1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Аннотация жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық



бет63/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Аннотация жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
Аннотация—бұл кітап, мақала мәтінінің қысқаша жалпылама сипаттамасы.
Аннотация мәтіні алдында қысқаша ақпарат (авторы, атауы, шыққан жері және уақыты) атау нысаны түрінде беріледі. Осы ақпаратты аннотацияның бірінші бөліміне қосуға болады.
Аннотация әдетте екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кітаптың негізгі тақырыбы тұжырымдалса, екінші бөлімде негізгі ережелер тізбектеледі (айтылады).
Іс –әрекет субьектісі аннотацияда айтылмайды, өйткені ол түсінікті, контексте белгілі болғанындай, енжар құрылымдар белсенді қолданылады. (етістік және үстеу)
Аннотация үлгісі:
Фролов И. Г. Глобальные проблемы, человек и судьбы человечества // Философия и политика в современном мире. — М.: Наука, 1989.-С. 44–60.
Мақала жаҺандық проблемалардың адам өміріне және болашақ өркениеттің күрделі мәселелерін шешугеәсер етуіне арналған. Мақалада осы жаһандық мәселелерді шешудің жолдары мен әдістері жайында айтылған әртүрлі ойшылдардың пікірлері қарастырылған.
Аннотация үлгілері
Кітапта зерттеледі...(не?)
Көрсетіледі...(не?)
Жұмыстың басым бөлігінде қарастырылады (не?)
Монографияда мінездеме беріледі (неге?)
Зерттеу мынадай мәселелерді кезекпен қарастыру арқылы жүргізіледі, ...
Кітапта талданады (не?)...
Басты мәселеге көңіл аударылады (неге?)...
Пайдалана отырып (нені?), автор айтады (нені?)...
Айтылады, не...
Баса мән беріледі, неге...
Кітапта беріледі (не?)...
Ашылады (не?)...
Сипатталады (не?)...
Сұрақтарға ерекше көңіл бөлінеді (неге?)
Қорытындыда қысқаша талданады (не?)...


Жақсы реферат қалай жазылады?
Ол үшін алдымен, рефераттың не екенін анықтап алайық. Реферат (латын тілінен аударғанда refero-«хабарлаймын») - бұл тақырып бойынша ғылыми жұмыстың , әдебиеттің жариялық есеп түріндегі қысқаша мазмұндамасы.
Негізінен жоғары оқу орындарына арналған реферат көлемі 20 беттен тұрады. Мынаны есте сақтау қажет, рефераттың конспектіден айырмашылығы, олдерек мәтінінің үзінділерін көшірмейді. Сондықтан, дерекке сілтемесіз «дайын асты», яғни бөгде ойды риясыз көшіруді әдетке айналдырмау керек. Біріншіден, көптеген оқытушылар белгілі ғылыми жұмыстардың мәтінін бірден аңғаруы мүмкін (өйткені ол жұмыстармен олар әрине таныс). Екіншіден, бірінші курс студенті, кешегі оқушы ғылыми терминдерді бірден игеріп кетпейтіні айдан анық.
Сондықтан, сіз енді екі қорытынды жасайсыз:
1.Реферат жазғанда түпнұсқаның мазмұнын көшіру емес, өңдеуқажет.
2.Егер деақылды сөзді көрсеңіз, онда міндетті түрде авторға сілтеме жасап, үзінді келтіріңіз.
Сонымен, ендігі рефераттың не екендігін білеміз. Неден бастау керек? Реферат жазу жұмысын дұрыс жоспарлау керек.
1. Тақырып таңдаймыз. Ол сіз үшін қызықты әрі маңызды болуы тиіс. Сонда ғана сіз, жұмыс жазғанда (оны қорғағанда) өзіңізді «судағы балықтай» сезінеріңіз сөзсіз.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз: аталмыш жұмыс өз кезегінде қандай мәселелерді тудыруы мүмкін? Мәселенің шешілу жолдарын қарастырамыз.
3. Тақырыпқа орай адебиеттерді іздестіреміз (кітаптан өзге, мүмкіндігінше мерзімді басылымдарды қолданған дұрыс), кітаптан немесе мақаладан көшірме жасаймыз. Егер жұмыс тақырыбына кайшы болмаса, қазіргі деректерді қолдануға тырысу керек.
4.Рефераттың негізгі бөлімінің жоспарын құрастырамыз. Әрбір мәселеге арнайы жеке тарау арнаймыз, тарауларды параграфтарға бөлеміз.
5. Алдымен жұмыстың жобасын жасап аламыз, жұмыстың негізгі бөлігі жазылып болған соң ғана кіріспесін жазамыз. Ойткені реферат жазу барысында тақырып мазмұны өзгеруі мүмкін, олай болса кіріспені қайта жазуға тура келеді.
6. Оқытушыға жұмыстың жобасын ұсынуға болады (егер талап етілген жағдайда).
7.Жұмыстың дайын жобасын басып шығарамыз және (5-7 мин.арналған) жұмысты қорғауға қажет қысқаша нұсқасын даярлаймыз.
Реферат құрылымы қандай, қандай бөлімдерден тұрады?
Реферат құрылымы:
Кіріспе. Тақырып таңдауда оның маңыздылығына мән береміз. Мақсаты мен міндеттерін анықтаймыз. Пайдалынылған әдебиеттерге қысқаша шолужасаймыз.
Негізгі бөлім. Тақырыпты кезек- кезегімен деректер, сандар, ақпараттармен нақтылай отырып аша түсеміз. Әрбір болімнің соңын қысқаша қорытынды бере отырып аяқтаймыз.
Қорытынды. Тақырып бойынша жалпы қорытынды тұжырымдаймыз. түпнұсқа авторларының көзқарастарымен келісетін немесе келіспейтіндігіңізді білдіріп, өз көзқарасымды айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет