Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Тәуелсіз елдің Ата заңы алғаш рет 1993 жылы қабылданды. Одан кейін бүкілхалықтық референдум арқылы толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда бекітілді. Референдумға қатысқан халық тарапынан 3000-нан астам ұсыныс түсіп, оның нақты 1500-ге жуығы қазіргі қолданыстағы Конституцияға еңгізілді.
«Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі» деп басталатын Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Бұл құқықтық құжаттың 55-бабына халықтың ұсыныстары енгізіліп, Ата Заңымыз нағыз халықтық заң болып бекітілген. Осылайша 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекеге айналды.
Қазіргі қолданыстағы Ата Заңға Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да негіз болды. Соның арқасында қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы нағыз көшпелілік дәстүрді сақтаған, ата-баба тарихымен тамырлас бірден бір Заң жүйесі деуге негіз бар.Конституцияның өзгеруі мемлекеттің алға жылжып, үнемі дамып келе жатқандығын көрсетеді. Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін көрсететін Ата Заңымызға 1998, 2007, 2011 Конституцияның негізгі мәні мынада: және 2017 жылдары бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді.
Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегені-міз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заң-нама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәй-кес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық акті-лер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;
- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.
- Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:
1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;
2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;
3. тікелей қолданылуы.Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.
4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;
5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |