1 орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері


«Ой генерациясы» («не?», «қайда?», «қашан?»)



бет3/16
Дата14.11.2022
өлшемі4.64 Mb.
#464817
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Информ

«Ой генерациясы» («не?», «қайда?», «қашан?»)
Педагог тақырып бойынша проблемді сұрақтарды алдын ала дайындайды.

  1. Педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары /категориялары/. Педагогика ғылымының салалары.

  2. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.

  3. Жеке адамды қалыптастырушы, дамытушы факторлар. Тәрбие - тұлғаның қалыптасуы мен дамуының жетекші факторы.

  4. Тұлғаны әлеуметтендіру туралы түсінік. Тұлғаны әлеуметтендірудегі тәрбиенің ролі.

  5. Педагогикалық процесс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процестің компоненттеріне сипаттама.

  6. Педагогикалық процестің функциялары.

  7. Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы күштері.

  8. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторларға сипаттама.

  9. Педагогикалық процестің заңдылықтары және оған сипаттама.

  10. Тәрбие әдістері туралы түсінік.Тәрбие әдістерін таңдау.

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр команда екі-үш сұрақ алады, сұрақтың екеуі негіз қалаушы, ал біреуі – проблемді болады. Команда спикері ойының әр қатысушысының жұмысын белгілеп отырады. Кез-келген команда ойыншысы басқа топқа арналған проблемді сұрақтың шешімімен баяндама жасай алады. Дайын болған кезде командалар баяндама жасайды. Жүргізуші жауаптардың тақтаға жазады, әр команда жауабын кесте арқылы бағалайды. Команда ішінде проблемді сұрақты талқылау үшін бес минут беріледі. Команданың жауабы үшін берілетін уақыт та шектеулі болуы тиіс.
«Бейнелі ақыл ес» . Педагог пен жүргізушінің қазылар болуына мүмкіндігі бар. Оқушыларға педагогикалық жағдаяттар беріледі. Оқушылар топтарға бөлінеді. Педагог жағдаятты қойылым ретінде бейнелеуді үсынады. Жағдаят жөнінде жазбалары бар қағаз беттерін қолдануға болады және қолдарынан ұстап жағдаяттарды байланыстыруға рұқсат беріледі. Өз версиясын алдымен бір топ, содан кейін келесісі бейнелейді. Кез-келген реквизитті қолдану арқылы қойылымды құруға бес минут беріледі. Әр топтың тапқырлығы және білімі бағаланады.
Жағдаяттардың кейбір үлгілері төмендегіше.
1 Жағдаят. Сабақ басталып, оқушылар тынышталғанда, сыныптағы оқушы қатты күлді. Сіз оған қарап үлгергенше, ол: «Мен сізге қарасам, күлкім келеді, сіз сабақ бастағанда мен күле беремін». – деді. Сіз оған не деп жауап бересіз? Төмендегілердің біреуін таңдаңыз.
1. «Мәссаған!»
2. «Неге күлкілі?»
3. «Мейлі күле бер!»
4. «Жындымысың?»
5. «Маған көңілді адамдар ұнайды».
6. «Жақсы көңіл күйге кінәлі екеніме қуаныштымын».
2. Жағдаят. Сабақ басында немесе сабақ соңында сізге оқушы: «Сіз мұғалім ретінде бізге бір нәрсеге үйретеді деп ойламаймын» - деді. Сіздің жауабыңыз:
1. «Маған ақыл айтпай, сабағыңды оқы».
2. «Сен сияқтыларға әрине мен еш нәрсе үйретпеймін».
3. «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысарсың?»
4. «Сен сабақты оқығың келмейді».
5. «Сен неге олай ойлайсың?».
6. «Екеуміз сөйлесейік. Мүмкін менің мінез-құлқымда сені осындай ойға әкелген жақтары бар шығар?».
73. Жағдаят. Ұстаз оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны жасағым келмейді» - дейді. Ұстаздың жауабы қандай болады.
1. «Жасағың келмесе - жасатамын!»
2. «Сабаққа неге келдің?»
3. «Өзіңе қастандық жасап отырсың, топас болып қала бер. Сенің тәртібің өзінің мұрнын кескен адамға ұқсайды».
4. «Мұның немен бітетінін білесің бе?»
5. «Неге екенін түсіндірші?»
6. «Екеуміз ақылдасайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет