1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері


Бөген, Бородулиха, Бөкебаев, Долон, Жаңасемей, Канонерка, Морозов, Жаңашүлбі, Семей



бет11/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#142331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бөген, Бородулиха, Бөкебаев, Долон, Жаңасемей, Канонерка, Морозов, Жаңашүлбі, Семей


207

ІІ. Морозов

Морозов

207

ІІІ. Жайлымалы

Ертіс өзені жағалауы Семей қарағайлы орманы

206

IV. Шыңғыстау

Жарма



Аймақтың орман жалдарындағы өрт қауіптілігі жоғарғы, өрт ең көп, жиі болатын аудан – Ертіс орман жалдары ауданы.

01.07.2003 ж. орман қорын есепке алу мәліметі бойынша өрт болған орман көлемі 114,3 мың га құрады.

Әуеғарыштық түсірулер мәліметі бойынша 1994-2002 жылдары резерваттың орман жалдарында 155,0 мың га жерде орман өрті болып өткен, оның ішінде орманды жер – 114,2 мың га, 29,4 мың га – орман дақылдары.


Кесте 13 – Жылдар бойынша орман өртінің таралу ауданы


Жылдар

Өрт көлемі, га

Бүлінген ағаштар саны, мың м3

Жалпы

Оның ішінде орман жамылғысы

1994

1764

1372

72,6

1995

260

103

3,8

1996

3303

1842

121,5

1997

109675

84032

8157,2

1998

2501

1521

96,7

1999

16471

11854

1026,5

2000

2747

2211

260,1

2001

14370

8648

769,6

2004

3919

2591

230,4

Барлығы

155010

114174

10738,4

Ертіс бойындағы орман жалдарында жиі болатын өрттің ең жоғарғы қауіптілігі әртүрлі факторларға байланысты, ең негізгісі ол климаттың құрғақшылығы. Ормандағы тез жанғыш материалдарға табиғатта болып тұратын желдің жылдамдығы, ауаның температурасы, ылғалдылығы және жауын-шашынның жиілігі әсер етеді. Осы метеорологиялық элементтер ауа райының өрт жиі болатын кезеңдеріне әсерін тигізеді.

Жаз кезіндегі құрғақшылық – бұл өрттің жиілігіне себеп туғызады. Жыл бойындағы ең құрғақшылық кезең – маусым, шілде, тамыз. Осы айларда жыл сайын 10 күндей аралықта ең төменгі ылғалдылық болады (30 %-дан төмен).

Бұл аралықта орман жалдарында өрттің болу жиілігі ең жоғарғы дәрежеге жетеді (51 %), содан кейін төмендейді. Өрттің болу жиілігі маусым-шілде айлары, оның себебі осы айларда найзағайдың болуынан. Құрғақшылық пен ылғалдылық ауадағы суық пен ыстықтың алмасуына байланысты. Соңғы 50 жыл аралығында болған орман өрттерін талдаудың көрсеткіштері бойынша олардың болу жиілігі мен көлемі әр кезде өсіп отырған. Сонымен қатар, бірн

еше жылдар бойы (1963, 1979, 1997, 2001) өрттен 70 % шығын болған.

Өрттің ең күрделілігі 1997 жылы Семейде (18428 га, оның ішінде – 8677 га көлемі орманды жер), Бөген (14204 га – 9912 га), Долонда (24791 га – 24255 га) болды, ал 2001 жылы, Бөген (8513 га – 2449 га), Бөкебаев (2524 га – 2490 га), Долон (4702 га – 2029 га) филиалдарында, 2003 жылдың бірінші жартысындағы ең үлкен өрттер Бөгенде – 4 рет (12239 га – 3617 га) және Канонерде 1 рет (5294 га – 4682 га) болды.

Л.Н. Грибановтың (1954, 1955, 1960, 1965), Л.С. Житневтің (1965) мәліметтері бойынша орман өрттерінің найзағайдың әсерінен, құрғақшылықтан бұл жылдары 50 % құраған. Өрт найзағайдан кейін 5-6 күндері өте жиі болып тұрады.

Өрттің болуына себеп болатын тағы бір жағдай, ол ауылшаруашылық жұмыстары (трактордан шығатын оттан және басқа да антропогендік жағдайлар) және жергілікті тұрғындардың орманда отты дұрыс қолданбауы.


3.2. Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорынына сипаттама

Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы комитетіне қарасты Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы өндірісінің құрамындағы Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорынының жалпы ауданы 325588 га, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде 6 Риддер қалалық әкімшілігінің және ауданы 176837 га Риддер қаласының аумағында орналасқан. Кәсіпорынның 148751 га аумағы Глубокое әкімшілік ауданының Лесхоз-Бор поселкасының жерінде орналасқан. Кәсіпорын аумағы негізінен Ақ және Қара Үбі өзендерінің алабында орналасқан.

Кәсіпорын аумағының және оның әртүрлі орман өсіру аудандары солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа созыла ораналасқан. Кәсіпорын аумағындағы орман өсіру аудандары жер бедері таулы болып келуімен ерекшеленеді. сипатталады.

Кәсіпорынның Ресей Федерациясымен шектесетін солтүстік-батыс бөлігінде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Көксу таулы қыраты орналасқан, ал кәсіпорын аймағының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Иванов таулы қыраты, кәсіпорын аумағының батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Үбі таулы қыраты созылып жатыр.

Осы аталған жоталар мен олардың сілемдері жер бедерінің сипатын анықтайды. Кәсіпорын аумағында биіктік көрсеткіші теңіз деңгейінен 660 м-ден (Риддер жалы) 2080 (Лямин Белок қ.) және 2775 (Вышевановский Белок қ.) метрге дейін өзгереді.

Климаттық көрсеткіштер Риддер қаласының қиыр шығысында орналасқан Риддер метеостанциясынан беріледі. Жалпы кәсіпорын аумағындағы климат қысқа мерзімді вегетациялық кезеңнің өзінде өсімдік әлемінің қалыптасуына жағымды әсер етеді.

Кесте 14 - Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорынының климаттық көрсеткіштері




Көрсеткіштің аты

Мәні

Күні

1

Ауа температурасы, градус:

орташа жылдық

абсолюттік жоғарғы

абсолюттік төменгі


+1,5


+41,5

–46,7


VII


XII

2

Жылдық жауын-шашын мөлшері, мм

650




3

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, күн

120




4

Көктемдегі соңғы үсік




30.05

5

Күздегі соңғы үсік




07.09

6

Өзендердің қатуының соңғы көрсеткіші







7

Су басудың орташа көрсеткіші







8

Қар жамылғысы:

қалыңдығы, см

алғашқы түсу уақыты

орманға түсу уақыты


100-150


20.09


20.04

9

Топырақтың қату тереңдігі, см

500-100




10

Басым желдердің маусым бойынша бағыты, румб:

қыс


көктем

жаз


күз

3,В


3,В

3,В


3,В




11

Басым желдердің маусым бойынша орташа жылдамдықтары, м/сек

қыс


көктем

жаз


күз

3,5-4,5


3,5-4,5

3,5-4,5


3,5-4,5




12

Ауаның орташа ылғалдылығы, %

65,6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет