1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері



бет12/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#142331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Орман өсімдіктерінің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізетін мына климаттық факторларды көрсетуге болады:

- жас өскінге зиян келтіруші күзгі және көктемгі үсіктер;

- жас көшеттер мен екпе өсімдіктерге зақым келтіретін үнемі оңтүстік бағытта соғатын желдер;

- бұтақтарының осалдығы салдарынан жас көшеттердің сақталуына теріс әсер ететін орманның жоғары белдеуіндегі қар жамылғысының қалыңдығы.

Кәсіпорын аумағының топырақ жамылғысы ұзақ уақыт топырақ түзілу процесі кезінде таулы жер бедерінің жағдайында оның пішініне байланысты, жауын-шашын түсу мөлшеріне және өсімдіктердің өсіп-жетілуіне байланысты қалыптасқан.

Альпілік белдеу зонасында теңіз деңгейінен 1990-2000 м биіктікте альпі шалғыны астында жұқа (30-50 см) альпілік таулы-шалғынды топырақ қалыптасады. Мұнда шымды топырақ тасты жыраларға және жартастарға алмасады.

Субальпілік белдеуде (1400-1500 метрден 1900-2100 метрге дейін) шалғын астында кәдімгі таулы-шалғынды топырақ қалыптасқан. 1400-1500 метрден төмен самырсынды, самырсынды-бал қарағай мен қайыңды орман белдеуінде таулы орманды жақсы күлгінденген және нашар күлгінденген топырақ қалыптасқан.

Жоғарыда айтылған кәсіпорын аумағындағы топырақ-климаттық жағдайлар ағашты-бұталы және шөпті өсімдіктердің қалың өсуіне мүмкіндік береді. Мұндай өсімдік жамылғысы табиғи тепе-теңдік жағдайында эрозиялық процестерді болдырмайды.

Жергілікті эрозиялық процестер орман отырғызу жұмыстары кезінде, жол салу және басқа да шаруашылық шаралары кезінде байқалуы мүмкін. Рекультивацияны қажет ететін бұзылған жерлер кәсіпорын аумағында кездеспейді.

Қазіргі уақытта біршама өзендердің жағалуында орманның тыйым салынған бөліктері белгіленген. Онда бағалы өндірістік балықтардың уылдырық шашатын орындары қорғалады. “Қазақстан Республикасының орман кодексіне” сәйкес осы белдеудегі ормандар, “өзен, көл, суқойма және басқа да су айдындары жағалауындағы тыйым салынған белдеулер” деген атқа ие болған.

Грунт суаларының тереңдігі таулы жерлерде 0-ден бірнеше метрге дейін өзгереді және су өткізбейтін қатардың болуына байланысты. Грунт суларының тереңдігі ағашты-бұталы өсімдіктердің өсіп-жетілуіне ешқандай әсер етпейді.

Жалпы Риддер орман шаруашылығының аумағы жақсы шымдалған, ал батпақтар аз ғана бөліктерінде кездеседі. Табиғи-климаттық жағдайын толық бағалай келе, бұл аймақтың ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай екенін айта кетуге болады.

Аудан экономикасында орман шаруашылығы маңызды орынға ие. “Риддер ОШӨК” АҚ 1995 ж. 80,1 мың м3, “Мелисса” АҚ (бұрынғы Абай ОШӨК) 14,9 мың м3, Риддер кәсіпорны 7,9 мың өтімді ағаш дайындады.

Кәсіпорын ормандары ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және орман қорының бірден-бір үлескісі ретінде есептеледі. Орман қорының аздаған бөлігі “Лениногорский” селосының және Риддер қаласының жерінде орналасқан.

Аудан экономикасында және қоршаған ортаны қорғауда орман шаруашылығының ролі

Кәсіпорын ормандары жергілікті жердің ағашқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және оның бір бөлігі ауданнан және облыстан тыс жерлерге шығарылады. Соңғы екі жылда ағаштың барлық түрінен 131,7 мың м3 ағаш дайындалған.

Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі аз болса да, бір ғана Риддер және диқан шаруашылығы дамыған ауылдарда кәсіпорын ормандары ауыл шаруашылық дақылдарының барлық түрінің өнімділігіне, сондай-ақ жайылым жерлердің өнімділігіне жақсы әсерін тигізуде. Ол жерлердің көп бөлігі ұзақ уақыт пайдаланылуға берілген немесе кәсіпорын құрамына кірмейтін жерлер.

Орманнан самырсын бүршігінен басқа, дәрілік шикізат өнімдері және тамақ өнімдері жиналады.

1994 ж. 12,4 млн. теңгенің өнімі шығарылған. Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Риддер ауданының өзінде экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кәсіпорын ормандарының табиғатты қорғаудағы ролі артуда.

Риддер орман жалдарында бірнеше емдеу орталықтары мен балалар лагерлері орналасқан.

Леса предприятия в соответствии с постановлением Совмина КазССР от 17.04.1981 г. № 182 “Об уточнении существующего деления лесов Казахской ССР на группы и относении их к категориям защитности” и одноименным приказом Минлесхоза КазССР от 10.07.1981 г. № 97 были разделены на группы лесов и категории защитности лесов следующим образом.

І топ ормандары. Онда ормандар 7 санатқа бөлінген:

- ауданы 908 га қала ормандары, оған Риддер қаласының жеріндегі ормандар да кіреді;

- қала, елді мекен және өндірістік кәсіпорын маңындағы – жасыл белдеу ормандары, ауданы 1180 га, оған Риддер қаласы маңындағы Риддер қылқан жапырақты ормандары да кіреді;

- өндірістік бағалы балықтардың уылдырық шашатын орындарын қорғайтын орманның тыйым салынған бөліктері, ауданы 20115 га, оған бүкіл кәсіпорын аумағындағы өзен жағалауындағы ормандарды да қосуға болады;

- ауданы 217 га темір жол бойындағы қорғалатын ормандар, оған Өскемен-Риддер темір жолы бойындағы ормандар да кіреді;

- 155 га жерді алып жатқан республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы қорғалатын ормандар бөлігі, оған Өскемен-Риддер жалпы мемлекеттік автомобиль жолы бойындағы ормандар да кіреді;

- қала, елді мекендер және кәсіпорын маңындағы жасыл зоналы ормандардың орман шаруашылығы бөлігі, оның ауданы 7058 га, оған Риддер қылқан жапырақты ормандарының бір бөлігі және қала маңы ормандарының батыс бөлігі кіреді.

- жалпы ауданы 8654 га болатын бағалы өндірістік балықтар уылдырық шашпайтын өзен орны, көл, суқойма және басқа да су айдындары маңындағы ормандардың тыйым салынған бөліктері.

ІІ топ ормандары. Онда тек бір ғана орман санаты – басым бөлігі Риддер орман өнеркәсіптік шаруашылығы орман шикізат базасының құрамына кіретін ауданы 22883 га пайдаланылуға берілген ормандар.

ІІІ топ ормандары. Онда ормандар екі санатқа бөлінген:

- ауданы 289578 га пайдаланылуға берілген ормандар, оның басым бөлігі Риддер орман шаруашылығының шикізат базасының құрамына кіреді;

- кәсіпорынның солтүстігіндегі игерілмеген резервтегі ормандар, ауданы 16745 га.
Ормандардың экологиялық жағдайы

Риддер қаласының ауданындағы экологиялық жағдайдың нашарлауы соғыс жылдарынан кейін байқала бастады, әсіресе, кейінгі 20-25 жылда өткір мәселеге айналды, санитарлы бақылау барлық басқару ұжымдардың негізгі мәселесіне айналды.

Бірақ та, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіптердің техникалық деңгейі төмендігінен, бұл мәселе төңірегіндегі алға жылжулар байқалмай, керісінше экологиялық мәселе тереңдеп барады.

Атмосферада, суда және топырақ жамылғысындағы концентраттардың мөлшері 10-15 есе шамадан тыс артық. Осындай жағдай адам өмірінің ұзақтығына ғана емес, маңайдағы орманның жағдайына да кері әсерін тигізеді.

Әсіресе, улы газдардың атмосферада ұлғаюы Риддер орман шаруашылығының жағдайына кері әсерін тигізіп, кәсіпорынның орталығында орманның көп бөлігі өз тіршілігін тоқтатты. Ал, қалған Риддер жалды ормандарының жағдайы да нашарлап бара жатыр. Оған осы орман жалдары арқылы өтетін темір жол және автомобиль жолдары да әсер етеді.

Кәсіпорыдағы кейінгі ревизиондық кезеңде басты орман пайдалануында шабу әдісі басымырақ болған, әсіресе кейінгі жылдары, ал орманды қайта қалпына келтіру шаралары көптеп қалға алына бастады. Бірақ жоба ұсыныстарында ол уақытта керісінше азаймай, одан әрі қарай орман алқабының ұлғаюы көрсетілген.


Кесте 15 – 1995-2000 жж. тексеру кезеңдегі ормандар мен ағаштардың жойылуы


Жойылудың себептері

Ауданы, га

Жойылып кеткен орман егістерінің ағаштар саны, мың м3

Жалпы


Оның ішінде піскені

Пайдаланған ағаш өнімдері

Орман өрттері (орман өртенуі

19,8

0,5



0,5

Зиянкестермен мен аурулар












Өнеркәсіптің, орманшаруашылық кәсіпорындардың, құрылыстың әсерінен












Су басу

20,0

0,3



0,3

Барлық жойылған ормандар

Оның ішінде:

қылқан жапрырақты

жұмсақжапырақты


39,8
19,8

20,0

0,8
0,5

0,3





0,8
0,5

0,3

Тексеру кезеңінде 01.08.2005 жылғы жағдай бойынша кәсіпорынның аумағында жалпы 70,72 га ауданнында 137 өрт жағдайы болған.



Қорытынды
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.

Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.

Орман адамдарды әртүрлі өнімдерімен және қызметтерімен қамтамасыз етеді. Үй тұрғызуға арналған құрылыс материалдары әртүрлі бұйымдарға арналған ағаштар, бәрі орманнан алынады. Қағаз бұйымдары ағаштан жасалады. Ағаштар – көмірқышқыл газын жұтып, өзінен оттегіні бөліп ауаны тазартады да, адамдар үшін қажетті су қорын құруда маңызды рөл атқарады. Күнделікті өмірде де орманның маңызы өте зор.

Орман – қоғамдық өнімнің құрамдас бөлігі бола отырып, адамдар тұрмысын жақсартудағы елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы орны ерекше. Егер адамдар орман ресурстарын бағалап, оның заңдылықтарын терең біліп, ойластырып тиімді пайдаланса, олар сарқылмайтын қасиетке ие болуы мүмкін.

Табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану ағаш шикізатын, қалдықтарды және қосалқы өнімдерді шаруашылықта кеңінен пайдалануды қарастырады.

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі алдында орман шикізат ресурстарын толығымен қолдану, ағаш шикізатын қайта өңдеудің кешенділігін жоғарылату мақсаты қойылған. Себебі, оларды қолданғанда осы саладағы материалдық шығындардың жарты бағасын қалдық шығаратын орман материалдары құрайды.

Барлық дайындалатын ағаштарды толық және тиімді пайдалану мәселесі орман шаруашылық және орман өнеркәсіптік әрекеттердің шегінен шығуда және ол мәселе салааралық, мемлекеттік мәнге ие болып отыр. Бұл мәселе ағаш шикізатын өндіру жоспарын реттеуді, қалдықтарды есептеуді, ағаштардың жоғалмауын, өнеркәсіпте ағаш қалдықтарын қайта қолдануды ағаш шикізатын пайдалы түрде қолдану коэффициентін көтеруді, ағаш өңдеуде және орман дайындау өнеркәсіптерінде ағаштарды бөліп-жарудағы технологиялық тәртіп деңгейін жоғарылатуды қажет етеді.

Ағаштарды кешенді пайдалану түрлері сан алуан. Оларды негізінен мынадай 4 топқа бөлуге болады.

1. Сол кәсіпорында өзінің ұқсастығы мен өңдеу технологиясы негізгі өндіріс өнімімен біртекті болатын – бөлшекті қалдықтарды жиһаз өнеркәсібінде желімдеу және қосымша өңдеу жолымен алынатын құрылыс-столяр бөлшектерін шығарудан өнім алу үшін қалдықтарды қайта қолдану.

2. Берілген кәсіпорын шегінде өнімнің жаңа түрлерін құрау үшін ағаш өнімдерін дайындауда ағаш қалдықтарын пайдалану; негізгі өнеркәсіптің технологиясын өзгертпеу, ал қосымша өнім технологиясы негізгіден ерекшеленетін шамалы жабдықталған цехтарда өңделеді және ол тек қалдықтармен екінші ретті қайта өңдеуде қажет негізгі өнеркәсіппен байланысты. Оған жататындар: целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптері қалдықтарын шығаратын ағаш-талшықты және ағаш-жаңқалы тақталар өндірісі, орман дайындау қалдықтарын жаңқа өндірісіне, орман химиясы және энергохимиялық қайта өңдеудің, ағаш өңдеуден шығатын ағаш ұнтағының және ағаш үгінділерінің өнеркәсібі үшін және целлюлоза-қағаз өндірісі қалдықтарын, жем ашытқыларын және т.б. шығару үшін қолдану.

3. Ағаштардың әртүрлі құрам бөлшектерін бір өнеркәсіп шеңберінде бірнеше соңғы өнімдерді шығару үшін қолдану және ол табиғаттан технологиялық байланыс болғанда іске асады. Ол топқа ағашты химиялық және энергохимиялық қайта өңдеуге өнімнің бөлек түрлерін алу әдістері жатады.

4. Берілген өндірістегі ағаш қалдықтарын негізгі шикізат және басқа кәсіпорындарда жартылай фабрикат ретінде қолдану. Бұл орман кесу және орман дайындау өндірісінің қалдықтарынан алынатын целлюлоза-қағаз өндірістерінде, ағаш плиталарының өндірісінде технологиялық жаңқаларды қолдану.

Қазақстан үшін ағаш шикізатын қолдану үлкен мақсаттың бірі, себебі, республика орман байлықтарына кедей, орман материалдарына деген халық шаруашылығының күнделікті өсіп отырған сұранысын өз ресурстарымен қамтамасыз ете алмайды. Орман өнімдерінің негізгі бөлігі (70 % жуық) Ресейдің Шығыс Сібір мен Қиыр Шығысынан әкелінеді. Осылай, Қазақстанның орман кесу – ағаш өңдеу өндірісі көбіне әкелінген шикізат негізінде жұмыс істейді. Алайда, бұл шикізат шектен тыс ұтымды, ағаштың көп мөлшердегі шығынымен жергілікті материалдар сияқты түрлерімен қолданылмайды.

Өнеркәсіптердегі қалдықтарды қолдану негізсіз, оған қажет нормативті базаның қатысуынсыз жобаланады. Қалдықтарды қолдануда ведомоствоаралық бөліну де аз кездеспейді. Республикада ағаш қалдықтарының көлемін анықтаудың жүйелік зерттеулері жүргізілмейді, жүйелік есеп берушілік жоқ.

Іскер кесінділерді желімдеуді енгізумен жағдай түбірімен өзгереді. Бұл жағдайда ағаш өңдеудің және ағаш кесінділердің 50 % бөлшек қалдықтарын қолдануға мүмкіндік туады. Сондықтан да аз шығындар мен көбірек өнім алу үшін барлық ағаш өңдейтін өнеркәсіптердің қалдықтарын, ең бірінші, басты өнімге жұмсау керек және тек осы жағдайда ғана алынатын қалдықтарды, сондай-ақ ұсақ түйір қалдықтарды, ағаш жаңқаларын, ағаш ұнтақтарын (опилка) тақта (плита) және басқа өнімдерге қайта өңдеу үшін бағыттау керек.

Өнеркәсіптердегі ағаш қалдықтарын қолданудың анализі – тұрмыс қажеттіліктеріне қолданылатын өте үлкен ағаш өңдейтін комбинаттардағы қайта қолдану коэффициенті ұсақ өнеркәсіптермен салыстырғанда, жоғары екенін көрсетеді. Осылай, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Шымкент ағаш өңдеу комбинаттарында бөлшектік қалдықтардың 30-50 %-ы өңдеуге бағытталған өнім мен халық қолданатын тауарлар шығаруға қолданылған, шамамен, жұмсақ қалдықтардың 25 %-ы ағаш жаңқалы тақталар болып қайта жасалады.

Ағашты кешенді пайдалану проблемасын шешудің қате жолдары, қалдықтарды жұмсағанда материалдық қажеттіліктің жоқтығы аз қуаты бар өнеркәсіпте көптеген қалдықтардың қолданылмауына немесе нәтижелі қолданылмауына әкеп соғады. Бұған, сонымен қатар, қолдану әдістерінің жоқтығы және барлық халық шаруашылықтарының қажеттіліктеріне керек, өнеркәсіптердегі нақтылы баға-көрсеткіштерінің жоқтығы себеп болады.

Отындық ағаштар (қылқанды және жұмсақ жапырақты түрі) – жаңқалар технологиялық өндірісте, целлюлоза-қағаз бұйымдарымен тақталар өндіру үшін дайындалса, жартылай және қысқа өлшемді баланс өндірісі гидролиздік және орман химиялық өндірісінің азығы үшін қолданылады.

Ағаш дайындаудан қалған қалдықтар, ағаш бұтақтары, бөлшек қалдықтар өндіру үшін өңделеді. Сонымен қатар, гидролизді және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінде қолданылады.

Ағаш жапырақтарын (қылқанды және жапырақты түрі) мал азығы, тамақ және медициналық өнімдер алу мақсатында пайдаланады.

Ағаш қалдықтарының жиынтығын тасымалдау, әсіресе автомобиль транспортымен, өзіндік құнын қымбаттатады, яғни оның экономикаға тиімсіз екенін көрсетеді. Сондықтан да ағаш қалдықтарын сол кескен жерде өңдеу тиімді. Бұл жағдайлар сонымен бірге тақта шығару үшін ағаш қалдықтарын пайдалануға көп мүмкіндік береді.

Транспорт – басты факторлардың бірі. Ағаш жаңқаларынан тақталар шығару үшін ағаш қалдықтарын пайдаланады. Бұл әсіресе, Қазақстан үшін маңызды, яғни ағаш қалдықтарын өте қажет ететін аудандарға тасымалдап, оларды материалмен қамтамасыз етеді.

3 ағаш жаңқасы тақталарының өзіндік құны кең диапозонда тұрақсызданады. Оның шамасына біріншіден, шикізат құны және өндірістің қуаттылығы әсер етеді. Ағаш жаңқаларынан тақта өндірудің құны төмен болуы ірі орындарда осы шикізатты тасымалдауда қосымша шығынды өтемейді. Бұл жағдай Қазақстанға тән, мұнда шикізат көзі бір-бірінен өте алшақ қашықтықта орналасқан.

Бөлшек қалдық үлесінің көбеюі шикізат құрамын да төмендетеді, ал технологиялық отын үлесі ағаш жаңқаларынан тақта өндірудің құнын көбейтеді. Осыған байланысты жоғары құнды тақталар Петропавл мен Семейде, ал Алматы мен Қарағандыда төмен құнды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ағаш материалының жетіспеушілігінен өнеркәсіп салаларында және құрылыста ағаш шикізатын жиі қолдануда және оның өнімдерін өңдеуде. Ағаш тақта өндірісінде қалдықтарды қолдану ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдердің әртүрлілігін кеңейтеді және республикалық халық шаруашылығы тұтыну қажеттілігін, яғни, ресурстар шектелген өнімдермен қамтамасыз етеді.

Орман ресурстарын экономикалық-географиялық бағалаудың нәтижесінде оларды тиімді пайдаланудың жолын қарастыру қазіргі кезде құрылыс саласында орман өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.



ҚолданылҒан Әдебиеттер тiзiмi
1. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. – М.: Мысль, 1972. - С.64-76.

2. Васильев П.В. Экономическая оценка лесных ресурсов // Сб.: Оценка природных ресурсов. – М.: Мысль, 1968. - С. 122-128.

3. Баймырзаев Қ.М., Ғабдолла О.Ж. Баға және табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың өзара байланысы мен айырмашылығы // ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. Алматы, 2002. - № 2, - 118-124 бб.

4. Григорьев В. Оценка предприятия: теория и практика. – М.: ИНФРА-М. 1997. - 318 с.

5. Ильев Л.И., Гордиенко Р.Н. Экономическая оценка лесов многоцелевого назначения. – М.: ЦБНТИлесхоз, 1980. - Вып. I. - С. 49-52.

6. О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс). – Алматы: Юрист, 2004. - 288 с.

7. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы, 1997. - С. 28-32.

8. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок: Учебник для вузов. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1997. - 413 с.

9. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. – М.: АспектПресс, 1995. - 188 с.

10. Васильев П.В. Экономика использования и воспроизводства лесных ресурсов. – М.: АН СССР, 1963. - 484 с.

12. Лесной кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, - 2003. -72 с.

13. Қарғажанов З.Қ., Баймырзаев Қ.М., Ғабдолла О.Ж. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері және салықтары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 135 б.

14. Жорабекова Ж.Т. Орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау мәселелері // ҚарМУ хабаршысы. Биология, география, медицина сериясы. Қарағанды, 2005. - № 2, - 39-41 бб.

15. Каргажанов З.К., Тлеубергенов М.А. и др. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов. – Алматы, 1991. -156 с.

16. Шкатов В.К. Рентные платежи в системе цен и рационализация природопользования // Тез. докл. Экономическая оценка и рациональное использование природных ресурсов: – М., 1973. - С.16-19.

17. Анучин Н.П. Сортиментные и товарные таблицы. – М.: Гослесбумиздат, 1963.

18. Ильев Л.И. Основы лесного кадастра. – М.: Лесная промышленность, 1969. - 128 с.

19. Байзаков С.Б. Экономическая оценка лесных ресурсов. – Алма-Ата: Кайнар, 1981. - 151 с.

20. Упушев Е.М. Экономика природопользования и охрана окружающей среды. – Алматы: Экономика, 1999. - 334 с.

21. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. – Алматы: Экономика, 1998. - 475 с.

22. Мұқаұлы С., Үпiшев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. – Алматы: “Экономика”, 1999. - 268 б.

23. Родионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая география, – М.: 2003.

24. Починкова С.В. Цена на лес в условиях рынка. – М.: Лесная промышленность, 1992. - С. 43-49.

25. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М. Экономический механизм природопользования. – Алматы: Ғылым, 2000. - 276 с.

26. Байзаков С.Б. Зависимость выхода хвойной массы от полноты насаждений // Научно-производственная конференция по вопросам лесного хозяйства в Казахстане: Тезисы докладов. – Алма-Ата, 1967.

27. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика. – Алматы: НИЦ Ғылым, 2002. - 396 с.

28. Лазарев А.С. Лесные таксы. – М.: Лесное хозяйство, 1992. - С. 21-36.

29. Закон Республики Казахстан “Об охране окружающей среды” // Экокурьер, - 1997. - 20 августа - 16 сентября.

30. Ильев Л.И. Об оценке полезных функций леса // Лесное хозяйство. – М., 1981. - № 8. - С. 15-16.

31. Олдак П.Г. Сохранение окружающей среды и развитие экономических исследований. – Новосибирск: Наука, 1980. - 159 с.

32. Струмилин С.Г. О цене “даровых благ” природы // Вопросы экономики, 1967. - № 8. - С. 16-23.

33. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғат қорғау. – Алматы: Ана тiлi, 1992. -112 б.

34. Демина Т.А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды. – М.: Аспект пресс, 1995. - 143 c.

35. Мамбетқазиев Е., Сыбанбаев Қ. Табиғат қорғау. – Алматы: Қайнар, 1990. - 387 с.



36. Васильев П.В. Лес и древесина в будущем. – М.: Лесная промышленность, 1973. - 159 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет