Олимпиада
Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер, кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі юолғанда көп пайда келтіреді. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ындаландырмасы. Олимпиада – оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканын базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі – сабақты олимпиада түрінде өткізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін білу керек. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі мұғалімнің жетістіктерінің белгісі.
Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: мектепішілік, аудандық, қалалық, т.с.с..
Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың білім сапаларын анықтауға мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт береді. Бірақ олимпиадалар оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып табылмайтындығына, сондықтан тереңдетіп дайындаудың негізгі түрі бола алмайтындығына назар аудару керек.
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірімен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс-әрекетке ұмтылысты туындатады.
Үйірме – сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп, олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделендіреді, бірақ, үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дарландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алады. Ең бастысы – үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.
Үйірме - сыныптан тыс жұмыстардың ең көп тараған түрінің бірі. ЕТ кабинеттерінің бар болуы үйірме жұмысын ұйымдастырудың негізгі шарттары. Өйткені, үйірме жұмысын ұйымдастырушы компьютерлер болу керек. Үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істегендей қызықты ойын ретінде өткізуге болады. Үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау кезегін есте сақтау керек. Информатика мұғалімінің арқасында үйірме программасын дайындау оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды, программалық қамтуды дайындау жатады.
Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.
Үйірмені жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, нақты бір тақырып бойынша есептер мен жаттығулар іріктеуді, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |