Әдістемелік нұсқау:
«Экологиялық мәселелер және химия ғылымының рөлі» тарауын алдын-ала оқулықтан, дәріс жазбалары, әдістемелік нұсқаулардан оқып, біліп алыңыздар. Алған білімді бекіту ауызша және жазбаша жауап беру арқылы жүзеге асырылады: ғаламдық экологиялық проблемалар, аймақтық экологиялық проблемалар, жергілікті экологиялық проблемалар, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау кілт терминдеріне толық сипаттама беріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық химия нені зерттейді?
2. Түсініктерді түсіндіріңіз: ғаламдық экологиялық проблемалар, аймақтық экологиялық проблемалар, жергілікті экологиялық проблемалар, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау.
3. Экологиялық химия және химиялық экология? Ғылымдар өзара қалай байланысты?
4. Әр түрлі масштабтағы заманауи экологиялық мәселелерді сипаттайтын диаграмма жасаңыз:
5. Кесте форматында экологиялық проблеманы құрыңыз:
Экологиялық проблема
|
Сипаты
|
Аспектілері
|
Ластаушылар сипаттамасы
|
Түсу көздері
|
Химиялық айналымдар
|
|
|
|
|
|
Әдебиеттер:
1. Экологическая химия/ Под ред. Ф.Корте. – М.: Мир, 1996. – 400 с.
2. Периодтық әдебиет.
3. Интернет-ресурстар.
Дәріс № 2 Тақырыбы «Экологиялық өзара әрекеттесудің химиялық негіздері. Ортаның экологиялық факторлары. Химиялық экореттеушілер»
Ағзаның қоршаған ортасы – бұл табиғи денелер және құбылыстар, олармен ағза тікелей немесе жанама қатынастарда болады.
Ағзаға тікелей немесе жанама әсерге қабілетті орта жағдайлары экологиялық факторлар болып табылады.
Қарапайым классификация бойынша орта экофакторлары 2 категорияға бөлінеді:
абиотикалық факторлар (өлі табиғат факторлары)
биотикалық факторлар (тірі табиғат факторлары).
Достарыңызбен бөлісу: |