6.5 СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
95-100 ұпай «өте жақсы» баға деген егер студент;
берілген ақпаратты нақты түсінсе және тарихи оқиғаларды жете игерсе
өз ойын дұрыс әрі нақты тарихи фактілермен жеткізе білсе, өз тұжырымдарын, ұстанымдарын дәйектемелі түрде дәлелді түсіндіре білсе;
90-94 ұпай «өте жақсы» деген баға егер студент:
тақырыпты нақты түсінсе және тарихи заңдылықтардың теориялық негіздерін игерген болса;
өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі сауатты жеткізе білсе, өз тұжырымдарын, ұстанымдарын дәйектемелі түрде дәлелді түсіндіре білсе;
еркін пікір жасай алса;
еркін ойын жеткізе алса;
84-89 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:
берілген ақпаратты нақты түсінсе және тарихи даталарды жақсы білсе,
өз ойын еркін, тарихи оқиғалармен байланыстыра сауатты айта алса және ұсынылған оқу материалдары бойынша өз ой қорытындысын тұжырымдай білсе;
пікір-талас жасай алса;
тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастырса;
80-84 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:
тақырыпты нақты түсінсе және жеке тұлғаларды жақсы білсе,
белгілі бір хронологиялық кезеңнен мағлұматы болса және ұсынылған оқу материалдары бойынша өз ой қорытындысын тұжырымдай білсе, тарихи тұлғалардың қызметіне тоқталып кетсе;
75-79 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:
тақырыптың мазмұнын жалпы түсінер болса;
тақырыптың мазмұнын қысқаша ғана баяндай білсе;
оқыған немесе тыңдаған ақпаратын түсінеді, бірақ ондағы мәліметтерді нақты тапсырмалар орындау барысында жете қолдана алмаса;
Достарыңызбен бөлісу: |