1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Конституцияның функциялары



бет48/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Конституцияның функциялары:
Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Консти-туция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.
Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мем-лекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мем-лекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.
Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық сала-ларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.
Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстана-тын негізгі қағидаларын белгілейді.
Конституцияның негізгі түрлері:
1. Нысаны бойынша: жазылған – мазмұны әріптермен, басқа да белгілермен жазылған мемлекеттің негізгі заңы. Өз кезегінде олар кодификацияланған немесе заңдар жинағы түрінде болуы мүмкін. Жазылмаған – бір құжатқа жинақталмаған, мазмұны жазбашамен қоса ауызша сипаттағы ережелерден де құралған Конституция.
2. Конституцияларды өзгерту және жою әдістеріне қарай: қатты Конституция – ерекше күрделендірілген тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция, жұмсақ Конституция – жай заң қабылдау тәртібінде, яғни жеңіл тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция;
3. Қабылдау тәртібі бойынша: 1) октроированная Консти-туция - сыйға тартылған конституция, 2) халықтық Конституция. Оның үш түрі бар: референдумда қабылданған конституция; өкілді органмен (Парламентпен) қабылданған конституция және арнайы құрылған органмен қабылданған конституция (м/ы АҚШ Конституциясы).
4. Мәні бойынша: шынайы – нормалары өмірде жүзеге асатын, шындыққа сай келетін конституцияшынайы емес – шындықпен үйлеспейтін, ережелері тек жазылған күйде ғана қалатын конституция;
5. Әрекет ету мерзімі бойынша: тұрақты - әрекет етуі шек-сіз ұзақ мерзімге есептелген конституция, уақытша - әрекеті нақты мерзімге есетелген конституция, т.б.
Қазақстан Республикасының Конституциясының дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Оның келесідей 3 кезеңін көрсетуге болады:
1) Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990ж) 28 қантар 1993 жылға дейінгі Қазақ ССР Конституциясы кезеңі;
2) 28 қантар 1993 жылдан 30 тамыз 1995 жылға дейінгі ара-лықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы кезеңі;
3) 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ-станның екінші Конституциясы кезеңі.
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — олар тұңғыш рет мем-лекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет