1. Өсімдіктердің ерекшелігі қандай – Назовите отличительные особенности растений Өсімдіктерге тән ортақ белгілер



бет15/17
Дата30.09.2022
өлшемі325.3 Kb.
#461672
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Маңғыстау флорасы

Батыс Қаратау жотасы – Маңғыстау тау сілемдерінің бірі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-дей. Пермь, триас кезеңдерінің метаморфтанған құмтасты, тақтатасты, конгломератты жыныстарынан түзілген. Олар төрттік кезеңде жиналған делювийлі-пролювийлі саздақты шөгінділермен жабылған. Жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалысы нәтижесінде көтеріліп жаңғырған. Қойнауында мұнай, газ, темір, мыс, көмір кендері бар. Таудың ұшар бастары қырлы, беткейлері жыра, сай, шатқалдармен тілімденген. Құнарсыз сұр қоңыр топырағында жусан, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегінде тұщы бұлақтар бар.
Қаратау жотасы – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.

5. Флора и растения Название Северо-Казахстанская и Южно-Казахстанская области
Оңтүстік- Оның басым бөлігі – сұрғылт-қоңыр топырақты, жусанды-дәнді өсімдіктер жайыла өскен жазық дала. Мұндағы тамаша оазистерді бірнеше шақырымға созылған дала мен құмды шөлдер бөліп жатыр. Облыстың Оңтүстік-батыс бөлігі, Сырдарияның сол жағалауын бойлай Қызылқұмның шағыл құмдары мен Шардара даласы жатыр. Солтүстік бөлігі – Бетпақдала шөлі, қиыр оңтүстігінде – Мырзашөл, оны Тақырдала деп те атайды. Құмда сексеуіл өседі.
Тау етегіндегі аудандарда дала өсімдігі бітік өсетін сарғылт топырақ басым. Тау бөктерлерінде ағаш тәрізді арша, жабайы алма, өрік ағаштары өседі. Алуан түрлі өсімдіктер әлеміне биік тау аудандарында жайыла өскен шалғынды шөп қайталанбас рең береді. Оңтүстік Қазақстан облысының ұзына бойын Қазақстан мен бүкіл Орта Азияның ең ірі өзендерінің бірі – Сырдария өзені қиып өтеді, оған Қаратау жотасының Оңтүстік бөктерінен Құрықкелес, Арыс, Бөген өзендері келіп құйылады. Шу өзенінің арнасын бойлай ағаштардың, бұталар мен шөптердің жүздеген түрлері өседі, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Солтүстіктен келетін Шу өзені Мойынқұм құмдарында көзден ғайып болады. Сырдария мен Шу өзендерінің аңғарларын құрақ пен тоғай алып жатыр. Облыс аумағында Ақтайқын, Ақтар, Қалдыкөл сияқты таяз, негізінен, тұзды болып келетін өзендер көп тараған. Сырдария өзеніндегі жасанды Шардара, Бөген өзеніндегі Бөген, Бадам өзеніндегі Бадам және Арыс өзеніндегі Қайыңды су қоймалары өңірді. әсем табиғатын одан әрі сұлуландыра түседі. Құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, кең жайлаулар бұл өңірде ауыл шаруашылығының түрлі салаларын, ең алдымен суармалы егіншілік пен жайылымдық қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Мақта, күріш егістіктері, сондай-ақ бау-бақшалар мен жүзімдіктер де мол өнім беретіндігімен ерекшеленеді.
Солтүстік Қазақ жазығы орманды дала мен дала зоналарына кіреді. Топырақ жамылғысы оңтүстік кара топырақ пен лесс тәріздес саздың үстіне түзілген күңгірт қызыл-қоңыр топырақтан, бозды, бетегелі шөптесін өсімдіктерден тұрады. Қарабас пен қылтықсыз арпабас, ашық жасыл шатыр гүлді сәбізшөп жәнө басқа гүлдер өседі. Өзен аңғарларындағы аллювийлі cop мен сортаң топырақта cop шөп, ылғалды шөптесін аралас қалың қамыс кездеседі. Орманды жерлер Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Онда ауданы кішілеу, далалық орман типі басым. Қайың мен көктерек шоқ-шоқ боп өсіп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет