1. ОҚытушы туралы мәліметтер


жылғы Конституцияның қабылдану себептері



бет49/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:
1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;
2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;
3. экономикалық себеп – меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;
4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;
5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау.
1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Консти-туцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:
1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;
2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;
3. Азаматтық мәселесі;
4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;
5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;
6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;
7. Сот жүйесін реформалау;
8. т.б.
Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда.
Президенттің ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жет-кізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойын-ша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.
2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген тиісінше заң қабыл-данды. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың ешбір бөлімін сырт айналып кеткен жоқ, өзгертулер мен толықтыру-лар Конституцияның барлық бөлімдеріне енгізілді. Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда – Астана конституциялық мәртебеге иеленді, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам және азаматтың құқықтары мен бостандық-тарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті, саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістің құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық Кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейт-ті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтереді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.
Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бір-лестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады.
5.Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет