17. Что такое соцветия и каково их биологическое значение?
Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады . Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас), себет гүлшоғырлары жатады
Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен). Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыр гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады.
Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, жөке, қырмызыгүл және т. б. гүлдердің шипалық қасиеті болғандықтан, оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады. Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады. Жөке, қарамық гүлдерінің шірнелері балдың дәмін кіргізеді, хош иіс береді. Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.
1. Охарактеризуйте флору и фауну Бузачинского района.
Бозащы — Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек.
Аумағы 20 мың км². Абсолютiк биіктігі 29 м. Жер бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңістеніп, шығыста Өліқолтық пен Қайдақ сорларына ұласады.
Климаты континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурарасы –7С, шілдеде 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 200 — 250 мм. Жылына 40 күндей дауылды жел (жылд. 15 м/с-тен астам) болып тұрады. Теңіз жағалауында сораң топырақ, қалған жерінде сұр және сортаң топырақ қалыптасқан.
Өсімдіктерден бұйырғын, жусан, т.б. өседі. Құмды жерлерде тұщы құдықтар кездеседі.
Түбек жері мал жайылымына пайдаланылады. Қаламқас, Қаражанбас, Бозащы мұнай-газ кендерін игеруге байланысты автомобиль жолдары салынған, мұнай құбырлары тартылған.
Бозащы артезиан алабы – Бозащы түбегіндегі арынды жер асты суы қалыптасқан аймақ. Бозащы артезиан алабының тұщы және тұзы аздау артезиан, грунт сулары елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, ішінара егістікке пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |