1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігін көрсетіңіз



бет11/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Пед 1-40

21. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігін көрсетіңіз
Қазіргі заман мұғалімі –рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:
• Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
• Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
• Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.
XXI ғасыр мектеп мұғалімнің азаматтық тұлғасы- Қазақ елінің жəне өз мектебінің елжанды патриоты; өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға; мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы; салауатты өмір салтын ұстанушы.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
«Құзырлылық»-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілітін нәтижелер:
Студенттерді өз бетінше талдауға;
Өз қызметіне мақсат қоюға;
Жоспарлауға, жинақтауға;
Қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
Өзін-өзі бағалауға;
Өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет