1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



бет2/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пед 1-40

Хабарлау іскерлігі - жеке педагогикалық іскерлік болып бөлінеді. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Информациялық іскерлік оқу-тәрбие үдерісінің оптималдығын арттыруда шешуші орын алады. Оқу-білім материалын терең жан-жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пай-далану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен даусты үйлестіре білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдыретті күшін және дауыс үнін бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсінді-ру, пікірлесу, тыңдау, сұрақ-жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушы-ның зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне қажет іскерлік.
Ұйымдастырушылық іскерлік - бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық үдерісті басқарудың негізгі шарты. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір-бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік. Ұйымдастырушылық іскерліктің өзіндік белгілері бар. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыыру, орындалған жұмысты қорытын-дылау, бағалау, есеп беру, нақтылы объектіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ықпал жасау ісәрекеттерінен құралады.
Зерттеушілік іскерлік - әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де, өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды. Жоғарыдағы аталған мамандыық - педагогтік іскерлік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиетсапарларыын ашып беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси-қоғамдық азаматтық белсенділігі, адамгершілік-гуманистік қатынасы.
3.«Құзыреттілік» ұғымына анықтама беріңіз.
«Құзыреттілік» – оқыту және оқудың, өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасқан білім мен біліктілікті тәжірибеде, іс-жүзінде, практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.Құзіреттілік ұғымы «білім», «білік», және «дағды» ұғымдарын қамтиды. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзыреттілік дегеніміз қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Құзіреттілік қалыптастыру дегеніміз – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттау.

4 . Үздісіз білім беру ұңымының мәнін түсіндіріңіз.


Үздіксіз білім беру,тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы, үздіксіз білім беру жүйесі.
Тұлғаның үздіксіз білім алуда: Білім ,білік ,дағды және танымдық іс-әрекет – жеке тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім берудің мәні. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні және тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастырудағы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктері.
Үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі оқушының тұлғалық станами. Үздіксіз білім алу тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы ретінде.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.

5. Педагогтын сөйлеу мәдениетін сипаттаныз



6.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіндегы орнын көрсетіңіз


Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі
соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым
шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогиканың ірге тасы — философия,
дәлірек айтсақ, тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие
философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім
саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын
пайдаланады. Философия -педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын,
педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін
көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік,
құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп
атау қабылданған.
Философия – бұл адамды күш иеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке
тәрбиелейді.
Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен
тәсілдерін іздестіреді.
Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық
ерекшеліктерін қарастырады.
Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру
проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен
тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып,
шешім қабылдайды.
Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және
дамыту жайындағы ғылым.
Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани
мәдениетін тұрмысының зерттейді.
Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-
ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді. Сондай-ақ, педагогика ғылымы
медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз
байланысты.
* Педагогика :біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында
орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады
Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім
беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені
беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік
білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты.
Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге
үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам
болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология,
философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен.
Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының
мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы,
педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік –
техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери
педагогика, мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс – еңбек
педагогикасы т.б. пайда болды.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені,
адамды жан – жанты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа
ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология,
жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т.б.
7. Педагогикалық әдіснаманың деңгейлерін тізбектеңіз
А)Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский)
Ғылым әдіснамасы, оның ішінде педагогика әдіснамасы көптеген шетелдік, отандық ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелуде: М.А. Данилов, А.М. Арсеньев, Ф.Ф. Королев, Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, В.Е. Гмурман, С.И. Архангельский, М.Н. Скаткин, В.С. Ильин, И.Я. Лернер, А.И. Пискунов, Г.В. Воробьев, Н.И. Волдырев, Я.С. Турбовской, Л.И. Новикова, Л.В. Занков, В.И. Журавлев, Я. Скалова, Х.И. Лийметс, Б.Т. Лихачев, А.Н. Кочетов, Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский, Б. Битинас, Ю.К. Бабанский, Н.В. Кузьмина, В.В. Краевский, Е.В. Бережнова, В.И. Гинецинский, В.И. Загвязинский, Г.П. Щедровицкий, О.С. Анисимов, Б.С. Гершунский, Е.В. Бережнова, А.М. Новиков, Н. Д.Хмель, ШТ.Таубаева және т.б. (Сурет – 1. Ғылым дамуының диалектикалық тұжырымдамасы).
Б)Педагогикада әдіснама-қағидалар (принциптер), әдістер, таным формасы мен процедурасы және педагогикалық ақиқаттың шыңдалуы туралы ілім (П.И. Пидкасистый). Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Ол педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды бір жүйеге келтіреді. Олай болса, әдіснама-теориялық жүйе туралы ғылым мен ілім болып табылады.
Педагогика ғылымының әдіснамасы: біріншіден, ғылымның жалпы әдіснамасынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады.
Әдіснамалық білімдер құрылымын ғалым Э.Г. Юдин төрт деңгейге бөліп түсіндіреді, демек бүгінде педагогикада әдіснаманың 4 кезеңі қабылданған:
философиялық әдіснама ‒ экзистенциолизм, неотомизм, позитивизм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм; яғни таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қатысты сындарлы-сыни қызметті атқаратын, құрылым сәйкестілігі мен педагогикалық зерттеу мәнін, олардың әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеудің нәтижелерінің әлем танитын түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
жалпы ғылымилық әдіснама ‒ жалпы ғылыми қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылыми әдістер, идеализация, модельдеу, эксперименттеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б. қатысады). Жалпы ғылыми әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады, себебі дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның стратегиясы, оның субъектісі мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады;
нақты ғылымилық әдіснама – педагогика ғылымына сай келетін зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір-бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктеріне сәйкес педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, педагогикалық зерттеу үдерісі барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттың бірегейлігін қамтамасыз етеді, демек, нақты ғылым саласындағы теориялық концепцияларды туындатады;
зерттеу әдістемесі және техникасы (технологиялық),яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын процедуралар жиынтығы. Оның басты функциясы – инструменталды немесе инструменталды технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық білімнің деңгейі болып табылады. Аталған деңгейдің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуынан көп деңгейде жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымның нәтижелерінің қалыптасуы мұқтаж болады.
Сондай-ақ, ғылыми айналымда төмендегідей педагогиканың әдіснамалық деңгейлері де қабылданған:
1-деңгей гносеологиялық, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді саралауда жалпы ғылыми бағыттарды дұрыс құру мүмкіндігін береді;
2-деңгей көзқарастық, білім алушының жеке тұлғасының қалыптасу және даму факторын, білім беруді, оқыту мен тәрбиелеуді және педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады;
3-деңгей ғылыми-мазмұндық, педагогика ғылымының заңдарын, заңдылықтарын, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесін дұрыс құруға көмектеседі.
4-деңгей логико-гносеологиялық, педагогика пәнін, объектісін, категориясын дұрыс анықтау мен дамытуға мүмкіндік береді; педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың өзара байланысын анықтайды, педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, фундаментальды және қолданбалы зерттеудің ережелерін қалыптастыруға көмектеседі; педагогиканың дамуын болжайды (Сурет – 3. Педагогика ғылымының әдіснамалық деңгейлері).
8. Жеке тұлға ұғымының мәнін айқындаңыз
А)Тұлға, жеке адам, адам , индивид туралы түсініктер
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі. Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның екінші адамнан, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын, өзіне тән ерекшілігін сипаттайды. Индивид (лат. Жекелік) адамзаттың еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді.
Б) Жеке тұлға –
1. әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
9 Жалпы адамзаттық құндылықтарды сипаттаңыз
Жалпы адамзаттық құндылықтар - бұл адамдардың бір-бірімен өзара тығыздығы, адамгершілік, адалдық, ақыл-парасаттылық, толықтай демократия құқығына сәйкес келетін негізгі мәндер. Бұл мәндер адамдардың араласқан байланыстарын арттыруға, тұрғылықты, қаттылықты, жақындықты арттыруға көмектеседі. Олар өзара қарым-қатынас, сыйлық, жақындық, толықтай демократия құқығының қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді. Бұл құндылықтар адамдардың толықтай өмір сүруін, өзара халықаралық әрекеттілікті, қоғамдық бірыңғайлықты дамытуға мәжбүр етеді.Ал осы Жалпы адамзаттық құндылықтарды ол осы біздің кішкентаи кезімізден бастап мектепте өз ортаңда отбасыңда қалыптасады және кейбір балдар мұғалімдерінен қарап бои түзеу мүмкін Педагогиканың осы заманғы ең қысқа, жалпы және сонымен қатар шартты түрдегі дәл анықтамасы бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым.Тәрбие жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдаскан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада "тәрбие" ұғымы әлеуметтік мәні тұрғысынан кең және тар мағынада қолданылады.Аға ұрпақтың өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпакка беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Тәжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, әдептілік, кұкықтық нормалар бір сөзбен айтканда, тарихи даму процесінде жасалып, берік қалыптасқан адамзат баласының бүкіл рухани мұралары жатады. Алдыңғы ұрпақтың тар жол, тайғақ соқпақтарында жинақталған өмірлік тәжірибелерін келер ұрпақ пайдаланып, байытып отырды, соның арқасында адамзат баласы жан сактап, тіршілік етіп, бірте бірте буыны бекіп, қатайды және осы заманғы даму денгейіне жетті. Тәжірибе жоғалған жерде тәрбие қайнары тартылып, шөлге айналады, мұндай оқиғаларды тарих айғақтады. Тәрбие ісін дұрыс жолға қойған халық ғана өз дамуында үлкен табыстарға кол жеткізетінін коғам дамуының тарихи процесі айқын дәлелдеп отыр. Әрбір ғылым, өз мәселелерін алдымен ұғымдык түсініктемелерге сай қарастырады. Олай болса, педагогика ғылымының да өзіндік ұғымдары, яғни категориялары бар. Педагогикалық категория дегеніміз ғылыми сараланған тұжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық ұғымдар. Дәлірек айтканда болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айқындайтын ғылыми ұғым Негізгі педагогикалық категорияларға тәрбие, оқыту және білім беру жатады. Педагогика ғылымы, сондай-ақ даму және қалыптасу, қайта тәрбиелеу сияқты жалпы ғылыми категорияларға сүйенеді және оларды өзіне негіз етеді.
10 Дүниетанымның жеке тұлға қалыптастырудағы рөлін топтастырыңыз.
Дүниетанымның жеке тұлға қалыптастырудағы рөлі өте маңызды. Педагог пен жеке тұлғаның арасында келісімшарттар, бірлескен мақсаттар және жеке тұлғаның білім, тәжірибе, ойлау және мұрагерлікті дамытуға құқылы. Педагогтың рөлі - жеке тұлғаның потенциалын кеңейту, олардың ғылымдылығын, адамгершілігін және жаңа адамды дамытуға көмектесу. Бұл арқылы, жеке тұлғаның жеке қабілеттері мен мұрагерліктері дамып, олардың жеке мақсаттарын жеткізуіне көмектесу мүмкін. жеке тұлға бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет т.б. кұрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында "адам", "индивид", деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам, бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сүйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни, ол биологиялық мәнге ие болады. Ал, "индивид" латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы "жекелік". Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген күрінісін берсе керек. Осы түрғыдан алғанда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні де осында. Адамның жеке қасиеттері ұмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің үмір салты, құндылық бағыттарына сай іс- әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың түрмыс-тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни, жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді. Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру деген термин бар. Ұйткені жеке тұлғаның өзі, оның сана-сезімі қүндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру процесінде үлкен роль аткарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесі болуы байқалады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, коршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен карым-қатынасы жасауы, күрделі мәселелердің бірі. Үркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі, қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдаулары тиіс. Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар кұптеген педагогикалык тҒжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін кұрайды. Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілдіруіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу фономеніне негізгі анықтама береді, яғни педагог тәрбиелеушілердің кайта күркею кызметі. Ақыл ойының өзгеруіне, дүниеге көзкарасы, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа ұсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбиелеудің мақсаты жеке адамның және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет