та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат
қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,
екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына
басшылық етуді мойнына
алған
маман.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,
осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да
түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет
ететін,
бай
қиялды
адамға
тән
қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі
кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп,
болжап және
оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни
білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық
технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың
жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел
болашағының
мүсіншісі
деуге
болады.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің
борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін
адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын
әрекеттерге
жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір
емес,
бірнеше
жас
жүрекке
мәңгі
ұстаз
болып
қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен
әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас
жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі,
мәдениетті сөзі,
әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да,
жұртшылыққа
да
өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын,
өмірде
пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына
алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар
нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: