36.Материалдық және рухани мәдениет айырмашылығын көрсетіңіз
Біз “мәдениетті “деп тәрбиелі үлкендерді силайтын,таныс адамдармен кездескенде амандасатын,өзінің киім киісі,мінез-құлқын бақылай білетін адамдарды айтамыз.Ал,шындығында мәдениет ұғымы көп қырлы және көп мағыналы.Адам өзі жасаған ортада өмір сүреді.Бұл ортаға өзгерген табиғат ,материалдық өндіріс ,адамдар қарым-қатынасының сипаты,сондай-ақ қоғамның материалдық және рухани байлығы енеді.
Мәдениет ұғымы көбіне білімділік,білім тарату ұғымымен салыстырылады.Мәдениет барлық кезде бірдей болмайды.Ол бірде тұрақты,бірде өзгермелі қозғалыссыз және іргелмелі жағдайда болады.
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ-еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті,тұрмыс мәдениеті ,тұрған мекеннің ,үйдің,ауылдың ,Ежелгі Қазақстан халықтарының тұрмысты үй жиhаздары болып ағаш кереует,бағалы заттар мен киім сақтайтын сандықтар саналды.Ет тағамдары көп пайдаланғандықтан металл кеңінен қолданылды.Ортағасырлық керамикалар ыдыс-аяқтар,кеселер,құмыра пештерінде күйдірілді.Сүйектен жасалған тұмарлар пышақ сабы ,ойын сүйектері ,түймелер дайындалды.
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ-көпқырлы құбылыс ретінде таныла отырып,өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлылық ,философиялық,діни мәдениет енгізеді.Кейбір мәдениет танушылардың пікірінше,мәдениеттің жекеленген салалары материалдық та,рухани да мәдениеттің қүрамына кірмей,өз беттерімен мәдениеттің қосылысын құрай отырып,мәдениетті байыта түседі.Бұлар экономикалық ,саяси,экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Рухани-мәдениет-білім,наным,мораль,норма,діндер т.бМәдениеттің материалдық жағының оның рухани көрінісінен айырмашылығы материалдық мәдениетті көруге,естуге,қолмен ұстауға болады.
37.Қоғамда, бала тәрбиесінде отбасының алатын орнын тәжірибеге қойыңыз.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата –аналардың міндеті: 1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға; 2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік
жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға.
Ата-анаға берілетін кеңес: 1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. 2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. 3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер. 4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз. 5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі). 6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады. Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: § ақпараттық; § тәрбиелік-дамытушылық; § қалыптастырушылық; § қорғау-сауықтырушылық; § бақылаушылық; § тұрмыстық. Аталған өзара әрекеттің міндеттері: § ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; § ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;
§ бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру. Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары: § отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; § отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; § олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.
38.Отбасылық қарым-қатынас типтерін тәжірибеге қойыңыз, мысал келтіріп көрсетіңіз.
Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. «Адамзат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе» деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Қазіргі отбасы тәрбиесіне аса мән беретін нысана ол – қарым қатынас. Қарым – қатынас жасау арқылы біз диалогпен ғана шектелмейміз. Ол арқылы біз салт – дәстүр, рухани үндестілік пен үйлесімділік, ата – баба мұрасын сақтау, халықтық тәлім мен туыстық арақатынасқа бейімдейміз. Қарым – қатынасты жақсарту жолдары тек қана екі тарапты сөйлесу мәнерімен шектелмейді. Байланысқа тағы ат салысатын құрылымдар : спектакль көру, кітап оқу, сахна мәнерімен байланысу, лекция тыңдап, достармен сөйлесу, ақпарат алып, бөлісу сынды қалыптастырушы факторлар іске асырылады. Ал бұның барлығын ашық түрде жан – жақпен байланыстыру үшін ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту тиіс. Бірақ отбасы арасындағы жақындық біз ойлағандай бола бермейді. Отбасы тәрбиесінің тиімді әрі дұрыс болуы ондағы қарым – қатынас беріктігін орнығуына байланысты. Әр отбасында барлығы идеал бола бермейді. Әр түрлі қарым – қатынас әр жақты орын алады. Отбасы қарым – қатынас түрлері :
— ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
— ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
— өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
— бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
— түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Жоғарыда белгіленгендей әр отбасындағы әр түрлі қарым – қатынастан баланың жеке тұлғалық мәнері, қасиеті қалыптасады. кей отбасыларда баланы өз бетінше жіберіп қояды. Яғни ол бала ата – анамен санасу, ата – ана пікірін тыңдау сынды қасиетті өз бойынан көрсетпейді. Ал бұндай сәтте отбасы араындағы қарым- қатынас атымен болмайды. Ал кей жерлерде отбасында бала пікірімен санаспай тек ата — ана құқығының басым болуы да кездеседі. Бұндай арақатынастағы ерекшелік – баланың жасқаншақ болуы, баланың өзіндік шешім қабылдай алмауы, тұлғалық қасиеттердің болмауы болып табылады. Ал осы аталған қасиеттер баланың дамуына кері әсер етеді. Бірақ қазіргі заман талабына сәйкес ата – ана мен бала арасындағы құқықты теңдей жүргізіп отырады. Бұл қарым – қатынаста демократиялық ұмтылушылық және отбасының теңдей құқық сақталған. «Ата- ана мен бала» айнымас жұп. Бұл қос жұптың арасында қарым – қатынастың нығайуына кепілдік беретін ең басты қағидат ол – тәрбие. Тәрбие үрдісінде екі түрлі әсер болады. Олар : мақтау және жазалау. Бұл екі түрлі әсер балаға екі түрлі ой- өріс қалыптастырады. Мақтау, мадақтау арқылы баланың өмірге деген көзқарасы оң болады. Мақтау естіген, әр ісіне жақсы пікір қалғанын сезген бала алға қарай ұмытыла бастайды. Мақтау бұл – баланың мақсаты айқын әрі нық қадам басуына гарантия бере алады. Ал жазалау тарапына зер салсақ. Бұл тарапта баланы ұрып – соғу, балағаттап, оны төмен түсіру әсерлері жатады. Бұндай іс- әрекетті көріп , сөз естіген баланың дамуы баяулауы әбден мүмкін. Физикалық қысымды көп көрген баланың бойында өшпенділік пен кекшілдік қасиеттері басым болады. Менің ойымша осы қос әсерді 50 / 50 қолдану керек деп білемін. Баланы шамадын тыс мақтасаң бала еркінсініп кетуі мүмкін. Ал жазалау тарабы шамадан тыс қолданылса бала жасқаншақ болып қалады. Керек кезде мақтап, артық қылық танытса жазалауда қолданылу керек. Бірақ ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жойып алмау үшін ұрып – соғуды көп қолданбау керек. Балаға дұрыс әрі нақты сөзбен түсіндірсең саналы түрде ойланатын бала оны түсінеді. Бала туыла сала епті әрі ақылды болып кетпейді. Бала кішкентайында яғни мектеп жасына дейнігі жаста өз сөздерін мимика, жесть арқылы көрсетеді. Егер ата – ана бұл қадамды оң қабылдамаса бала бойында үрей қасиеті қалыптасады. сол себепті баланы кішкентай кезінен демеп, қолдау көрсеті орынды деп білемін. Кей отбасыларда ата – ана талабының тым жоғары болуынан бала үрей қасиеті осыданда қалыптасады. Үрей және өз-өзін төмен бағалау сәтінде қандай нәтиже болады деп ойлайсыз? Балада ең алдымен өзі үшін емес ата- ана үшін тырыасды, осы қос жан маған деген бір сенімділік пен оң көзқараста болса екен деген оймен жүреді. Әрине, бұлда дұрыс шығар, бірақ әр адамның өзіндік ішкі қалауы болады. Ал талабы жоғары ата — ана сол бала қалаған істі бұрыс деп тауып ересектік нұсқау ұсынса бала оны өзі үшін емес ата-ана үшін жасай бастайды. Бұл дегеніміз баланың өз қалауын аяқ асты етіп, өз – өзін бағаламау қасиетіне әкеп соғады. Сондықтан екі жақты санасу, пікір алмасу сынды жұмыстар жүргізілсе, ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас нығая түседі. Баланың іс – әрекетіне ата – ана өздерін сол баласының орынына қойып көруі қажет. Сол кезде арада түсіністік орнайды. Баланың жасаған қателігіне ата –ана бірден тарпа бас салып ұрып – соғуға көшсе бала бойында естен кетпес қорқыныш қалып, ата- анасының бейнесі иделды болуына кері әсерін тигізеді. Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынас үздіксіз және терең болуы тиіс. Сол кезде ғана ортада түсіністік пен бір – бірінен алшақтық қасиеттері сезілмейді. Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
39. Педагогтың міндеттеріне кіретін мәселелерді шешіңіз
Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық- сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.
40. Оқыту әдістерін тәжірибеде іске қосыңыз
Әдіс –«метод» гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолың немесе «зерттеуң деген маұынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |