212 «Сөреде 4 дәптер және 2 кітап тұр. Дәптердің нешеуі артық?» Есеп мына амалмен шығарылады
A қосу
B көбейту
C бөлу
D + азайту
E ешқандай амал орындалмайды.
213 «Үстелде 4 дәптер және 2 кітап тұр. Барлығы неше кітап бар?» Есеп мынандай амалмен шығарылады
A қосу
B көбейту
C бөлу
D азайту
E + ешқандай амал орындалмайды.
214 «Сөмкеде 4 дәптер және одан 2-еуі артық кітап тұр. Кітаптар нешеу?» Есеп мынандай амалмен шығарылады
A көбейту
B + қосу
C азайту
D бөлу
E ешқандай амал орындалмайды.
215 Жай есептің түрін анықта: «Мұз айдынында 9 бала бар. Олар қыз балалардан 3 есе артық. Айдында неше қыз бала бар?»
A қосындыны табу
B қалдықты табу
C санды бірнеше бірлікке есе арттырудың тура түрі
D +санды бірнеше бірлікке арттырудың жанама түрі
E айырмалық салыстыру
216 «Нешеуі артық?» және «нешеуі кем?» сұрақтарына жауап беретін есеп мына амалмен шығарылады
A қосу
B +азайту
C көбейту
D бөлу
E біріктіру
217 «Неше есе артық?» және «неше есе кем?» сұрақтарына жауап беретін есеп ... амалмен шығарылады
A қосу
B азайту
C көбейту
D +бөлу
E біріктіру
218 «Мұз айдынында 12 қыз бала және олардан 4 есе кем ұл бала бар. Айдында неше ұл бала бар?» Жай есептің түрін анықта
A қосындыны табу
B санды бірнеше бірлікке есе арттыру
C +санды бірнеше бірлікке есе кеміту
D сандарды еселік салыстыру
E санды айырмалық салыстыру
219 Жай есептің түрін анықта: «Мұз айдынында 12 қыз бала және 4 ұл бала бар. Қыз балалар ұл балалардан неше есе артық?»
A қосындыны табу
B қалдықты табу
C санды бірнеше есе кеміту
D +сандарды еселік салыстыру
E санды айырмалық салыстыру
220 «Айдынында 12 қыз бала және 4 ұл бала бар. Қыз балалардың ұл балалардан нешеуі артық?» Жай есептің түрін анықта
A қосындыны табу
B қалдықты табу
C санды бірнеше есе кеміту
D сандарды еселік салыстыру
E +санды айырмалық салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |