1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері



бет10/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#142331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

“Семей орманы” мемлекеттік табиғи орман қоры Семей өңірінде құрылған. Орман осы аумақтың 8 ауданын және аудан бөліктерін, сонымен қатар Семей қаласының аумағын қамтиды (6-кесте).


Кесте 10 - Әкімшілік аудандар бойынша орман алқабы (01.07.2005 жылғы орман қорын есепке алу мәліметтері бойынша)

аудан, мың га



Аудандардың атауы

Аудандардың жер көлемі

Орман қорының жер көлемі

Орман жамылғы-сының %-ы

жалпы

ағаш жамылғысы

Абай

2009,4

8,5

8,5

0,4

Аякөз

4958,8

16,3

16,3

0,3

Бесқарағай


(400,9 мың га орман қоры + 1,8 мың га әкімшілік ауданның орманы)

1140,8

402,7

194,2

17,0

Бородулиха

698,8

95,9

67,2

9,6

Жарма

2340,3

14,5

14,2

0,6

Көкпекті

(14,0 мың га орман қоры + 64,9 мың га Самар мемлекеттік мекемесінің орманы)



1457,5

78,9

40,5

2,8

Тарбағатай

(5,9 мың га орман қоры + 64,9 мың га Зайсан мемлекеттік мекемесінің орманы)



2374,0

6,6

6,6

0,3

Үржар

(5,8 мың га орман қоры + 2,3 мың га Алакөл қорығының угодьясы)



2341,2

8,1

5,8

0,2

Семей қаласының жері

2780,6

97,0

61,9

2,2

Барлығы:

20101,4

728,5

415,2

2,1

Орманды экономикалық аудандастыруға байланысты, ҚазОШҒЗИ-ның құжаттары бойынша Солтүстік-Батыстағы орманды орналастыру кәсіпорнының мәліметтеріне қарасты, орман қорлары келесі орман-экономикалық және орманшаруашылық аудандарында орналасқан (кесте 7, сурет 3).


Кесте 11 - Орман қорының жерін орман экономикалық және орман шаруашылық аудандары бойынша бөлу


Орман экономикалық ауданы (ОЭА)

Орман шаруашылық ауданы (ОША)

“Семей орманы” МТОҚ филиалдар атауы

Солтүстік-Қазақстан

Ертіс маңы жайылмалы орманы

Долон және Семей (жайылмалы ормандар)

Орталық

Ұсақшоқылардың оңтүстік шетіндегі ормандар

Жарма

Шығыс

Орман жалдары

Бөген, Бородулиха,


Бөкебаев, Долон (жайылымсыз ормандар),

Жаңасемей, Канонерка, Морозов, Жаңашүлбі, Семей (жайылымсыз ормандапр)




Орманды қорғау. Орманды қорғаудың негізгі мәселелері – ол орман шаруашылығын жүргізуде тазалық ережелерін орындауды қамтамасыз ету және орманды нәтижелі пайдалану, орманда жағымсыз организмдердің қалыптасуына, олардың пайда болуына қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында санитарлық қайта қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу, орман-патологиялық істерін орындау және оны ұйымдастыру, зерттеу, ормандағы аурулармен, зиянды жәндіктерге қарсы күрес жүргізу іс-шараларын жүзеге асыру, орманға теріс әсерін тигізетін жағымсыз ошақтарды, іс-әрекеттерді дер кезінде жою болып табылады.

2002 жылы жүргізілген орман-патологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 66,1 мың га орман көлемінде орманға зиян келтіретін ошақ көздері анықталды, оның ішінде 12,4 мың га – жібек шығаратын қарағайда, 0,9 мың га – жұлдыз тоқығышында, 52,8 мың га – сосновой совкада.

2001 жылы 56,6 мың га жерде ағаш діңгектеріне зиян келтірушілер анықталды, бұдан басқа, 2003 ж. Бородулиха және Жаңашүлбі филиалдарының питомниктері мен басқа да питомниктерді зерттеу барысында зауза қоңыз (майский хрущ) табылды.

2002 жылы ормандарда зиянкестерге қарсы күрес қаржының жоқтығынан жүргізілмеді; 2003 жылы орман питомниктерінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.



Орманды патологиялық бақылау. Орманды патологиялық бақылаудың негізгі нысандары: ол зиян келтірушілер түрінің көбеюіне жол бермеу, ағаштың өсуіне және ағаш қорының сақталуына кері әсерін тигізетін зиянкестерді тоқтату.

Орман шаруашылығының профилактикасын және зиянкестермен күресті олардың биоэкологиялық мәліметтері негізінде жоспарлау қажет.

Орман шаруашылығындағы профилактика мен орманға әсерін тигізетін зиянкестермен және орман ауруларын жою жөніндегі іс-шаралар төмендегідей ретте жүреді:

1. Орманның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша істелетін жұмыстар:

- ауру және зиянкестілердің әсерінен зақым келген ағаштарды жою, қатты кеуіп, қураған ағаштарды жою кезінде жас, сау бұтақтарға зақым келтірмеу үшін жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар;

- 1999 жылы шыққан “Қазақстан Республикасы ормандарын зиянкестерден және аурудан қорғау ережелерін” орындау;

- жаңадан кепкен және құрғаған ағаштарды дер кезінде жинау;

- қыста және көктемде кесілген ағаштарды мамыр айының соңында кешіктірмей жинап алу, ал жаз, күз айындағы жүргізілетін кесу жұмыстарын көкек айының басында, т.с.с. жазда, көктемде көбейетін ағаштың қабығын жегіш қоңыздардан қорғау, қабықты дер кезінде жинап, өртеу.

2. Орманның патологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жүргізілетін жұмыстар:

- негізгі зиянкестердің түрін және ауру қоздыратындарды сынақтан өткізу, үстінен бақылау жүргізу, тіркеу, болжау, орман шаруашылығының профилактикасы, зиянкестердің ошағын жою.

- 1983 жылы шыққан “СССР ормандарын патологиялық зерттеу жөніндегі экспедициясының нұсқаулары” бойынша кезекті орманды-патологиялық зерттеулер ісін жүргізу;

- басқару құжаттарына бйланысты әр орман мекемелерінде 5-6 учаскелерді, негізгі зиянкестермен күрес жүргізу үшін және ауруларға қарсы шараларды орындау жұмыстарын құру;

- орман дақылдары аудандарындағы топырақты қазу жұмыстарын жүргізу.

Орманды күзету. Орманды қорғау орман шаруашылығындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады, оның негізгі міндеттері өрт қауіптерінің алдын алу, дер кезінде өртпен күрес жүргізу, рұқсатсыз ағашты кесуді тоқтату.

Орманға зиян келтіретін ең жағымсыз жағдай – ол өрт, барлық орман құруға арналған орман кәсіпорындарының іс-шараларын жобалауды жоққа шығаратын табиғи жағдай.

Орманды өрттен қорғау үшін әр қилы кешенді өрт қауіпсіздігіне арналған қарсы іс-шаралар жүргізуді қажет етеді. Өртке қарсы жұмсалатын құрал-жабдықтар қолдану Семей аумағында 1968-1969 жылдары өткізілді.

Орманды өрттен қорғау бойынша аудандастыру, облыста төрт өрт қауіпсіздігін орындау ауданы болып бөлінген (кесте 8, сурет 3).


Кесте 12 – Семей өңірінің өртенген орман аудандары


Өртенген орман аудандары

Қордағы филиалдары

Өрттің ұзақтығы (күн)

І. Ертісмаңы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет