тубулярлы протеинурия бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілу үрдісінің бұзылуынан дамиды.Сүзілу тосқауылы (шумақ капиллярлары) қалыпты. Несепте ά1-ά2 микроглобулиндер, β2-микроглобулин экскрециясы жоғарылайды. Туа пайда болған және жүре пайда болған түтікшелік-интерстициялықі аурулар кезінде анықталады. Тәуліктік протеинурия көлемі сирек 1-2 г-нан асады. - тубулярлы протеинурия бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілу үрдісінің бұзылуынан дамиды.Сүзілу тосқауылы (шумақ капиллярлары) қалыпты. Несепте ά1-ά2 микроглобулиндер, β2-микроглобулин экскрециясы жоғарылайды. Туа пайда болған және жүре пайда болған түтікшелік-интерстициялықі аурулар кезінде анықталады. Тәуліктік протеинурия көлемі сирек 1-2 г-нан асады.
Гломерулярлы протеинурия гломерулярлы тосқауыл зақымдануы кезінде дамиды (гломерулярлы аурулар, диабеттік, гипертониялық нефропатия, бүйрек веналары трамбозы, бүйректің ишемиялық ауруы, амилоидоз). Барлық гломерулярлы протеинурия кезіндегі морфологиялық өзгерістер саңылаулы диафрагма өткізгіштігінің жоғарылауымен жүретін подоцит аяқшалары өсінділерінің қосылып кетуімен сипатталады. Аурулардың патогенезі әртүрлі. Нефротикалық синдромның туа пайда болған, тұқым қуалайтын түрі де болады (саңылаулы диафрагманың ақауынан). Балалық шақта жиі кездесетін, морфологиялық аз өзгерістермен көрінетін нефротикалық синдром кезінде электронды микроскопияда подоцит аяқшалары өсінділерінің жалпылама қосылуы байқалады, ал жарықты микроскопияда шумақ көрінісі қалыпты болады. Бұл кезде қаннан альбумин басымырақ жоғалады (селективті протеинурия). Шумақта айқын қабынумен, склерозды өзгерістермен жүретін басқа гломерулонефриттер кезінде подоцит аяқшалары өсінділерінің ошақты өзгерістері байқалады. Несепте ірі нәруыздар да пайда болуы мүмкін (иммуноглобулиндер, ά2 макроглобулиндер), бұндай протеинурияны селективті емес протеинурия деп атайды. Гломерулярлы протеинурия диабет және гипертония кезінде кездесетін аз көлемнен (1г/тәу дейін) гломерулонефриттер кезінде кездесетін өте көп көлемге (2-3 г/тәу және одан жоғары) дейін болуы мүмкін, бұндай жағдай. 3,5 г\тәулігінен асатын жоғары протеинурия гипоальбуминемияға әкеледі, бұл нефротикалық синдромның дамуын шақырады. Несептегі нәруызды және креатинин концентрациясын бірге анықтаған кезде, егер осы протеин\креатинин коэффициенті >400 мг/ммоль немесе >45 мг/мг (г/г) асатын болса, ол нефротикалық синдромға тән үлкен протеинурия. Диабет немесе гипертония кезінде микроальбуминурия жоғары сезімтал әдістер арқылы несепте 20-200 мг/тәу анықталады. Тубулярлы протеинурияны анықтау үшін несепті ά1 микроглобулинге зерттейді. - Гломерулярлы протеинурия гломерулярлы тосқауыл зақымдануы кезінде дамиды (гломерулярлы аурулар, диабеттік, гипертониялық нефропатия, бүйрек веналары трамбозы, бүйректің ишемиялық ауруы, амилоидоз). Барлық гломерулярлы протеинурия кезіндегі морфологиялық өзгерістер саңылаулы диафрагма өткізгіштігінің жоғарылауымен жүретін подоцит аяқшалары өсінділерінің қосылып кетуімен сипатталады. Аурулардың патогенезі әртүрлі. Нефротикалық синдромның туа пайда болған, тұқым қуалайтын түрі де болады (саңылаулы диафрагманың ақауынан). Балалық шақта жиі кездесетін, морфологиялық аз өзгерістермен көрінетін нефротикалық синдром кезінде электронды микроскопияда подоцит аяқшалары өсінділерінің жалпылама қосылуы байқалады, ал жарықты микроскопияда шумақ көрінісі қалыпты болады. Бұл кезде қаннан альбумин басымырақ жоғалады (селективті протеинурия). Шумақта айқын қабынумен, склерозды өзгерістермен жүретін басқа гломерулонефриттер кезінде подоцит аяқшалары өсінділерінің ошақты өзгерістері байқалады. Несепте ірі нәруыздар да пайда болуы мүмкін (иммуноглобулиндер, ά2 макроглобулиндер), бұндай протеинурияны селективті емес протеинурия деп атайды. Гломерулярлы протеинурия диабет және гипертония кезінде кездесетін аз көлемнен (1г/тәу дейін) гломерулонефриттер кезінде кездесетін өте көп көлемге (2-3 г/тәу және одан жоғары) дейін болуы мүмкін, бұндай жағдай. 3,5 г\тәулігінен асатын жоғары протеинурия гипоальбуминемияға әкеледі, бұл нефротикалық синдромның дамуын шақырады. Несептегі нәруызды және креатинин концентрациясын бірге анықтаған кезде, егер осы протеин\креатинин коэффициенті >400 мг/ммоль немесе >45 мг/мг (г/г) асатын болса, ол нефротикалық синдромға тән үлкен протеинурия. Диабет немесе гипертония кезінде микроальбуминурия жоғары сезімтал әдістер арқылы несепте 20-200 мг/тәу анықталады. Тубулярлы протеинурияны анықтау үшін несепті ά1 микроглобулинге зерттейді.
- Патологиялық протеинуриялармен бірге өтпелі протеинурияның болатындығын естен шығармау керек. 1% сау адамдарда асимптоматикалық протеинурия болатындығы скрининг зерттеулері арқылы дәлелденген. Несепті бір реттік зерттеуде протеинурияның анықталуы бүйрек ауруының көрсеткіші болып табылмайды. Аз көлемдегі протеинурия несепті ұзақ уақыт сақтау кезінде формалық элементтердің бұзылуынан анықталуы мүмкін (жалған протеинурия). Инфекция, несеп шығару жолдарының ісіктері кезінде несеп-жыныс жолдарынан нәруыз бөлінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |