Біріншілік нефроздық синдром - Біріншілік нефроздық синдром – бүйректің өзіндік зақымдалуларынан болады (гломерулонефриттің барлық морфологиялық типтері, мембранозды нефропатия, біріншілік амилоидоздың нефропатиялық формасы, тума және жүре пайда болған нефроздық синдром).
Екіншілік нефроздық синдром - Екіншілік нефроздық синдром – дамуына алып келетін себептер көп болғанмен сирек кездеседі. Себептері: коллагенозддар (жүйелі қызыл желі, түйіндік периартрит, жүйелі склеродермия), геморрагиялық васкулит, ревматизм, ревматоидты артрит, септикалық эндокардит, диабеттік гломерулосклероз, қан аурулары (лимфомалар), созылмалы іріңді аурулар, инфекциялар, ісіктер, аллергия, дәрілік аурулар.
- Нефроздық синдромның клиникалық көріністерін ағзадағы гемостатикалық жүйенің кең спектрде өзгерістерімен сипаттайды.
- Объективті белгілері: жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, ауыздың құрғауы, олигоурия, бас ауруы, бел аймағында жағымсыз және ауырлық сезіміне шағымданады. Көп немесе аз мөлшерде нефроздық ісінулерде де объективті анықталады. Ісінулердің соңғы дәрежесі – анасакра байқалады. Ол кезде сұйықтықтар инфекцияларға ену қақапасы болып табылатын жарылған терілер арқылы шығуы мүмкін.
КЛИНИКАСЫ - Терісінің құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш, шаш талшықтары үзілгіш, миокардтың дистрофиясы байқалады.
- Миокардтың дистрофиясына байланысты жүрек тондары әлсізденеді, тахикардия болады, кейде систолалық шу естіледі. ЭКГ-да гипопротеинемиялық миокардиодистрофияның белгілері анықталады.
- Нефроздық синдромның салдарынан көптеген ағзалардың функциясы бұзылады, соның ішінде ұйқы безінің, қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің.Ұйқы безінің негізгі ферменттерінің (липаза, амилаза) бөлінуі бұзылады, қалқанша және бүйрекүсті бездерінің функциясы бұзылады.
Нефроздық синдром НЕФРОЗДЫҚ СИНДРОМ Нефроздық синдромның диагностикасында лаборалорлық зерттеулер маңызды орын алады. - Нефроздық синдромның диагностикасында лаборалорлық зерттеулер маңызды орын алады.
- Протеинурия – несеппен тәулігіне 20-50 г белок жойылады. Егер зәрмен бөлінетін белоктің молекулалық массасы төмен болса, онда од селективті протеинурия деп аталады. Ал үлкен молекулалы белок болса, селективті емес протеинурия деп аталады және ол жаман белгі болып табылады.
- Нефроздық синдромның өзекті белгісі. Гипоальбуминемия кейде 10-20 г/л, тіпті 6 г/л дейін төмендейді. Жалпы белок 25-30 г/л азайған кезде онкотикалық қысым 10-15 мм.сын.бағ. дейін төмендейді.
- протеинурия;
- Белоктың интерстициалық сұйықтыққа өтуі;
- Белоктың ішек арқылы бөлінуі;
- Белок катаболизмінің күшеюі.
- Белоктар арақатынасының бұзылысы – альбуминдердің азаюы, глобулиндердің салыстырмалы түрде көбеюі.
- Нефроздық синдромда альфа2-бетта-глобулиндердің, гаптоглобиннің, фибриногеннің синтезі жоғарылайды. Қан құрамында гамма-глобулиндердің көптігі амилоидоздан болатын нефроздық синдромға тән белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |