«Орныңды тап»
«Жаһандану білім беру жүйесіне оң ықпал етеді» деген пікір ұсынылады. Оқушылардың «келістім», «келіспедім» немесе «қалыс қалдым» деген топтарда орын алуға ұсыныс жасалады. Орын алу үшін уақыт беріледі, ал содан соң оқушылар өз ойын дәлелдеп айтуы тиіс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін, өзгенің пікіріне талдау жасау қабілетін дамытады.
Дискуссия. Оқушыларға «Сөз арқылы аудиторияға қалай әсер етуге болады?» деген тақырыпта дискуссия жүргізу ұсынылады.
Жүргізуші оқушы дискуссия тақырыбын баяндайды, негізгі қатысушыларды шақырады, дискуссия өткізілуінің шартын айтады (сөз сөйлеу ұзақтығын және т.б.)
Жүргізуші дискуссияның қатысушыларын келесідей орналастыруы керек, негізгі әрекет етуші тұлғалар отыратын үстелдің айналасына «көрермендерді» отырғызады (яғни «көрермендер» үстелдері «П» әрпі бойынша қойылуы керек).
Алдымен негізгі қатысушылар баяндама жасайды және осы баяндаманың ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс. Содан кейін жүргізуші қалған қатысушыларды талқылауға қатысуға шақырады. Керек жағдайда жүргізуші қатысушыларға күн тәртібі жөнінде, регламент және айтыс уақытындағы этикалық нормаларды сақтау жөнінде айтады.
Дискуссия аяқталуы кезінде жүргізуші негізгі қатысушылардың сөз сөйлеуінің қысқаша талдауын береді, нәтижеcін шығарады.
«Бір бірін оқыту»
Әр оқушыға датамен, фактілермен, ұғыммен қандай да бір ақпарат беріледі. Біз «Педагогика» сабағында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің «Сыныптық-сабақтық жүйесі» тақырыбын таңдадық. Оқушылар осы ақпаратпен танысуды бастайды. Осыдан кейін білім алушы өз карточкасын әр студентке береді және де басқа оқушылардың ақпаратын тыңдайды, яғни бір бірін оқытады. Бұл жұмыстан кейін педагог оқушыларға кім ақпаратты көп еске сақтағаны туралы баяндайды.
«Миға шабуыл». Талқылау үшін «Мұғалім, оның қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбы таңдалды. Оқушылар өз ойларын айтады. Айтылған ойлар бағаланбайды және мінге салынбайды. Осы жұмыс сапасына емес, санына қарай бағытталған. Ойдың көп болғаны жақсы. Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар да қабылданды. Барлық ойлар кілттік сөздер немесе фразалар белгілеп алу арқылы жазылады. Сосын талдау жүргізілді және оның арқасында аса құнды ойлар таңдап алынды. Кез-келген ойды дамытуға және кеңейтуге тырысуға болады.
«Робин раунды» Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушыларға «Педагогикалық менеджмент» тақырыбы бойынша тапсырма беріледі. Әр топ тапсырманы талқылайды. Барлық ой біткенше әр топ өз ойларын бірнен-соң бірі баяндайды.
Содан соң студенттер жаңа тапсырма алады және ой тізімін құрайды. Барлық топтар және барлық студенттер сұралғанша әр білім алушы өз кезегі келгенде тізімнен бір ойды ұсынады.
«Қар кесек». Оқушылар кезек бойынша даталарды атайды. (ҚР «Білім туралы» Заңының қабылданған жылы, Болон декларациясына қол қойылған жыл, А.С.Макаренконың туған жылы, ҚР тәуелсіздік алған жылы т.б.) Әр келесі білім алушы алғашқы білім алушы айтқан датаны қайталайды. Содан кейін өз сөзін айтады. Соңғысы барлық алғашқы даталарды атау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |