№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№57 ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет57/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
91 эссе

№57 ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІ 
Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. 
Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін 
бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының 
арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек 
ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік 
өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының 
жағдайын құрайды. 
Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын 
ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми 
білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы 
заңдылықтары мен бағдарлары табылады. 
Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға 
болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген 
мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның 
салаларында 
қолданылатын 
неше 
түрлі 
құралдарды 
айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау 
арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар 
айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, 
адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды 
заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып 
қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның 
өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің 
мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен 
көрінеді. 
Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып 
дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын 
өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта 
ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-
әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен 
Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге 


келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің 
даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап 
Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей 
бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады. 
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп 
пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен 
«технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың 
бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі 
заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды 
затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің 
соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген 
мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде 
жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. 
Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған 
цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда
машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен 
роботтарға берілген. 
Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар 
ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с 
істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға 
көмектеседі. 
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға 
беріліп, 
олар 
қоғам 
өмірінде 
елеулі 
рөлге 
ие 
болды. 
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске 
түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние 
жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс 
жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар 
мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген. 
Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта 
адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген 
көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет