардың оқып 
білім алып, тәрбиеленіп, түлеп ұшатын ұясы, алтын бесігі. Сол ұя, сол алтын 
бесігіңді бүгінгі күйінде яғни полиция күзетпесе өздерін өзі қорғап, өз 
қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алмайтын дәрменсіз жағдайда қалдыруға 
болмайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет