1 орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет4/16
Дата14.11.2022
өлшемі4.64 Mb.
#464817
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Информ

«Тіреуші сигналдар». Оқушылар мәтін оқиды, оны түсінуге тырысады, конспектілейді. Конспектілерде сөздер немесе сөйлемдер болмау керек, тек қана суреттер немесе символдар болуы керек. Содан соң әр білім алушы өз конспектісін көрсетеді. Жұмыс бағаланып ең үйлесімдісі таңдалады.
«Айнала бойынша мазмұн айту». Педагог мәтін оқуды ұсынады (қоңырау). Оқушылар айнала отырады.

  1. Ортада тұрған жүргізуші көзін жауып орнында айналады да, кез-келген ойыншыны таңдайды. Содан кейін сол ойыншы мәтін мазмұнын айта бастайды. Ары қарай сағат тілінің жүру бағыты бойынша әр қайсысы мәтін бойынша бір фраза айтады. Сөйтіп аяғына дейін жалғасады.

  2. Қайтадан оқу. Жауаптарда кеткен қателерді жөндеу, толықтыру, мазмұнын қайта айту. Қайталау (сағат тілінің жүру бағыты бойынша). Ең белсенді білім алушы ны анықтау. Женімпазды құттықтау.

«Мені түсін». Оқушылар оқулық бөлімін оқиды да, дәптерді кілттік сөздерді жазып алады (қоңырау). Педагог Оқушыларға кітаптарды жауып, бір бет қағаз бен қарындаш алып, мәтіннің негізі мазмұнынбілдіретін он сөзді жазуды ұсынады. Содан кейін педагог беттерді жинап алып, өзіннің (алдын ала дайындап қойған) кілттік сөздерімен салыстырады. Сөздері түпнұсқамен көбірек сәйкес келгені жеңеді.
«Тұлғаны тану». Педагог оқушыларға көрнекті адамдар портреттері бар беттерді таратады. Оқушылар топта (5-6 адам) осы тұлғаның фамилиясын, тарихтағы рөлін, қызмет ету уақытын, оның атымен байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды еске алуы керек. Талқылау -5 минут. Қорғау - 1 адам. Сонымен қатар анықтаушы экспериментте берілген Штур әдістемесі негізінде сұрақтар пеагогика ғылым саласында даярланып, оқушыларға тапсырма ретінде ұсынылды. Бұл әдістер студенттердің интеллектік белсенділігін дамытуға айтарлықтай үлесін тигізді деп толық қорытынды жасай аламыз. Төменде студенттердің интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Эксперимент тобы диаграмма түрінде ұсынылады.





25% - төмен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет