- Функциональді протеинурия.
- Ортостатикалық протеинурия – кейде ұзақ уақыт жүрген кезде пайда болады (вертикальді жағдайда), горизонтальді жағдайда тез жоғалады. Жиі жасөспірім шақта кездеседі. Несепте 2 г/тәу дейін нәруыз (күндіз) пайда болуы мүмкін. Диагностикалық мақсатта ортостатикалық сынама жүргізіледі: несептің екі бөлімі жиналып құрамындағы нәруыз анықталады, біріншісі - төсектен тұрардың алдында және екіншісі – жүргеннен кейін немесе бел артына таяқ қою арқылы гиперлордоз жағдайында.
- Қызба кезіндегі протеинурия жиі балалар мен ересектерде жедел қызба жағдайларында байқалады да, одан кейін болмайды.
- Протеинурия жекеленген немесе синдромдар құрамында болуы мүмкін. Протеинурия себебі болатын ауру диагностикасы үшін кезеңді зерттеулер жүргізу керек. Қосымша 1 және 2 кестеде протеинурияның диагностикалық ізденістері мен алгоритмі берілген.
- Гематуриянесеп шығару жүйесі ауруларының ең жиі симптомдарының бірі болып табылады,бүйрек зақымдануымен жүретін басқа да аурулар кезінде (жүйелі аурулар) кездеседі. Кейде бүйректен тыс аурулар кезінде байқалады (лейкоз, тромбоцитопения, антикоагулянттарды артық дозалау кезінде және т.б.). Эритроциттер несепке несеп шығару жүйесінің кез-келген бөлімінен түсуі мүмкін (шумақ, интерстиций, несеп жолы тамырларынан). Патологиялық болып микроскопия кезінде көру аймағында 5 және одан жоғары эритроциттердің пайда болуы саналады. Несепте өтпелі түрде эритроциттердің жоғарылауы қызбаға, физикалық жүктемеге және басқа да себептерге байланысты болуы мүмкін. Сондықтан микрогематурия клиникалық белгісіз және несеп жолдарының басқа да зақымдануынсыз анықталса қайталап тексеруді қажет етеді. Мектепке дейінгі балаларда асимптоматикалық микрогематурия әртүрлі авторлар бойынша 0,5-4,0 % және макрогематурия – 0,1-0,2 % кездеседі.
Лейкоцитурия– несеп жүйесінің бактериялық инфекциясының негізгі көрсеткіші. Абактериялық лейкоцитурия интерстициялық нефриттер кезінде кездесуі мүмкін. Мүмкіндігінше әртүрлі лейкоциттерді ажырату керек (нейтрофилді бактериялық инфекцияға тән, эозинофилдер - интерстициялық нефритке тән). - Лейкоцитурия– несеп жүйесінің бактериялық инфекциясының негізгі көрсеткіші. Абактериялық лейкоцитурия интерстициялық нефриттер кезінде кездесуі мүмкін. Мүмкіндігінше әртүрлі лейкоциттерді ажырату керек (нейтрофилді бактериялық инфекцияға тән, эозинофилдер - интерстициялық нефритке тән).
- Цилиндрурия. Қалыпты жағдайда өзекшелерде Тамма-Хорсфалл нәруызынан түзілетін бірен - саран гиалин цилиндрлері кездесуі мүмкін. Олардың саны қызба, физикалық жүктеме және патологиялық жағдайлар кезінде көбеюі мүмкін. Дәнді және жасушалық (лейкоцитарлы, эритроцитарлы) цилиндрлердің анықталуы бүйрек зақымдануын көрсетеді (гломерулонефрит, пиелонефрит). Люпус-нефрит кезінде несеп тұнбасында әртүрлі жасушалар және цилиндрлер кездеседі («телескопиялық» тұнба). Нефротикалық синдром кезінде құрамында майлы цилиндрлер анықталады, бүйрек зақымдануының ауыр сатысы кезінде – балауызды цилиндрлер кездеседі.
-
Достарыңызбен бөлісу: |